Бекітемін Оқу ісінің меңгерушісі: К. Рабаева



Дата30.01.2023
өлшемі20,31 Kb.
#63914
түріСабақ
Байланысты:
Саяси режимдердің типтері


Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі: К.Рабаева



Пәні:

Дүние жүзі тарихы

Күні: 25.01.2023 ж

Мұғалім: Аққали Ақгүл

Сынып: 10 «А» сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы: Саяси режимдердің типтері

Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары
(оқу жоспарына сілтеме)

10.3.1.6 тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін талдау;

Сабақ мақсаттары

Дереккөздерді талдау негізінде саяси режимдердің түрлерін салыстыру, олардың күшті және әлсіз тұстарын анықтау

  • тоталитарлықтан қазіргі заманғы демократиялық саяси режимге көшу ерекшеліктерін талдау




Сабақ барысы

Жоспарланған
сабақ кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Оқушы

Бағалау

Ресурстар




3 мин

Сабақтың ортасы
5 мин

Сабақ соңы


Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын қайталау

Миға шабуыл әдісі бойынша сұрақ –жауап жүргізу
1.Мемлекеттің қандай формаларын білесіңдер?
2. Ежелгі кезеңдегі мемлекеттің қалыптасу жолдары қандай?
3. Қазіргі кездегі қандай мемлекеттің түрлері бар?

Сұрақ:


  1. Демократия сөзін қалай түсінесіңдер?

  2. Қазіргі уақытта қандай саяси құрылымға ие мемлекеттер басым?

  3. Қазақстан Республикасында қандай басқару жүйесі?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, оқу мақсатын анықтайды.
Сабақ жоспарымен таныстыру.: -
Сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.


  1. 1 Тапсырма.

Сауатты жазу айдары.
Берілген слайдтан мәліметтерді көшіріп жазады. (Тапсырмаларды орындау барысында тілдік төрт дағды қалыптасады: жазылым, оқылым, тыңдалым, айтылым .)
Топпен жұмыс.


2 Тапсырма
Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа жеке тақырыпша беріледі.
1 топ – Саяси режимнің белгілері.
2 топ – Тоталитарлық режим.
Берілген тақырыпшалар бойынша мәліметпен оқып, танысады, топ ішінде өзара талқылайды. Басқа топтарға өз мәліметтерімен бөліседі.  (Әрбір топтан тек 3 оқушы ғана өз мәліметтерімен бөліседі. Толық мәліметімен бөлісіп, пікір аламасқан оқушыға 10 балл қойылады. Топ бойынша 30 балл жинау керек)
«Плюс-минус-қызықты» әдісі.
Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: П(+); М(-); Қ (қызықты).
«П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.
«М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.
«Қ»-«қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша оқытушыға сұрақтар жазуға болады.
Үйге тапсырма:
Термин сөздердің толық анықтамасын анықтап, толықтырып, жазу. Демократия, тоталитаризм, плюрализм, авторитаризм




Сұрақ жауап орындайды

Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды

Тақырып бойынша мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Өз ара бағалау критерийлері




Презентация

Интербелсенді тақта


А 4 қағазы,
Желім
Таратпа материалдар

Рефлексия парағы





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет