Елдің мұнай өндірісінің дамуы жеке тақырып ретінде Т.Шаукенбаев, Қ.С.Мұхитов жəне басқалар дың еңбектерінде қарастырылды [20]. Соғыс жылдарындағы Қазақстан əйелдерінің өнеркəсіп пен ауыл шауашылығындағы ерлік еңбегі Г.Нұрбекова мен Е.Сегізбаеваның, республика жергілікті кеңестерініңі қызметі С.Қаймолдиннің, Ү.Абдоллаевтың, комсомолдар мен жастардың ерлік еңбегі Т.Сарбақанов пен К.Майғарапова жəне басқаларының зерттеулері мен мақалаларына негіз болды.
Соғыс жылдарындағы республика халық шаруашылығының тарихы бойынша пайдалы еңбекті ҚазКСР ҒА корреспондентмүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Ч.Чулановтың басшылығымен экономистғалымдар ұжымы жасады.
Қорытындылай келе, кеңестік дəуірде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республиканың халық шаруашылығының дамуы, оның ерекшеліктері мен қиындықтары, басқа да өзекті мəселелері көпте ген арнайы зерттеу жұмыстарында, ұжымдық еңбектерде, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ес теліктерінде кеңінен қарастырылды. Дегенмен əлі де көп мəселені зерттеп, ой елегінен қайта өткізу қажет. Соғыс кезінде жəне соғыстан кейінгі біраз уақыт аралығында елдің дамуына қатысты көптеген құжаттар асқан құпиялықта ұсталып келді, соған орай ендігі міндет сол құжаттар мен материалдарды ғылыми айналымға кеңінен енгізу болып табылады. Сонымен қатар осы тұрғыда қазіргі қорытынды лар мен тұжырымдарды қайта қарау, оларды өткен кезеңнің идеологиялық қалыптарынан, дəл сондай ақ бүгінгі таңдағы жалған идеологиялық бояулардан тазарту қажеттігі де өздігінен туындайды.
Егемен Қазақстан жағдайында кеңестік кезең тарихнамасының мəселелерін, оның ішінде Ұлы Отан соғысы тақырыбын да үлкен ықыласпен қарастыруда. Республиканың соғыс жылдарындағы əлеуметтікэкономикалық, саяси даму мəселелері əлі талай зерттеушілердің зерттеу пəніне айналары анық.
Тақырып. М. Қозыбаевтың қазақ мемлекеттілігі мен ҚР тәуелсіздігінің қалыптасу мәселесіне көзқарасы «М. Қ. Қозыбаев және егеменді еліміздің тарихи проблемалары» деп аталған үшінші бөлімде ғалымның еліміз егемендігін алғаннан кейін 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына берген бағасы, зерттеулеріндегі ел болудағы тәуелсіздік, ұлт тақырыбындағы тұжырымдары мен ұлы тұлғалар туралы ғылыми еңбектері талдауға алынып, баға беріледі.
Желтоқсан оқиғасына қатысты жазған мақалаларында ғалым оның себептерін шынайылықпен талдай отырып, бұл болған оқиғаға баға беруге тырысты. Желоқсанда болған оқиғаның “толқу ма”, “қақтығыс па”, “наразылық демонстрациясы ма”, “нашақор жастардың әлегі ме”, “ұлтшылдық па, ұлтжандылық па, ұлтын сүюшілік қозғалыс па?” деген сауалды анықтауға тырысады.
Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, ұлт мәселесі ғалымның еңбектерінің басты тақырыбына айналды. 1991-2002 жылдарда мерзімді басылым беттеріне М. Қозыбаевтың тәуелсіздік, ұлт тақырыбына арналған көптеген мақалалары жарияланды. Атап айтқанда «Тәуелсіздік толғаныстары», «Тіл тағдыры -ұлт тағдыры», «Киелі тәуелсіздік», «Тәуелсіздік даңғылы», «Ана тілім - айбарым», «Тәуелсіздіктің рухани көрінісі», «Отан туралы сөз», «Қандай елміз - қандай болуға тиіспіз», «Тәуелсіздік самалы», «Ұлт болымысы», «Ұлт намысы», «Ұлт тілі», «Ұлттық мәдениет», «Ұлтжандылық», «Ұлт зиялылары» және тағы басқа мақалалары жарық көріп, Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолдары мен оның тарихи маңызы, халқымыздың ұлтжандылық қасиеттері айқындалды. «Тәуелсіздік» ұғымының саяси, экономикалық және рухани болып бөлінетіндігін, саяси тәуелсіздіктің мәні зор екендігін, сондықтан халыққа ең бірінші саяси тәуелсіздік қажеттігін атап өтеді. Тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық қасиеттерді қадірлеу, дәріптеу, ұлттық тілді құрметтеу ең басты жолда тұру керектігін баса айтады. Ұлттық тілдің мемлекеттік статусын жоғары көтеруде қазақ тілінің мемлекеттік статусын іске асырушылар мен билік жүйесінің ара қатынасын бірізділікке салу қажеттігін көрсетеді.
Тіл саласындағы басты кемшіліктерді де атап өтеді. Ол ана тілімізде сөйлеуді намыс көрген, ана тілін білгісі келмегені үшін, балаларын ана тілі мектебіне бермей, қазақ ұлтының атын жамылған, «жаңа қазақ» атанғандардың қылықтарына қынжылады. Егеменді еліміздің тұғыры биік болуы үшін ұлт перзенті болу қажеттігіне меңзейді. Тәуелсіздік алған заманда ұлтжандылық халықта бірнеше түрде байқалатынын атайды. Ғалым «ұлтжандылық» пен «ұлтшылдық» ұғымдарын шатастырмау қажеттігін ескертеді. Оның ойынша, әр халық ұлтын өзінше сүйеді.
Ұлт тұлғаларын танытуда М. Қозыбаев елеулі еңбек сіңірді. Манаш Қабашұлының жазған еңбектерін саралай отырып, оның ұлы тұлғаларды танытуда орта ғасырдан бастап өмір сүрген қайраткерлерден бастап, егеменді Қазақстанның іргесін көтеруге ат салысқан қоғам қайраткерлері мен ғалым, мәдениет қайраткерлердің бейнелерін жасап, тарихтағы орнын анықтап, тұғырына ат салысқандығын аңғарамыз. Тұлғаны танып білуде ғұмырнамаға сүйенуі қажеттігін көрсетті. Тарихи тұлғаларды танып білуде М. Қозыбаев орта ғасырдағы ел билеушісі Ақсақ Темірден (Әмір Темірден - Е.К.) бастап, соңғы ғұмырнама жазушылардың жазғандарын салыстыра талдау арқылы көрсетуге тырысады.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің тұлғалық ерекшелігін, Жалаңтөс Баһадүрдың тарихи бейнесін, Қожаберген дипломат, замана саясаткерлігін, Абылайдың саясат жолындағы ұстанған көзқарасын, Бұқардың даналығын, ақындық, жыраулығын, қазақ халқының бірлігін, тұтастығын көксеген Хан Кененің тұлғасын, Абай бейнесі мен ұлылығын, ХХ ғасыр басында қазақ зиялылар қалыптасқан ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов сынды азаматтар мен кеңестік жүйеде өздерінің қоғамдық-саяси қызметімен ерекшеленген Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан мен Е.Б. Бекмаханов, І. Омарұлы, Ж. Шаяхметов тұлғасын барша қазаққа таныту қажеттігін М. Қозыбаев басты парыз санады. М. Ғабуллиннің бойындағы батылдық, Нұртас Оңдасыновтың іскерлік қасиеттері мен Ғылым саласында ғылыми еңбектерімен танымал болған Ақай Нүсіпбеков, Салық Зиманов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Кеңес Нұрпейіс Таутан Амандосов, Сұлтан Сартаев, Оразай Батырбеков сияқты ғалымдардың ғалымдық, қайраткерлік қасиеттерін бағалайды.