«бекітемін» «келісілді»


Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу



бет24/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу


      Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу


      Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.

Бұған қоса, еңбек қорғау жөніндегі нормативті актіге:

– Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандартты (ЕҚСЖ) Мемлекеттік стандарттар (ГОСТ)

– стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесінің; аймақтық стандарттар (ОСТ)

– министрлікпен орындаушы биліктің басқада орталық органдарының; қоғамдық стандарттар – қоғаммен келісілгендер кіреді;

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Бас санитарлық эпидемиялогиялық басқаруымен келісілген, санитарлық ереже-лер, нормалар, гигиеналар нормативтер эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар.

– Атқарушы биліктің орталық органымен келісілген және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі Еңбек қорғау департаментімен келісім бойынша бақылаушы органы және сәйкесті қадағалаумен аймақтық ұсынымдағы еңбек қорғау бойынша нұсқамалар мен ережелер. Көрсетілген нормативтік актілер ҚР 11.11.2004 №1182 үкіметтің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдарымен өңделеді және мақұлданады. Жоғарыда айтылған актілер негізінде Қазақстан Республикасының әрбір

субъектісі нақты өндірістік шарттарды ескере отырып, еңбек қорғау өндірістік санитария және гигиена бойынша ҚР 02.12.2004 жыл №278 п. Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің жарлығымен орнатылған ережелер бойынша ішкі фирмалық нұсқаунамалар жасалады. Қазақстан Республикасының интеграциясы әлемдік еңбек нарығына оны халықаралық ұйымдарға еңгізу қажеттілігін анықтады және еңбек қорғау жөніндегі сәйкестік құжаттарға қол қоюға тартты, сонымен: 13.06.96ж. №7-1 ҚР заңымен Еңбек туралы халықаралық ұйымның №155 конвенциясы (Женева, 3.06.1981ж.) қабылданды; ҚР президентінің жарлығымен 04.09.95 №2451 еңбек қорғау саласында

ынтымақтастық келісім қабылданды (Мәскеу, 9.12.1994ж); ҚР президентінің Жарлығымен 25.08.95 №2423 тергеу тәртібі жөнінде келісім қабылданды (Мәскеу 9.12.1994ж); ҚР жарлығымен 25.05.95 №2303 зиян тигізгені үшін бір біріне есемсін қайтару жөнінде келісім қабылданды;

26.06.96ж. №10-1 ҚР Заңы мен еңбек туралы халықаралық ұйымының №148 конвенциясы қабылданды. ҚР АК 27.12.94ж. №268- XII п.8 3 бап бойынша Ұлттық заңдылық алдында Халықаралық құжаттардың нормаларының басымдылығын ескерген жөн.

Еңбек Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтiк әрiптестiк пен еңбектi қорғау қатынастарын реттейтiн нормаларды енгiзуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тiкелей қолданылады. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мiндеттерi еңбек қатынастары тараптары мүдделерiнiң теңгерiмiне, экономикалық өсуге қол жеткiзуге, өндiрiс тиiмдiлiгi мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажеттi құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi:

1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу;

2) еңбек бостандығы;

3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу;

4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы;

6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;

7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;

8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;

9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен

мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету;

10) әлеуметтiк әрiптестiк;

11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу;

12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат:

1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге және қабылдауға;

2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге;

3) еңбек жағдайларын, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуын әзiрлеу және жақсарту, қауiпсiз техникалар мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндiру жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйелерiн құруға және

iске асыруға;

4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi жүзеге асыруға;

5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге;

6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды есепке алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеуге;

7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауға;

8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қызметкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн нормативтi түрде бекiтуге;

9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан және кәсiптiк аурулардан зардап шеккен қызметкерлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң заңды мүдделерiн қорғауға;

10) ауыр жұмыс және өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық деңгейiнде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыс үшiн еңбекақы төлеу шарттарын белгiлеуге;

11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбектi қорғау жөнiндегi отандық және шетелдiк озық жұмыс тәжiрибесiн таратуға;

12) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;

13) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бiртұтас ақпараттық жүйенiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;

14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.

2 дәріс. «Адам-машина-өндірістік орта» жүйесі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қауіптіліктер. Қауіптіліктер жіктелімі.

2 Өндірістік ортаның зиянды факторлары және олардың адамға әсері.

3. Жұмыстың ауырлық және зияндылық бойынша жіктелімі

4. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері

5. «Адам-машина-өндірістік орта» жүйесіндегі проблемалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет