Бекмурзина асель нурлановна


Тақырып. Ұлттық және қазақ зиялы қауымға қарсы бағытталған Кеңес үкіметінің құғын-сүргін саясаты



бет10/15
Дата26.06.2023
өлшемі0,65 Mb.
#103441
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тақырып. Ұлттық және қазақ зиялы қауымға қарсы бағытталған Кеңес үкіметінің құғын-сүргін саясаты
1980-жылдардың екінші жартысынан бері академик М.Қ.Қозыбаев 30-40-жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын анықтау және оларды ақтау жолында жалпы мемлекеттік маңызы бар көлемді де жүйелі жұмыстар жүргізді.
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезі отандық тарих ғылымында ұлтазаттық қозғалыс тарихына байланысты, соның ішінде Кенесары Қасымов,Жанқожа Нұрмұхамедов,Әбдіғаппар Жанбосынов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстары және Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясына қатысты тыңғылықты зерттеулер жүргізілуімен, сөйтіп объективті шындықты қалпына келтіруде елеулі жұмыстар атқарылуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы кезеңнен бері Қазақ хандығының тарихы жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының Отан соғысы, Абылай ханның өмірі мен қызметі туралы және тарихымыздың басқа да өзекті проблемаларына байланысты ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Соңғы он жыл ішінде осындай күрделі де аса қиын ізденістер мен зерттеулердің барысында М.Қ.Қозыбаев «История и современность», «Ақтандақтар ақиқаты», «Жауға шаптым ту байлап», «Тарих зердесі»(2 томдық), «Проблемы отечественной истории: методология,историография, и источники» (2 томдық), «Труд во имя победы» және тағы да басқа еңбектері дүниеге келді.


Тақырып. М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі ҰОС мәселелері
М.Қ.Қозыбаевтың отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілген.
«Қазақстан-майдан арсеналы» монографиясы үшін оған 1970 ж. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1995 ж. Қазақстан тарихының өзекті проблемаларына арналған бір топ зерттеулері үшін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Белсенді әрі жемісті мемлекеттік және қоғамдық сыйлығы үшін 1997 жылы ол Президенттің «Бейбітшілік рухани келісім» сыйлығының иегері атанды. Оған 1986 жылы «Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының және КСРО медалдарыменмарапатталған. М.Қ.Қозыбаев Шәкәрім атындағы «Семей» мемлекеттік университетінің (1998 ж.) Қарағанды мемлекеттік медицина академиясынын (1999 ж.), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің, «ҚазГОР» Академиясының құрметті профессоры болып сайланған. Ол Қостанай қаласының және Мендіқара ауданының құрметті азаматы. Манаш Қабашұлының жансерік жолдасы Сара Пішенбайқызы-танымал педагог, ұстаз інісі Сағынбай Қозыбаев, баласы Ілияс-тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар, қызы Гүлшат тарих ғылымдарының кандидаты.
30 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен оны мәңгі есте қалдыру үшін Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне академик Қозыбаев есімі берілді, ғалымның ескерткіші ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет