Күрделі пайымдаулар деп құрамына екі немесе одан да көп қарапайым пайымдауларды логикалық байланыстырушы арқылы біріктірген пайымдауды айтады Қазақ тілінде логикалық байланыстырушы рөлін «және», «әрі», «әлде», «немесе», «не», «олай болса», «егер..., онда...» т.б. сол сияқты одагайлар атқарады. Осыган орай олар бірнеше түрлерге бөлінеді: - біріктіруші, - ажыратушы, - шартты - эквивалентті (тепе-тең)
Біріктіруші күрделі пайымдау
Біріктіруші (конъюнктивті) күрделі пайымдау дегеніміз «және», «әрі», «ал» сияқты байланыстырушылар арқьшы өзінің құрамдас бөліктеріндегі пайымдаулардан құрылатын пайымдау. Байланыстырушы ˄ (конъюнкция) таңбасымен белгіленеді. Мысалы: «Далада күн салқын және қар жауып түр» Бұл пайымдауды былай өрнектейміз: р ˄ q р - далада күн салқын ˄ - және q- далада қар жауып тұр
Біріктіруші пайымдаудың түрлері
S1, S2 және S3 - Р
1) құрамында екі немесе одан да көп S және оларға ортақ бір P болады.
Мысалы: «Дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі - апта күндері»