Бекітемін «Раййан» бөбекжай-бақшасы» жшс атқарушы директоры Стамқұл С. Б. Ағылшын тілі мұғалімінің лауазымдық міндеттері


Мектепке дейінгі мекеме педагог-психологының



бет4/9
Дата09.05.2022
өлшемі32,84 Kb.
#33470
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лауазымдык міндеттер

Мектепке дейінгі мекеме педагог-психологының

лауазымдық міндеті.


1. Жалпы нұсқау

    1. Осы лауазымдық нұсқау педагог-психологтың (ҚР БжҒМ-нің 27.08.2002ж №629 бұйрығы) біліктілікті айқындау мінездемесі негізінде жасалған.

    2. Жоғары психологиялық білімі немесе жоғары білім негізінде қайта даярлаудан, психология бойынша сәйкес мамандық алған немесе облыстық (облБЖИ) институт жанынан екі апталық қайта даярлау курстарынан өткен мамандар бөбекжай-бақша психологы болып бекітіледі және белгіленген тәртіппен босатылады.

    3. Бөбекжай-бақша психологы тікелей бөбекжай-бақша меңгерушісіне бағынады.

    4. Бөбекжай-бақша психологы өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқығы туралы» Заңдарын, «2015 жылға дейін ҚР-ның білім дамуының» Тұжырымдамасының, психологиялық қызмет туралы нұсқауды, психологтың этикалық кодексін, халықаралық және республикалық ережелер белгілейтін актілерді, бөбекжай-бақша жарғысын, ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды және осы нұсқауды басшылыққа алады.




  1. Құқығы

Бөбекжай-бақша психологының құқы бар:

    1. Өз бетімен бағдарламалардың жаңа диагностикалық және коррекциялық әдістемесін, ақпараттық, білім және психологиялық технологияларды мақұлдауға, дәріс беруге.

    2. Білім және психологиялық технологиялардың психологиялық сараптамасын, шешімдер, ұсыныстар, оқыту бағдарламалары, тестілеу диагностикасына қатысуға.

    3. Байқау комиссиясына, жұмысқа қабылдауға әңгімелесуге, тәрбиешілерді аттестациялауға, тәрбиешілер мен балалардың байқауларына, педагогикалық консилиумдарға, дарынды балаларды және олардың жанұяларын зерттеуге қатысуға.

    4. Өзінің жеке абыройы және биік адамгершілік қасиеттерін қорғауға, өз кәсіби қызметіне басқа біреулердің себепсіз араласуынан қорғауға.

    5. Бөбекжай-бақша меңгерушісінің берген өкілеттілігі шеңберінде педагогтарға міндетті тапсырмалар беруге.

    6. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне алдын-ала келісу және жұмыс жоспарына сәйкес педагогтың рұқсатымен кіруге.

    7. Ғылыми-әдістемелік семинарлар, әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестерге қатысуға.

    8. Психологиялық қызметтермен, ЖОО-ның психология факультеттерімен, психологтар ассоциациясымен, бастамашыл бөбекжай-бақшалармен, қорлармен және т.б. ынтымақтастық байланыс орнату.

    9. ҚР-ның «Еңбек туралы», «Білім туралы» Заңдарына сәйкес ақылы демалысқа шығуға.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет