Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар



бет1/5
Дата11.10.2023
өлшемі26,94 Kb.
#113590
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1608024955 1 (1)


Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар
Сабақ талдауға ғылыми көзқарас – психологиялық-педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибеге сүйенеді.
Талдаудың жан-жақтылығы мен тереңдігі – сабақ құрылымындағы кезеңдердің байланыстылығын, дидактикалық қабысуы мен логикалық жүйелілігін ескере отырып бағалау. Жаңа тақырыпты өткен сабақ тақырыбымен байланыстыра қарастыру. Талдау барысында оқу материалдарының меңгерілу дәрежесін, білім сапасының тереңдетілу жағдайын, оқушылардың танымдық дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөлінеді.
Бағалаудың шынайылығы. Бағаның, негіздеменің, қорытындының ғылыми негізділігі, нақтылығы, дәлелділігі, шынайылығы қажет. Қатысқан оқу пәнінің ерекшелігі. Ұсыныстар.
Сабақтарға қатысу түрлері және қатысуды жоспарлау
Сабаққа қатысу және оны талдау мектепішілік бақылаудың бір әдісі.
Сабақтарға қатысу түрлері: іріктеу, тақырыптық, параллель, мақсатты, кешенді (толық оқу күні барысында 1 сыныпта сабақ берілу жағдайын) талдау.
Сабаққа қатысуды жоспарлау: алдын ала жоспарлау (1 жылға, жартыжылдыққа), ағымдағы (1 айға, 1 аптаға), күнтізбелік, графикалық.
Сабаққа қатысуға дайындық. Сабаққа қатысу мақсатын анықтау. Оқу бағдарламасымен, осы сабақтың нақты материалдарымен, сабақты өткізу әдістерімен (оқулыққа, әдістемелік құралдарға, білім беру органдарының нұсқауларына, т.б. сүйеніп) танысу. Пән бойынша дайындалған оқу-көрнекілік құралдармен танысу. Сынып журналын тексере отырып мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, оқушылардың баға жинақтауын, сол сәтке үлгерімін, өткізілген бақылау, жазба жұмыстарының санын, күнін, бағдарламаның практикалық жағының орындалуы мен үй жұмысы деңгейін анықтау. Қорытындылар, ұсыныстар мен тапсырмаларды қарастыру (олар мұғалімге сабақтан соң беріледі). Оқушы жұмыстарымен танысу. Оқушылардың білім сапасын тексерудің жеке түрлерін анықтау, осыған қажетті материалдарды іріктеу. Мектептің басқа мұғалімдерін сабаққа шақыруды шешу. Мұндай шақырудың мақсатын белгілеу.
Сабақты бақылау және сабақ барысын жазу сызбасы. Сабақты бақылау сызбасы – тексерушінің (қатысушының) жұмысын ұтымды ұйымдастыруының алғышарты. Сызба тексерушіге сабақтың кезеңдерін нақты, жүйелі белгілеп, жазып алып, дәл осылай жүйелі түрде талдауына мүмкіндік береді.
Тексерушінің қатысылған сабақты талдауға дайындығы. Сабағына қатысып отырған мұғалімнің бұрынғы қатысылған сабақтары туралы хаттамаларын, ескертулері мен ұсыныстарын қарап өту. Сабақ жоспары мен оны орындау бойынша мұғалімге қойылатын сұрақтарды ойластыру. Сабақты талдау түрі мен орнын (әңгіме-сұхбат, пәндік комиссия отырысында, педагогикалық кеңесте) тағайындау.
Сабақты кезеңдерге бөліп талдау, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекетіне баға беру. Оқушының білім сапасын, білімін, білігін, дағдысын тексерудің қорытындысы. Сабақтың жетістігін, жақсы жақтарын, танысып, талдап, қолданысқа енгізуге болатын мұғалімнің шығармашылық жаңалықтарын бөліп атау. Сабақ кемшіліктері мен мұғалімге қажетті көмек көрсету жолдарын айту. Сабаққа қойылатын жалпы бағаны, қорытындыларды, ұсыныстарды түйіндеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет