Оқушылардың сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдері бойынша жұмыстар
Мектептің жаңа 2019-2020 оқу жылында алға қойылатын негізгі мақсаты мен міндеттері: «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбие берудің 2006-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны қазақстандық отаншылдыққа, толеранттылыққа, жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру;
Тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асыруда инновациялық тұрғыларды енгізу;
Сынып жетекшілерінің жеке оқушылармен, тәрбие деңгейі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстарын ерекше бақылауға алу;
Сынып жетекшілердің кәсіби біліктілігін арттырудағы жұмысты жетілдіру;
Қолайсыз отбасыларды жете анықтап , ата-аналар комитетімен бірлесе жұмыс жүргізу;
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақстаныда сыныптан тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын жандандыру;
Оқушыларды тәрбиелеу мәселелерінде педагог кадрлар мен ата-аналардың сауаттылығын артыру.
Мектептің 2019-2020оқу жылында тәрбие саласы бойынша алдына қойған мақсаты:
1.Оқушылардың үйлесімді дамуына жағдай туғызып, бейімділігі мен қабілетіне сәйкес
тереңдетіп, даралап оқыту арқылы ұлтжанды, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеп шығару. 2.Ұлттық сана - сезімі, мәдениет, парасаты, ар- ожданы мол, еңбекқор, бойына игі
қасиеттер қалыптастыратын азаматтар тәрбиелеу
3.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» ,«Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласын жүзеге асыру