1. Жалпы ережелер «Сабақты жоспарлау: мақсат қою, дамыту, рефлексия» Үздік қысқа мерзімді жоспар – 2023» педагогикалық байқауы (бұдан әрі - Байқау) облыстық іс-шараны өткізу Ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Бағдарлама идеяларын дамыту және тиімді оқытуды іске асыру мақсатында әзірленген.
- Байқау «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты базасында қашықтан оқу режимінде өткізіледі.
- Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің барлық пән мұғалімдері жұмыстарын жібере алады.
- Байқау жалпы орта білім беру саласында өз еңбегінің нәтижесін көрсетіп, кәсіби қауымдастық ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөлісе алатын белсенді және шығармашыл педагогтарға бағытталған.
2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері Мақсаты – Бағдарламаның түйінді идеяларын сындарлы оқыту үдерісіне енгізудегі үлгілі педагогикалық тәжірибелерін анықтау және насихаттау.
Міндеттері: - білім беру бағдарламасының озық идеяларын оқыту және оқу үдерісіне енгізу;
- оқыту әдістемесі мен критериалды бағалау техникасын жетілдіру.
Бөлімдері - жаратылыстану-математикалық,
- қоғамдық-гуманитарлық,
- бастауыш білім беру.
3. Байқауды өткізу мерзімі және кезеңдері Байқау 2023 жыл 24 наурыз күні қашықтан оқу режимінде өткізіледі.
Облыстық байқауға қатысу үшін үміткер өтінімі 2023 жылғы 15 наурызға дейін(қатысушы өтінімі 1-қосымша) Қызылорда қ-сы, Әйтеке би к-сі №2А, («Өрлеу» БАҰО» ҚОБ Кәсіби даму институты, №309 каб. эл. пошта – ormanov2024@list.ru Орманов Оразбай) мекен-жайына жолдаулары тиіс.