практика, семинар, зертханадан сабақ беретін оқытушы
Назаров Есенжол Асылбекұлы, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы, 23-93-24,
2. Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер
курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы біліктілікті меңгеру тиіс: жалпы экология, химия, ботаника, физика, зоология, география.
постреквизиттер
Осы пән бойынша алынған білімді өндірістік экология, экофизиология, урбоэкология, токсикология, қоршаған ортаны қорғау негіздерін оқығанда қолдануға болады.
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Қоғам мен табиғат қарым-қатынастарындағы проблемаларға жан-жақты талдау жүргізу, толып жатқан экологиялық проблемалардан тек мемлекеттік саясат пен қоғамның іс-қимылдары парасаттылықпен қатар жүргізліп, әрбір мүшесінің экологиялық сана-сезімі жоғары деңгейге жеткенде ғана құтылуға болатындығына көз жеткізу
Міндеттері: Курстың міндеттері ҚР және басқа елдердің экологиялық білімдерінің концептуалдық негіздерін, экологиялық білімнің негізгі денгейлері мен бағыттарын, ҚР экологиялық білім концепцияларын іске асыруда пайдаланатын амал-құралдары мен бағыттарынан тұрады.