ISSN 2223-2389
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Абай институтының
ХАБАРШЫСЫ
Алматы №3 (9) 2011
Ғылыми-ақпараттық,
Әдеби журнал 2010 жылдан
бері екі айда бір шығады.
ҚР Мәдениет және ақпарат
министрлігі Ақпарат және мұрағат
комитетінде тіркеліп (24.12.2009),
№ 10586-Ж куәлігі берілген
(ЮНЕСКО,Франция,Париж қ.)
сериялық басылымдарды
тіркейтін ISSN Халықаралық
орталығында тіркелген және
халықаралық номер берілген
Бас редактор
Дәдебаев Ж.Д.
Редакциялық кеңес
Әбдезұлы Қ., Абдуалиев А.,
Аманшаев Е.А., Әбдиманұлы Ө.,
Әмірбеков Ш.А., Ғайыпов З.С.
Мырзахметов М., Акматалиев Ж.А.,
Бисенбаев П.Қ. (ғылыми редактор),
Есембеков Т., Есім Ғ., Шәріп А. Ж.,
Жақсылықов А.Ж., Омаров Б.Ж.,
Кәкішев Т.К., Қамзабекұлы Д.,
Момынова Б., Мадиева Г.Б.
Редакциялық алқа
Тарақ Ә.С., Мұсалы Л.Ж.,
Ахмедьяров Қ.К., Кәрібаев Б.Б.,
Әбдікова Қ.Т., Адаева Е.С.,
Сағындық Н., Мамбетов Ж.,
Медеубек С., Таева Р.М.
Жауапты хатшы
Дәуітова Г.Р.
Құрылтайшы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шығарушы
Абай институты
Редакция мен шығарушының
мекен-жайы
Алматы, әл-Фараби даңғылы,71.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Абай ғылыми-зерттеу институты.
E.mail: Abai_instkaznu@mail.ru
ИБ № 5430
Басуға 28.06.2011 ж. жіберілді.
Пішімі 70х110 1/16. Тапсырыс № 726.
Көлемі 12,5 б.т. Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
«Қазақ университеті» баспасы.
050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.
«Қазақ университеті» баспаханасында басылды
Мақала авторларының пікірі редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
М А З М Ұ Н Ы
АБАЙТАНУ ТАРИХЫ
Т.Кәкішев.
Абайтану тарихының мәселелері.................................. .................. .3
АБАЙ АДАМ МЕН ЗАМАН ТУРАЛЫ
Ж.Дәдебаев.
Абай адам мен заман туралы...............................................................24
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕЗГІЛДІК
ЖӘНЕ МЕКЕНДІК ПАРАДИГМАСЫ
З.Бисенғали.
Абай және Әуезов.......................... ................................................... ...35
Ө.Әбдиманұлы.
Абай және алаш....................................................................................47
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӨРІСІ
М.Қожақанова.
Абай шығармаларының мәдениетаралық өрісі ............................. ...59
А.Көпбасарова.
Абай шығармаларының орыс тіліне аударылуы...............................69
АБАЙ ӨЛЕҢІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қ.Мәдібаева.
Абай өлеңінің құрылысы.....................................................................84
«Абай институтының хабаршысы»
журналына авторлардың мақала жариялау
ережелері...........................................................................................................98
Біздің авторлар
Дәдебаев Ж.Д. – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі, ҚР Ұлттық жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық Жоғары
мектеп ғылым академиясының, ҚР Білім академиясының, Халықаралық Айтматов
академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Абай ғылыми-
зерттеу институтының директоры
Кәкішев Т. – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының
ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың құрметті кафедра меңгерушісі.
Бисенғали З. – филология ғылымдарының докторы, профессор
Әбдиманұлы Ө. – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі.
Қожақанова М. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты.
Көпбасарова А. – филология ғылымдарының кандидаты, Абайтану институтының
қызметкері
Мәдібаева Қ. – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
профессоры.
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
3
АБАЙТАНУ ТАРИХЫ
Т.Кәкішев
АБАЙТАНУ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мәселелер. Абайтану ілімінің қалыптасу кезеңдері. Абай
шығармашылығының негізгі мәселелері. Абай көзқарасы және Абай заманы. Абай жаңашылдығы
және реализмі. Абайдың дүниетанымы. Абай ақындығы. Шығыс және Батыс әдебиетінің ықпалы.
Тірек сөздер: Абай, Абайтану, шығармашылық, жаңашылдық, реализм.
Т.Какишев
ПРОБЛЕМЫ ИСТОРИИ АБАЕВЕДЕНИЯ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Этапы становления абаеведения.
Основные проблемы творчества Абая. Мировоззрение Абая и современность. Новаторств и
реализм Абая. Поэтика Абая. Влияние восточной и западной литературы.
Ключевые слова: Абай, абаеведения, творчество, новизна.
T.Kakishev
PROBLEMS IN THE HISTORY OF ABAI
Abstract. The issues dealt in this article.
Stages formation of
science of Abai study. The main
problems in the works of Abai. Worldview and time of Abai. The novelty and realism of Abai. The
poetry of Abai. The influence of Eastern and Western literature.
Keywords: Abai, Abai study, creativity, originality.
Ә
деби мұраны игеру мәселесін әңгімелеген
уақытта оны тек ауыз әдебиеті үлгілерімен ғана
шектеп қоюға болмайды. Өйткені ол жалпы
әдеби мұраның мәнді бір саласы ғана. Біздің
ғылыми-сыншылық
ойымыздың
өркендеу
барысында жеке ақын-жазушылардың, тарихта
аты қалған дарындардың творчествосына назар
көп аударылды.
Әдеби мұраның екінші бір мәнді тармағы -
жеке дарындар творчествосы жөнінде айтылған
пікірлерді, әрбір ақын-жазушы жайындағы
еңбектер мен мақалаларды тізе берудің, кімнің
не айтқанын келтіре берудің ғылыми жөн-
жосығы болмайтынын ескеріп, сыни-ғылыми
ойдың эволюциясын Абай творчествосы төңі-
регінен көрсеткен абзал. Өйткені Абай -
қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін
қалаушы және идеялық-творчестволық мәнді
мәселелерді көтеруге, екінші жағынан, қазақтың
сыншылық ой-пікірін өсіруге, өскен өресін
танып-білуге жағдай жасайтын ұлы дарын.
Шын үлкен талант қана өрелі ойларды, сали-
қалы пікірлерді туғыза алатыны әдебиеттің
бұлжымас заңы.
Абайдың творчествосы жайында совет зама-
нында айтылған ой-пікірдің эволюциясын сын
жанрының қалыптасуы тұрғысынан қарардан
бұрын осы мәселеге тікелей қатысы бар кейбір
еңбектерді айтып өткен жөн. 1945 жылы
Абайдың туғанына 100 жыл толуына бай-
ланысты көптеген еңбектер жазылды, солардың
ішінде Е. Ысмайыловтың «Абайды зерттеу
жайында» деген тақырыпта арнайы баяндамасы
тыңдалды. Осы мәнді еңбекте, яғни Абайтану
ілімінің қалыптасуы қарсаңында, Абай
творчествосы төңірегіндегі сыншылық, ой-
пікірлерді үш кезеңге: революцияға дейінгі
кезең, революциядан кейінгі алғашқы 10
жыл (1917-1933), Абайды ғылыми жолмен
зерттеудің басы (1934-1945) деп бөле
қарайды да, әрбір кезеңнің ерекшеліктерін
негізінен дұрыс көрсетеді. 1959 жылы М.
Сильченконың «Абай шығармаларының жа-
риялану және зерттелу жайы» деген
мақаласында 1945 жылдан бері жазылған
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
4
ғылыми зерттеу және сыни еңбектерге
шолу жасалған.
Абайтану ілімінің өркендеу барысы оны
арнайы зерттеу қажеттігін тудырды. 1964
жылы
Мекемтас
Мырзахметов
«Абай
Құнанбаевтың әдеби мұрасын зерттеу
туралы» кандидаттық диссертация жазып,
жалпы Абайтанудың қалыптасу процесін Е.
Ысмайылов белгілеген кезеңдер негізінде
едәуір тереңдете зерттеді.
Диссертацияның екінші тарауы Абай
жайында 1918-1940 жылдар арасында жа-
зылған сын, ғылыми еңбектерге арналып,
бұл дәуірді іштей үш кезеңге бөліп қа-
райды. Автордың сыншылық, ғылымдық
ой-пікірлер эволюциясын жинақтай баяндау
талабын құптағанмен, Абай творчествосы
жөнінде жазылғандарды 1918-1925, 1927-
1936, 1936-1940 жылдарға бөле қараудың
ғылыми дәлелі жеткіліксіз екені және
едәуір мәнді еңбектер мен сыншылық
ойлар
ілтипатқа
алынбай
қалғаны
байқалады.
Совет дәуірінде Абайтану ілімі негізінің
қалануын, қазақ әдебиеттануының жеке
отау болу процесін басқаша кезеңдеу
қажет. Бұл арада 1918-1940 жылдарды үш
кезеңге
бөлудің
ғылыми
дәлелдемесі
жетіспей жатса, Е. Ысмайыловтың 1934-
1945 жыл-дарды: «Абайды ғылыми жолмен
зерттеудің басы», - деп көрсетуінің
негізінен дұрыс-тығын мойындай отырып,
осы кезеңнің өзін басқаша атау керектігін
айтпасқа бол-майды. Біздіңше, 1917-1945
жылдарды Абайтанудың үлкен бір дәуірі
деп қарап, оны іштей екі кезеңге бөлген
жөн сияқты.
Әдеби мұраны игерудің барысы тұрғы-
сынан да, сонымен қатар, сыншылық ой-
пікірдің эволюциясы тұрғысынан да бірінші
кезеңді 1917-1933 жыл аралығымен белгі-
леген дұрыс, өйткені осы кезеңде Абай
творчествосын тану-танымау мәселесі ай-
қын шешілді. Абай шығармаларының 1933
жылғы жинағы алғашқы кезеңнің қоры-
тындысы болды. Демек, Абай шығар-
малары айтыс-тартыс, «ішке тарту, сыртқа
тебу» дәуірінен өтіп, халық кітапханасынан
орын алды. Алайда Абай творчествосының
шын мәні, тарихи орны әлі анықталмай,
келешек кезеңнің ауқымына ауысты.
1934 жылы Абайдың қайтыс болуына 30
жыл толуын атап өту жөнінде Қазақ АССР-
ның Орталық Атқару Комитетінің указы
шыққаны, 1945 жылы ұлы ақынның ту-
ғанына 100 жыл толуының ұлттық көркем
сөз мерекесі ретінде тойлануы тек әлеу-
меттік тұрғыдан ғана емес, ғылыми эсте-
тикалық тұрғыдан мәні зор. Бұл кезеңді
шартты түрде Абайтану ілімінің дайындық
дәуірі деп атаса да болғандай. Өйткені
Абай творчествосының мәні мен маңызына,
эстетикалық, қуат-қауқарына, саяси-әлеу-
меттік және қоғамдық көзқарасының қыры
мен сырына жан-жақты барлау жасалды.
Ал, бұдан кейін жазылған күрделі де мәнді
еңбектер Абайтану ілімінің қалыптасу дә-
уірін айқындайды.
Қазақ
әдебиеттану
ғылымында
өз
алдына отау тіккен Абайтану ілімінің қа-
лыптасу жолдарын осындай үш үлкен
дәуірге жіктеп қарау тарихи шындықтарды
мол қамтуға және әдеби-ғылыми ойы-
мыздың
өсу
кезеңдерін
айқынырақ
байқауға мүмкіндік береді.
Абайдың творчестволық тұлғасын – қа-
зақ халқының ұлы ақыны, ойшылы деп тану
дәуірі (1917-1945), сөз жоқ, Октябрь
революциясына дейінгі кезеңнен түбірлі
айырмашылығы бар. Революцияға дейінгі
кезеңде Абай даңқының жайылу, елге
танымал болу, қанат қомдап келе жатқан
сынға арқау болу жайы көбірек әңгіме
болса, енді ол сәбиліктен өтіп, ғылыми
өңірге қол соза бастадық.
Абайды тану-танымау мәселесі әлеу-
меттік талқыға түскен дәуірдің өзін іштей
бірнеше өзек-салаға бөлуге болғандай.
Бірінші өзек - Абай мұрасын жинау, жария-
лау. 1909 жылғы жинақпен шектеліп қал-
май, қазақ зиялылары Абайдың шығар-
маларын, Абай өміріне қатысы бар дерек-
терді жинау мәселесіне айрықша назар ау-
дарды. Бұл процесс 1933 жылғы жинақтан
кейін де толастай қойған жоқ.
«Сана», «Таң», «Әдебиет майданы»
журналдары мен «Ақ жол», «Қазақ тілі»
газеттерінде Абайдың бұрын баспа-сөз бе-
тін көрмеген өлеңдері басылып, қалың
оқушы қауымға ұсынылуы бір болса, екінші
жағынан, Абай шығармаларының жинақ-
тарын шығару процесі де жүріп жатты.
1917 жылы Самат Нұржанов «Абай
термесі» деген жинақ шығарғанымен, Абай
шығармаларын жариялау мәселесі 1921
жылдан бастап қана жүйелі арнаға түсе
бастады. Абай жинағын шығару жөніндегі
ұсыныстарда дәйектілік жетіспеген соң,
1909 жылғы кітапты қайтадан жариялау
қажет деп табылып, оған алғысөз жазу
міндеті Нәзір Төреқұловқа тапсырылды.
Түркістан республикасының халық ағарту
комиссариаты жанындағы Қазақ ғылым комис-
сиясы 1922 жылғы 15 февральдағы қаулысында
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
5
Абайдың өмірбаянын жазып, шығармаларына
сын берген уақытта қазақтың жазба әдебиетінің
атасы екендігін дәлелдей айтуға назар аудару
қажеттігін ескертті.
Комиссияның 10 сентябрьдегі мәжілісінде
Әбубәкір Диваев Абайдың қолжазбасы Н.Төре-
құловтың қолында жатқанын, алғы сөзі әлі
жазылмағанын өкіне хабарлап, осы басы-
лымның мән-жайына қысқаша түсіндірме беру
керек деп ұсыныс жасады. Осындай ыждағатпен
1921 жылы Қазанда, 1923 жылы Ташкентте
Абай өлеңдерінің жинақтары шықты.
Қазақстан Оқу комиссариаты 1925 жылы
Абай шығармаларының толық жинағын баспаға
дайындауды Мұхтар Әуезовке тапсырды. 1927
жылы жинақтың алғашқы варианты жасалып,
Оқу комиссариатының ғылым және методика
советінің талқылауына ұсынылды. Оны екі
күнде оқып, пікір айту Сайдалинге, ал, ол
үлгере алмаймын десе, Майлинге тапсыру
қажеттігі ескерілді. Советтің 29 августағы мәжі-
лісінде Сайдалиннің рецензиясы талқыға түсіп,
жинақты баспаға тапсыру жөнінде ұсыныс
қабылданды. Рецензияда айтылған ескерт-
пелерді тиянақтап қарау, жөндеу М. Әуезовке
тапсырылды. Ертеден-ақ қолға алынған игілікті
істің нақты шешімін тапқаны - 1933 жыл.
Жинаққа үлкен кіріспе жазған - Ілияс
Жансүгіров.
Осыдан кейін Абай өлеңдерінің жинағы
үнемі басылып тұрды. 1939-1940 жылдары Абай
шығармаларының толық жинағы екі том болып
жарияланды. Тап осындай жағдай Сұлтан-
махмұт Торайғыров шығармаларының жинағын
жариялау кезінде де болды.
Демек, тарихқа аты белгілі ұлы дарын-
дардың жинағын шығару ісінің талай қиын-
дықтар мен уақыт талқысына түсуінің өзін
әшейінгі бір ұқыпсыздық деп қана қарауға
болмайды. Олардың шығармаларын жариялау-
жарияламау мәселелері тек творчестволық
жағынан ғана емес, саяси мәселелермен сабақ-
тасып жатты да, халыққа ұсынар мұраның мән-
маңызына айрықша назар аудартты.
Абайды мойындау-мойындамау процесінің
алғашқы белесі - оның шығармаларын жариялау
ісі осындай кезеңдік көңіл-ауанмен сабақтасып
жатса, Абай творчествосының негізгі мәсе-
лелерін саралау, эстетикалық арналарын, көз-
қарасын, дүние-танымын айқындау және ақын-
дық кемеңгерлігін тану асулы белес болғаны
тарихқа мәлім.
Екінші өзек-арна - Абай кімнің ақыны, оның
көзқарасы қандай деген проблема 20-жылдары
әшейінгі мәселе емес еді. Бұл өзекті проб-
леманы оңтайлы шешіп алуға бур-жуазияшыл
ұлтшылдардың қырсығы көп тиді. Октябрь
қарсаңында басталған айғай-шу, яғни Абайды
қайткен күнде ұлтшылдық әдебиеттің басы
етуге талаптану Совет өкіметі орнағаннан кейін
де толастамады. Абайдың дүниетанымын тұ-
мандата көрсету үшін оның ата-тегін, өзінің іс-
қылығын әдейі бұрмалай, дәріптей даурықты.
Осының бәрі совет әде-биетінің өкілдерін қатты
алаңдатты, кейде ашына жазуға мәжбүр етті.
Бұл мәселенің объективтік жағы болса, енді
кейбір дарындар өздерінің білім өресі, таным
деңгейінен қарап, кем сілтеп алғаны да жоқ
емес. Осы жайды анық көрсету үшін көптеген
ақын-жазушылардың ой-пікірін келтіріп жат-
пай-ақ, қазақ совет әдебиетінің негізін қа-
ласқан үлкен дарын Сәбит Мұқанов көзқара-
сының эволюциясын баяндаған абзал. Өйткені
оның ой-пікірлері сол кездегі сыншылық
көзқарастың өсіп-өркендеу жолдарынан анық
хабар бере алады.
1923 жылы «Қара тақтаға жазылып
жүрмеңдер, шешендер» деген мақаласында
кейбір ұлтшылдарды Абаймен салыстыр-
ғандарға қарсы шығып, өз ойын білдірді. Әде-
биет майданындағы айтыс-тартыстар күшейген
кезде Сәбит Мұқанов 1928 жылы «Әркім өзінше
ойлайды» деген мақаласында жоғарыдағы ойын
енді ашық тұжырымдады. «Пушкин де, Абай да
орыс пен қазақ, әдебиетін бастап жаратқандар
емес, түйінін түйіп қорытқандар. Қазақтың
әріден келе жатқан жақсылы-жаманды әдебиеті
болды, сол әдебиет те сарқылып келіп Абай
заманында бір қазық қағылды. Осының кезеңіне
Абай кез келген соң даяр таяқтың иесі, даяр
тоқпақтың ұрушысы, даяр қазықтың қағушысы
болды да жүре берді.
Абай - байшыл табының ақыны. Абай
өлеңдерінің жалпы сарыны екі түрге бөлінеді:
біреуі - ескішілдерді сөгіп, олардың надан-
дығына, бақ құмарлығына кею, екіншісі - елді
өнерге, оқуға шақырған. Бұл екеуі де жаңашыл
байшылдықтың өркендеуге бет алған кезінде
басталатын жұмыстар. Абай - қиялшыл. Оңдап
зерттеген кісіге байшылдың, ұлтшылдықтың
түп қазығы - Абай.
Абай кедейге көріне қарсы жазған жоқ.
Абай - жаңашыл. Осынысында дау жоқ. Өз
заманында пайдалы адам болды. Әлі де пайдасы
бар, онысында да дау жоқ. Бірақ ол өнерге
ұмтылған, қазақтың ақсүйектіктен жаңалыққа
ұмтылған жаңашыл байының тілегінен туған.
Абайды орынсыз көтеретіндер бар, ол
дұрыс емес» [«Жаңа әдебиет», №1-2, 1928],
- деген кезеңдік ойларда Абайдың ақын-
дығын тану, мойындау процесі ақынның
ата-тегінің құрбандығына шалынады.
30-жылдардың бас кезінен С. Мұқа-
новтың көзқарасында әдеби мұраны, әсіре-
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
6
се, Абайдың творчествосын тану мәселе-
сінде өзгеріс пайда бола бастады. Енді
мәселенің бәрін әрбір шығарманың туған
дәуіріне, әрбір дарынның өскен ортасына
бейімдей бермей, тарихи нақты бағалау
қажет екендігін ескерді.
«Блокшылдықтан демьяншылдыққа» де-
ген мақаласында осы жаңаша түсініктің
алғашқы қарлығаштары көріне бастады.
Мәселен, жалпы әдеби мұра жайында айт-
қанда: «пролетариат жазушылары өздерінен
бұрын өткен ақсүйек байлардың жазу-
шыларының табысымен толық пайдала-
нады. Олардан түр үйренеді, мазмұнды
өрбітудің әдісін үйренеді. Онда дау жоқ»
деп ой түйіп, Абай жайында тұжырым
жасады: «Қазақтың ұлт әдебиетіне күшті
негіз салған Абай Пушкин мен Лермон-
товтың
үлгісімен
жүрді».
Философия
жағынан Абайға толық әсер еткен адам -
Толстой [№2, 1931] екенін айту Абайдың
идеялық-эстетикалық арқауын анықтаудың
жемісті өңірін меңзейді. Әлі де зерттей түсу
қажеттігін аңғартады.
«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты
1932 жылы шыққан кітабында, Қазақстан
жазушыларының бірінші съезінде қазақ
поэзиясы туралы жасаған баяндамасында
(1934 жылы) бұрынғы тұжырымдардың
сарқыншақтары сыздықтап көрінгенін бай-
қаймыз. Осындай ой-пікір эволю-циялары
1937 жылы Сәбит Мұқановқа «Абай -
халық ақыны» деген мәнді мақаланы
жаздырды. Мұның жетілдірілген, ғылыми
жағынан
толыққан
және
Абай
жаңашылдығының сырын жарқырата ашқан
варианты Абай шығармаларының бірінші
томына 1939 жылы жазған алғы сөзі болды.
Сыншылдық ой-пікір эволюциясын ай-
қын таныту үшін Абай творчествосы
жайында жазылғандарға, эстетикалық проб-
лемаларға молырақ тоқталу қажет. Сонда
ғана бүгінгі Абайтанудың арғы бас-
тауларында талай пікір-тұжырымдар айты-
лып, бәрі жинала келе кең арналы ілімге
құйғанын, қазақ әдебиеттануының өнімді
бір саласы боп қалыптасқанын дәлелдей
аламыз.
Абай шығармаларын жинау, жариялау
және дүниетанымын бағдарлау процесте-
рімен қатар, Абайдың қазақ әдебиетіндегі
тарихи орнын анықтау мәселесі үзеңгі
қағыса сахнаға шықты. Бұл салада да
артық-кем пікірлер айтылғанмен, аздан
көпке, саяздан тереңге, жақыннан алысқа
көз салу тенденциясы байқалып жатты.
Абай - қазақтың жазба әдебиетінің не-
гізін қалаушы деген ең негізгі концепция
Октябрь
революциясына
дейін,
тіпті,
Абайдың көзі тірісінде де айтылған бола-
тын. Абай творчествосын идеялық жа-
ғынан мойындау-мойындамау мәселесі күн
тәртібіне қойылғанда, осы негізгі тұжырым
додаға түсіп, оның мән-мағынасын ашу
қажет болды. Абайтану ілімінің алғашқы
бастауында, яғни 1918-33 жылдар ішінде
идеялық тұрғыдан талай пікірлер айтыл-
ғанмен, ешкім де Абайдың ақындығына,
жаңашылдығына,
өнерпаз-дығына
шек
келтірген емес.
Совет заманында шыға бастаған газет-
журналдардың бетінде Абай аты аталмай
қалған кез аз. 1922 жылы 29 октябрьде
Самат Нұржанов Павлодардың «Красный
пахарь» газетінде: «Қазақ ақындарының
көш басында данышпан адам - Абай
(Ибраһим) Құнанбаев тұр. Ақындық талан-
ты мен ақыл-парасаты оны тамаша ақын-
дардың катарына қосып отыр. Қа-зақтар
оны айрықша қадірлейді, өз поэзиясын
тудырушы, философ, қазақ ақындарының
ұстазы санайды», - деп жазды.
Абай мұрасын жинау, оның твор-
чествосының
мәнін
түсіну
жайынан
болсын,
Абайдың
қазақ,
әдебиеті
тарихындағы орнын айкындауда болсын,
көп еңбек сіңірген Мұхтар Әуезовтің
алғашқы
пікір-леріне
айрықша
назар
аударған
жөн.
Өйткені
ол
Абай
ұлылығының сырын жыға түсініп, ғылыми
қомақты
пікір
айта
білді. «Қазақ
әдебиетінің
қазіргі
дәуірі»
деген
мақаласында: «Абай - қазақтағы суретті
сұлу сөздің атасы, терең сырлы, кең
мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ
өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп,
қалпын молайтқан Абай. Ол қазақтың
ішінен оқушы тапқан. Әдебиетке, өлең-
жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс
ұғымның бәрін жоғалтып, жұрттың ойын
тәрбиелеген.
Бұдан соңғы бір үлкен қызметі – қыр-
дағы қалың қазаққа мәдениеттің есігін
ашқан. Орыстың Пушкин, Лермонтов,
Крыловтарын қазаққа аударушы Абай.
Абай здоровый реализмнің ақыны, соның
негізін салушы» [«Шолпан», № 4—5, 1923],
- деп тауып, Абай творчествосының еңбір
айшықты сипаттарын айқындаған. Абайдың
жаңашылдығын және орыс әдебиетімен
байланысын дәл бағдарлау ол кезеңдегі
сыншылық ойдың бір үлкен көрінісі
болумен қатар, екінші жағынан, Абай твор-
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
Достарыңызбен бөлісу: |