Бекмурзина асель нурлановна


Тақырып: тарихшы М. Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы



бет15/15
Дата26.06.2023
өлшемі0,65 Mb.
#103441
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2. Лекционный курс Манаштану

Тақырып: тарихшы М. Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы.
1. 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалардың мәні.
2. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мәселелері.
3. М. Қозыбаев және әскери реформа мәселелерін әзірлеу.


Манаш Қабашұлы Қозыбаев 70 жылдық саналы ғұмырында халқымызға ғалымдығымен, педагогтығымен, қайраткерлігімен танылып, тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, тарих ғылымының алға қарай қадам басуына, тарихты терең, жан-жақты және шындық тұрғысынан зерттелінуіне қомақты үлес қосты. Ол мемлекеттік жауапты қызметтерде отырып, елде болып жатқан проблемалық мәселелерді шешуге ат салысты.
Академик М.Қ. Қозыбаевтың қоғамдағы рөлін және Қазақстан тарихына қосқан ғылыми үлесін былай зерделеп беруімізге болады: 

  • М.Қ. Қозыбаев 1985-2002 жылдар аралығында Қазақстанның қоғамдық - саяси өрлеуіне өзіндік үлес қосты;

  • Тарих ғылымы саласының өрлеуіне ат салысты және Қазақстан тарихында өзіндік мектебін қалыптастырды; 

  • Тарих ғылымында шешімін таппаған көкейтесті мәселелерді зерттеуде көшбасшы бола білді. Атап айтқанда: 

  • көне заманнан бастап қазіргі кезге дейінгі қазақ тарихын қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қарастырды

  • бұрындары “жабық” болып келген тақырыптардың шынайы бағасын алуға, атап айтқанда ұлт-азаттық қозғалыстардың маңыздылығын айқындады, Кеңес кезеңінде орын алған 20-50 жылдардағы қуғын-сүргін нәубетін зерттеуге үлес қосып, сталиндік үкіметтің бет-пердесін ашып берді; 

  • Қазақстан тарихын әдістемелік, тарихнамалық, деректанулық тұрғыдан зерттеудің негізін салды

  • қазақ халқының этногенезінен бастап еліміздің егемендік алғанға дейінгі тарихын жаңа қырынан саралап берді; 

  • тоталитарлық билік сабақтары, аз ұлттардың Қазақстанға күштеп қоныс аударуы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, Қазақстанның тарихнамалық мәселелерін айқындап, тың деректік маңызы бар еңбектер жариялады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет