Бекітемін: Мектеп директоры К. Абдимуталипов


Ән: 4 Ә сынып оқушылары «Бейбіт күн жасасын әлемде»



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі23,81 Kb.
#128704
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
9 МАМЫР сценарий 2023

Ән: 4 Ә сынып оқушылары «Бейбіт күн жасасын әлемде»

  • Ән: «Ақкөгершін» 3 Б сынып оқушылары



    Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
    Фанфары ойналады


    1 – жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздар, білімге құмар шәкірттер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі, 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі келіп жетті.
    Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке
    екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.


    2 – жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.


    1 – жүргізуші: Сіздерді өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқты халқымыздың шексіз қаһармандығымен мұқалмас қажыр-қайратының мерекесі – Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймыз. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты.


    2 – жүргізуші: Содан бері 78 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.


    1 – жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
    Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
    Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
    Қирады талай арман көңілге алған.

    Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.


    2 – жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
    Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
    Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
    Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
    Бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт,орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.
    (1 мин үнсіздік)

    1 – жүргізуші: Талай жанды қиды ажал балтасы.
    Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.
    Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз.
    Ел қорғаған батырлардың арқасы.


    2 – жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
    Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
    Аспан бетін қаптаған қара тұман,
    Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.


    7-мамыр Отан қорғаушылар, 9-мамыр Жеңіс күні мерекелерімен құттықтау сөз мектебіміздің директоры Абдимуталипов Қанат Абдимуталипұлына беріледі.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет