Kahoot бағдарламасында тест орындау:
1. Термодинамика дегеніміз:
А) жылулық құбылыстарды заттың ішкі құрылысына назар аудармай, энергетикалық түрлендірулер негізінде зерттейтін физиканың бөлімі
В) Материялық денелер қозғалысы және олардың өзара әрекеттесуі туралы ежелгі ғылымдардың бірі
С) Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуін зерттейтін физиканың бөлімі
2. Ішкі энергия дегеніміз...
A) денені құрайтын барлық бөлшектердің потенциалдық және кинетикалық энергиясы
B) жылу берілу кезінде дененің алатын не беретін жылу мөлшері
C) затты 10 С-қа қыздыруға қажет жылу мөлшері
D) массасы 1 кг затты 10 С-қа қыздыруға қажет жылу мөлшері
3. Майер формуласы:
А) Ср-Сv=R
В) F=0
С) С1-С0=R
Д) A=Q
4. Табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді; ол тек бір түрден екінші түрге, бір денеден екіншгі денеге өтеге.
А) Энергияның сақталу заңы
В) Ішкі энергия
С) Изобаралық процесс
Д) Изотермалық процесс
5. Өзара әрекеттеспейтін, көлемі шексіз аз, абсолют серпімді шарлар болып табылатын молекулалардан тұратын газ
А) Идеал газ
В) Тұрақты газ
С) Джоуль газы
Д) Бейтарап газ
6. Денелерді қыздырғанда немесе салқындатқанда оларда өтетін физикалық процестер ...
А) жылулық құбылыстар
В) молекулалы-кинетикалық теория
С) потенциалдық энергия
Д) микробөлшектер
7. Оқшауланған жүйеде өтетін процесс
А) адиабаттық
В) изотермалық
С) изохоралық
Д) изобаралық
8. Изотермалық процесте температура өзгермейді, яғни ...
А) ішкі энергияның өзгерісі нольге тең
В) жылу мөлшері ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады
С) жұмыс атқарылмайды
Д) жылу қоршаған ортаға беріліп үлгермейді
9. Денеге берілген жылу мөлшерін толығымен жұмысқа айналдыру мүмкін емес
А) термодинамиканың екінші заңы
В) термодинамиканың бірінші заңы
С) молекулалы – кинетикалық теорияның қағидасы
Д) энергияның сақталу заңы
10. Температурасын 1К-ге жоғарылатцу үшін дененің бірлік массасын қанша жылу мөлшерін беру керек екенін көрсететін физикалық шама
А) меншікті жылу сыйымдылық
В) калория
С) жұмыс
Д) энергия
Достарыңызбен бөлісу: |