«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»


Оқу курсының базалық мазмұны



бет2/4
Дата10.10.2023
өлшемі45,81 Kb.
#113484
1   2   3   4
Байланысты:
Зайырлы жоспар

Оқу курсының базалық мазмұны

«Зайырлылық және дінтану» юниті (9-сынып) білім алушылардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыруға, зайырлылық қағидатын құндылық ретінде түсінуге, діннің қоғам өміріндегі орнын, әлемдік діндердің, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге бағытталған.
3. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім алушыда:

  1. кең ауқымды дағдылар;

  2. әлеуметтік жауапкершілік;

  3. сыни, креативті және шығармашылық ойлау;

  4. өз білімі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік, басқаларға жанашырлық пен құрмет көрсету;

  5. салауатты өмір сүру дағдысы мен айналасындағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету;

  6. өмір бойы білім алу қажеттілігі;

  7. экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың идеологиялары мен тәжірибесінің ықпалына қарсы иммунитет қалыптасады.

Білім алушы

  1. тәжірибеде алған білімдерін;

  2. өзінің және басқаның жаңа идеяларын;

  3. сыни тұрғыдан бағалауды және ақпаратпен сенімді жұмыс істеуді;

  4. зерттеушілік, жобамен жұмыс жасау және волонтерлік жұмыс дағдыларын;

  5. тұрақты даму мүддесіндегі ашық, мейірімді қоғам құруға бағытталған білім мен дағдыларды қолданады.

Білім алушылар

  1. өзінің оқуын және жеке дамуын қолдау үшін күшті және әлсіз жақтарын;

  2. өзінің және басқалардың жақсы өмір сүруі үшін өмірдің түрлі аспектілерін;

  3. басқалармен ынтымақтастық қарым-қатынасын;

  4. мемлекеттік, саяси және діни бірлестіктер мен мәдениетаралық қатынастардың мәнін талдай алады.

Білім алушылар

  • өз мінез-құлқы мен мәдениетін, жеке тарихын, сондай-ақ құндылықтар мен әртүрлі көзқарастарды;

  • әр түрлі жағдайларда жауапты шешімдер қабылдауды сыни бағалайды.



Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» оқу пәні бойынша қосымшада берілген Үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
Пәннің оқыту мақсаты:

  1. білім алушыларды зайырлылық қағидатын құндылық, яғни мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

  2. діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;

3) оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.
Пәннің оқыту міндеттері:

  1. білім алушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру

  2. зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру;

  3. зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;

  4. діннің дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;

  5. оқушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;

  6. Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;

  7. экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;

  8. білім алушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;

9) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, осы тұрғыдағы білімін арттыруға, Қазақстан адамдары мен азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу;
Бағдарламада ұсынылған материалды игеру барысында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Өнер» сияқты пәндермен және «Абайтану» курсымен пәнаралық байланыс пен сабақтастықты орнату қарастырылған.
Оқу жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Ғарифолла Есім, Есбосын Смағұлов «Зайырлылық және дінтану негіздері «Білім» баспасы, 2016 жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет