Ән: 4 в сынып оқушысы Марат Халиданың орындауында «Соғыс болмаса екен» әні,қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші: Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке - аға, інінің.
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған.
2 – жүргізуші:Ұлы Отан соғысы қарсаныңда Республикамызда 7 Мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ата-бабаларымыздың батырлық істеріне құрмет білдіру күні.Осығын орай Қазақстан Республикасының және де мектебіміздің БАТЫР, ЕРЖҮРЕК, НАМЫСТЫ ҚАЙСАР ер азаматтарын айтулы мерекелерімен құттықтай отырып сіздерге зор денсаулық ,мол бақыт, қажымас қайрат тілейміз.