Түсінік хат Білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір ұстаздың борышы. Ал болашағымыздың жарқын болуы мен өмірде оқушылардың теориялық алған білімдерін өмірде қолдана білуі мектеп қабырғасында жүргізген оқыту үдерісі мен тәрбиелеуге байланыстылығы сөзсіз. Сондықтан бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, заман талабына сай өмір сүруіне ықпал ету мұғалімнің міндеті. Әрбір мұғалім оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруды көздеп, пәнге деген қызығушылығын тудыру қажет.
Ұсынылып отырған бағдарлама 9-сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама 68 сағатқа есептелген, аптасына 2 сағаттан. «Химия есептерін шығару әдістері» таңдау курсында әртүрлі тақырыптарда есептер шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Бұл курста теориялық алған білімді практикада қолдану аясын кеңейтеді.Жалпы мектеп курсындағы қарапайым есептерден бастап күрделендірілген есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеріп, теориялық білімдерін толықтырады. Күрделі есептерді шығару түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, ғылыми жобаны қорғау барысында химия пәні бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жарыстарына арналған тестілік сұрақтардың түрлі деңгейлік тапсырмаларын орындауға, болашақта ҰБТ – дан таңдау пәні ретінде химия пәнін қаласа бірден –бір көмек екендігі аян. Осы курс материалдарын оқушы дұрыс меңгерсе, олар химия есептерін шығаруды дәл түсініп, оны берік меңгерсе басқа да күнбе-күнгі сабақтарда көмегін тигізеді.
Курстың мақсаты: Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үдерістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыра отырып, оқушының өздігінен білім мен білігін толықтыруға бағыттап, ғылыми көзқарасын дамыту.
Курстың міндеттері: 1.Оқушылардың пенге қызығушылығын арттыру мақсатында
танымдық белсенділікті арттыратын есептер, тәжірибелермен
таныстыру.
2. Оқушылардың өз бетімен белсенді жұмыс істеуіне баулу.
3. Сандық және сапалық есептер шығару арқылы теория мен
практиканың өз ара байланысын дәлелдеу.
4. Саралау әдісі арқылы оқушының жеке қабілетін дамыту, өз ара
салыстыру, себеп-салдар байланысын ашу, алған білімін дәлелді
жеткізе білу.
5. Тереңдетіп оқыту барысында кәсіптік бағдарлау мәселелерін шешу.
6.Оқушыларды болашақта бейіндік, бағдарлы оқытуға дайындық
жұмысын жетілдіру.
7. Есептер шығару арқылы жауапкершілікке, табандылыққа, жігерлікке,
еңбек сүйгіштікке баулу.
8. есеп шығару арқылы табиғаттың біртұтастығына көз жеткізу.
9.Оқушыларды дамыта оқытуда ізденімпаздық пен іскерлікті жетілдіру.
10.Есеп шығаруда пән аралық (математика, физика) байланысты
жетілдіру.