Балаларды қорғау күніне арналған «Балақайлар шеруі» концертке қатысу
Асфальтқа сурет салу байқауын ұйымдастыру.
01.06
Отан туралы өлеңдерді жатқа айту челленджі өткізу.
Таза ауада ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру.
02.06
Маусым айы 2апта
Сурет салу: «Жайлаудағы төрт түлік», «Орман аңдары», «Менің сүйікті жануарым» және басқа тақырыптар бойынша (балалардың қалауы).
Құм және сумен тәжірибе.
Құрастыру «Аңдардың үйшігі».
5.06
Суда қағаздан жасалған кемелер сайысын ұйымдастыру.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаднама құрастыру ,орындау
Қимыл-қозғалыс ойындары: «Аңды ізіне қарап таны», «Бақшадағы қояндар», «Қағып ал да ата» (доппен)
6.06
«Біздің өлкенің ағаштары», «Балабақша ауласында қандай ағаштар өседі?», «Ағаштарды өрттен қорға!» тақырыптарында балалармен әңгімелесу.
Сурет, альбом, иллюстрацияларды қарату.
Орманға, саябаққа немесе балабақшаның табиғат бұрышына саяхат ұйымдастыру
Шығармашылық жұмысқа пайдаланылатын табиғи материалдарды жинату.
7.06
Ағаштарды бақылату, оларға күтім жасауды жетілдіру.
Ағаштар туралы әңгімелер, өлеңдер оқып беру, жұмбақтар шешуіне жағдай жасау.
Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жапырағы ?», «Тыңда да таны», «Қай ағаштың жемісі ?»
Ағаштардың суретін салу.
8.06
Күннің ысуын бақылату. Арнайы ыдыстарға суларды толтырып күн сәулесі түсетін жерге қою, түстен кейін серуенге шыққанда судың ысығанын бақылату.
Су әлемі туралы жұмбақтар шешуін ұйымдастыру, мультфильмдерден видеосюжеттер көрсету