Тамақтану мәдениеті: Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу. Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері.
Үй мәдениеті:Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер. Электротехникалық арматура. Электр энергиясының әртүрлі көздерімен тәжірибе жасау (батарея, гальваникалық элементтер). Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар. Электросызбалардың шартты белгілерімен танысу. Электр тізбегі. Сәндік гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар. Ауыл шаруашылық өндірістегі заманауи техникалар мен жабдықтар. Тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны жөндеу. Үй экологиясы. Үйдегі микроклимат. Интерьер/экстерьердегі ландшафт элементтері. Интерьердегі жарықтандыру. Табиғи және жасанды жарықтандыру. Интерьерді жарықтандырудың жобасын даярлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар)
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.