«Бекітемін» «Келісемін» Бірлестік отырысында қаралды


Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытудың әдіс- тәсілдері



бет4/21
Дата21.02.2023
өлшемі81,41 Kb.
#69808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
7-сынып КТП қазақ тілі 2022-23 төмен

Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытудың әдіс- тәсілдері.


Орта мерзімді жоспарда ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқу және ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған. Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс.

Тыңдалымға арналаған сабақ құрылымы:


  • Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

  • Тыңдалым тапсырмасы: әр түрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.

  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулер ітиіс. Сонымен қатар сұрақта ржауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады.

Оқылымға арналған сабақ құрылымы:


  • Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

  • Оқылым тапсырмасы: әр түрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

  • Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушыларды ңөмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет