6.Өзара қарым-қатынас. Лауазымдық байланыстар.
Бөбекжай-бақшаның шаруашылық істер жөніндегі орынбасары:
6.1. 40 сағаттық жұмыс аптасына құрылған, бөбекжай-бақша меңгерушісі бекіткен
график бойынша қалыптан тыс жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.
Оқу жылының соңында өзінің бір жылдық жұмысы туралы бөбекжай-бақша меңгерушісіне жазбаша түрде есеп тапсырады.
Бөбекжай-бақша меңгерушісінің шаруашылық ісін ұйымдастыру мәселелеріне байланысты бұйрықтарын іске асырады.
Бекітемін
«Раййан» бөбекжай-бақшасы» ЖШС
Атқарушы директоры
___________Стамқұл С.Б.
Мектепке дейінгі мекемедегі кастелянша қызметкерінің лауазымдық міндеттері
Жиембаева Э.
Бала бақшаның қызметкерлеріне арнайы киім, санитарлық киім, ақ жайма, сырты алынатын заттарды (тысқабы, портьерлер, перделер т.б) тігіп, қамтамасыз етеді.
Қоймада сақталынатын және балалар бақшасының қызметкерлеріне берілген мүліктің есебін жүргізеді.
Ақ жайма мен арнайы киімдерге өз уақытында белгі соғады.
Мекеме қызметкерлерінің берілген мүлікті пайдалану ережелерін орындауын бақылайды.
Бұрын пайдалануда болған киімді, ақ жайманы, басқада мүліктерді сұрыптап, оны дезинфекциялау мен жууға өз уақытында өткізеді.
Қолмен және тігін машинасында ұзақ жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Балаларға арнап мерекелік костюмдер тігеді, қызметкерлердің арнайы киімдерін мөлшеріне лайықтайды.
Жарамсыз болған мүлікті негізді түрде және өз уақытында есептен шығаруға акт дайындайды, басқада белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
Белгіленген тәртіп бойынша медициналық қаралудан өтіп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |