күнделікті сабақта қолданбайтын құралдармен, электрондық дискілер бойынша қосымша эксперименттерді интерактивті тақтадан қарап анализ жасау;
өз беттерімен макет, модельдер құрастыру жұмыстарын жүргізу;
ғылыми жобада жасалған эксперименттерді үйірме мүшелеріне демонстрациялау;
химиядан қауіпсіздік ережелерін тереңірек қарастырып, жазатайым оқиғалар – мектептен тыс жағдайда да алғашқы көмек көрсете білу;
электрондық диск арқылы иинтерактивті тақтамен қауіпсіздік ережелерін қарап, анализдеу.
Топтық жұмыстар: Есептер шығару:
8,9,10 сыныптарды топтастырып дамыта оқыту технологиясы бойынша есептер шығару;
Эксперименттік есептерді бірлесіп шығару;
«Біліміңмен, іскерлігіңмен бөліс» рубрикасы бойынша қалалық, облыстық деңгейге жеткен оқушылардан жаңа үйірмеге мүше болғандар арасында жұмысты жандандыру.
Биохимия:
біздің айналамыздағы химияның кереметі;
тағам мен денсаулық рубрикасы бойынша болашақ дәрігер боламын деген оқушыларға тапсырмалар беру, зерттеу мақсатында.