Бекітілді адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы 2018 жылғы 23 қараша



бет1/4
Дата20.01.2023
өлшемі57 Kb.
#62134
  1   2   3   4
Байланысты:
хабарлама


БЕКІТІЛДІ
Адвокаттар алқаларының
республикалық конференциясы
2018 жылғы 23 қараша



Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны және
оған енгізілетін мәліметтерді ресімдеу
ТӘРТІБІ



  1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге ақылы негізде немесе кешенді әлеуметтік құқықтық көмек нысанындағы заң көмек көрсету түріндегі өкілеттіктерін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) жазбаша түрде А4 форматтағы парақта адвокаттың жеке өзімен компьютерде әзірленеді немесе 1 қосымшаға сәйкес қажетті мәліметтерді қолжазба жазумен толтыру арқылы ресімделеді.

  2. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі түріндегі адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) жазбаша түрде А4 форматтағы парақта адвокаттың жеке өзімен компьютерде әзірленеді немесе 2-қосымшаға сәйкес қажетті мәліметтерді қолжазба жазумен толтыру арқылы ресімделеді.

  3. Хабарламаның мәтіні қағаз және (немесе) электронды тасымалдауыштарда іс жүргізу тіліне байланысты мемлекеттік немесе орыс тілде жазылуы тиіс.

  4. Хабарлама адвокат жүргізетін Қорғау (өкілдік ету) туралы хабарламаларды тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі.

  5. Хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні Тіркеу журналының деректеріне сәйкес келуі тиіс.

  6. Тіркеу журналы адвокаттық кеңседе немесе адвокаттық қызметті жеке-дара не заң консультациясы құрамында жүзеге асыратын адвокатта сақталады.

  7. Хабарламаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығы үшін адвокат "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 5-тармағына сәйкес жауапты болады.



КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
2018 жылғы 23 қараша



БЕКІТІЛДІ
Адвокаттар алқаларының
республикалық конференциясы
2018 жылғы 23 қараша

____________________________________________________________________


(адвокаттар алқасының атауы)
________________________________________________________________________________ (заң консультациясының немесе адвокаттық контораның атауы немесе өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың тегі және инициалдары)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет