М.Б.Шындалиева
Қазақстан, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
БЕКТҰР БАТЫРҚОЖАҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ
M.B.Shindalieva
Kazakhstan, Astana, Eurasian National University im.L.N.Gumileva
POETIC SKILL BEKTUR BATYRKOZHAULY
М.Б.Шындалиева
Қазақстан, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
БЕКТҰР БАТЫРҚОЖАҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ
Бектұр ақын 1866 жылы қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге
келген. Әкесі Батырқожа кезінде арғын қуандықтағы темеш руының атақты болысы
Сыпанға кӛп еңбек сіңірген адам. Батырқожа ӛз еңбегіне тиесілі ақы ала алмай, күн кӛрісі
нашарлағаннан кейін 1897 жылдар шамасында қоныс ӛзгертіп, Омбы жағындағы бір
күйлі туысын паналап, кӛшіп барады. Ол күйлі туысының аты Бектас деседі. Бұл
Бектұрдың ақын болып қалыптаса бастаған шағы еді. Бектұр есейе келе әкесі қайтыс
болады. Жоқтықтың зардабын кӛп тартады. Содан шешесі екеуі сол маңдағы Әйтен деген
байдың малын бағып, шӛбін жинап, тіршілік жасайды. Бектұр он бесінде-ақ
шешендігімен, сӛз тапқыштығымен, суырып салма талантымен таныла бастайды. Бозбала
кезінде ауыл маңында болатын той-думандардың, ойын-сауықтың сәніне айналады. Қазір
Омбы ӛңірінде Бектұр ақын айтты деген ӛлеңдер, нақыл-шешендік сӛз кӛп тараған. Бектұр
ақын 66 жасында дүние салады. Қазір қабірі «Балапанның Күнгейі» деген жерде.
Бектұрдың әкесі Батырқожа, Батырқожаның әкесі Байжігіт. Бектұрдан Сүлеймен
(1898-1963), Әли (1901-1982) деген екі ұл туған. Мұның екеуінен ӛсіп-ӛнген ұрпақ бар.
Сүлейменнен Мәкен, Бикен, атты ағайынды екеу туған. Мәкен Бектұров Сүлейменұлы
бұрынғы Жезқазған педагогикалық институтының ректоры, профессор.
Профессор Р.Бердібаевтың: «... сӛз ӛнері, сүйегіне біткен, бірақ түрлі шаруашылық
қызметінде жүрген, жазғандары мен айтқандары тек шағын ортада немесе ауыз әдебиетін
зерттеушілерге ғана мәлім жандар ӛз алдына бір тӛбе. Іздей білгенге бұлар кӛп қымбат
шежіре сӛз, жанды ӛлең ұсына алатынын ӛмірдің ӛзі кӛрсетіп келеді. Ұмытылдыға,
жоғалдыға саналып келген қаншама әдеби, мәдени мағлұмат осылардың жадында
сақталған. Бабына келсе, бұлар ӛлеңді ауызша да, жазбаша да шығара алатындар. Мұның
ӛзі қазақтың ақындық ӛнерінің бітімін танытатын нәрсе»[Бердібаев Р. Сарқылмас қазына.
- Алматы: Жазушы,1983.-135-б],- деген сӛздері тікелей Бектұр ақын мұрасына арналып
айтылғандай.
Күні бүгінге дейін біз Бектұр Батырқожаұлының кім екенін, қандай шығармалары
бар екендігін білмей келдік. Жалпы әдебиетте ақын не жазушы болсын, оның оқушы
қауымға мәлім болуы замана ағысымен байланысты. Бектұрды кезінде замандастары
мақтаған, құптаған ақын. Кейін белгілі себептермен біздің әдебиет тарихынан ӛз орнын
таба алмай, шеттеп қалған. Бұл жағынан осы күнге дейін Бектұр ғана емес, Мағжан
Міржақыптай ұлыларымызды танып, әділ бағасын енді беріп жатқанда, тарих мезгілінің
сынынан ӛтетіндей туындылары бар. Бектұр ақынды да бүгінгі ұрпақтың біліп,
бағалағаны орынды. Бүгінгі күні біздің қолымызда Бектұр ақынның бірнеше толғауы мен
«Тілеуберді батыр» атты дастаны бар.
Біз Бектұр ақын жайында «АЗиЯ» халықаралық газетінің Ресейдегі тілшісі болып
жүргенде 1992 жылы естідік. Ақынның бір-екі толғауынан кейін-ақ тағы қандай
шығармалары бар екенін іздестіре бастадық. Оның «Тілеуберді батыр» дастанын Омбы
облысының тұрғыны, шежіреші Солтон Есенболатовтан 1992 жылдың қысында жазып
алдық. 1993 қаңтарында Омбы облысындағы Горький ауданының тұрғыны, осы ӛңірге
белгілі ақын Иса Әлімовтің аузынан «Ал, тыңда, ағайын!», «Аңсаған екен дауысын»,
«Осы күнгі кей жігіт», «Мінезі кей жігіттің шал секілді» толғауларын жазып алдық.
Бектұр шығармаларын одан әрі іздестіруге марқұм профессор Е.Ӛтебаев қол ұшын берді.
Бектұрдың немересі Мәкен Сүлейменовті бұрыннан танитынын айтып, біздің қолымызда
жоқ біраз толғауларын қолға түсіруге кӛмектесті. Ермек Ӛтебаевтың байланыс орнатуы
арқасында «Ер күткен таза қатын ерден артық», «Дұға берсің қарғыстан кейін кӛрмес»
«Ӛркешіне қарасам түйем артық» толғауларын 1994 жылдың күзінде қолға түсірдік.
Тарихымыздың да, мезгіліміздің де сыны неғұрлым ұзаққа созылса, бұл
туындылырға деген сұраныс пен пейіл де соғұрлым молаяды. Біз аз да болса артына мұра
қалдырып кеткен Бектұр Батырқожаұлының шығармаларын халық аузынан жинап,
бастыруға біраз қызметтеніп, үлес қостық. Бектұрдың толғауларында ел аузында
жатталып кеткен тапқырлық, елдік қасиеттерді бағалау, азаматтықты қадірлеу мазмұны
басымдау болып келеді. Мазмұнына қарағанда бұл толғауларда Бектұр ер жеткен
шағында туған аулына барып, туған жерімен, елімен кӛріскендігі әсерін жазады. Ақынға
кӛргендерінің бәрі ұнай бермейді.
Ғалым Е.Исмаилов: «Халық ақынының творчестволық тәжірибесінде фольклордан
ортақ дәстүр, мотивтер үлкен орын алған. Бұрыннан сақталған ақындық ӛнер үлгісі,
сюжет сарыны айтқыштыққа ӛзіндік сипат алады» [Исмайылов Е. Ақындар. - Алматы:
Қазақстан, 1956. -22-б]- дейді. Бектұр шығармаларының тақырыбы да халық
ақындарыныкі сияқты жақсылық пен жамандық, адамгершілік пен әртүрлі адамдық
қасиеттер туралы. Осының бәрін сарапқа сала отырып, ақын ірі мәселелердің басын
қозғайды. Бектұрдың «Ал, тыңда, ағайын!» толғауы ерекше кӛркем шығарма. Кӛркемдік
теңеулер толғаудың қай тармағында болсын табылып жатады. Тақырыбынан-ақ
байқайтынымыз, кӛпшіліктің назарын ӛзіне аудару арқылы тыңдаушыны, оқырманды мен
мұндалып шақырып тұр. Қоғам құрылысының бір саласы - ел басқару. Қазақта: «Жігітке
қиын сауда елге жақпақ» деген бір ауыз сӛз бар. Ӛйткені ел билеушінің бәрі шебер емес,
бәрі адал емес. Бектұр ақын артық баспаған, әділ болған, оның толғауларының мазмұны
халық тілегімен үнемі қабысып отырады.
Ал, тыңда, ағайын!
Бектұр ақын сӛйлесін.
Талай топқа кӛп созған,
Жасынан-ақ ӛңешін.
Қу домбыра тоздырып,
Тырнағынан кӛбесін,-
деп, кӛпшілік назарын ӛзіне бір аударып алады. Ақынның олай деп айтарға жӛні бар.
Ӛйткені жастайынан-ақ ӛңеші мен домбырасын бірдей безеп, тынымсыз сӛйлеп, кӛп
қажетіне жұмсаған. Сӛйтеді де ақын ел билеген, жақсы атанған адамдардың бойындағы
жағымсыз қылықтарды сынға алады. Жоғарыда айтылған зорлықшыл ұлық Сыпан мен
Темешті:
Ісің аппақ болса да,
Амалың не, бересің.
Парашыны тойғызсаң,
Қара ісіңді жеңесің,-
деп, кӛпшілік алдында масқаралайды. Осы Сыпан болыс туралы С.Сейфуллин ӛзінің «Тар
жол, тайғақ кешуінде» былай дейді: «Сыпан болыс - Ақмоладан шықты, атақты белгілі
болыстың бірі. Патша заманында жиырма бес жыл болыс болған. Бірақ «салықтай» емес,
«қу», «ақылды», «сыпайылау» адам» [Сейфуллин С. Тар жол – тайғақ кешу. - Алматы:
Жазушы,1970. - 69-б]. Осы толғаудағы аты аталған жандар ісі харам, қолы қаралы, параға
бӛккендер болуға тиіс. Ақын оларға парашыны тойғызбай, құтылмассың деп отыр.
Шумақтағы «ақ» пен «қара» антонимдері әдемі үйлесім тауып, толғау кеіпкерлерін
әшкерлеп тұр. «Бейнелі сӛздер... ақындық, эстетикалық сезімнің, дүниені образды, бейнелі
түрде танып білетін және танытатын, кӛрсететін кӛркем ойдың бір ұрығы іспеттес. Әрбір
бейнелі сӛз - бүтіннің бӛлшегі. Ол – сӛз кестесіндегі жасаушы кӛп әшекейдің бір айшығы
ғана»[Ахметов З. Ӛлең сӛздің теориясы. - Алматы: Мектеп,1973. -13-17-б],-дейді.
Сыйлады жүні жығылып,-
Батырқожаңмын дегесін,-
деп, ақын ӛзінің ӛткір тілі, салмақты ойы ғана Сыпан сықылды, Темеш сияқтылырдың
таразысын басып отырғандығын айтады.
Толғаудың «Семсердей суырып бір сӛзді» деген соңғы жолына үңілейікші.
«Семсердей» теңеуі құнды-ақ. Мұндағы сӛзді «семсердей суыру» теңеуі толғау
мазмұнының ӛткірлігін, ақын ойының әділдігін паш етеді. Ал, «Қай момынның жасы?»
деген тармақ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» ӛлеңіндегі «Қай момынның
жасы бар бұл аяқта» деген жолдарымен үндесіп жатыр. Бұл екі ақын бірін-бірі кӛрді ме,
жоқ па, бізге белгісіз. Дегенмен олар - тұстас адамдар. Бектұрдың Сұлтанмахмұтпен, оның
ӛлеңдерімен таныс болуы әбден мүмкін. Ӛйткені, кӛзі ашық, ақындық ӛнерді бала кезінен
кәсіп еткен Бектұрдың ұлы ақынды не естімеуі, не оқымауы мүмкін емес. Тағы бір кӛңіл
аударарлық жай Бектұр малы болмаса да, кедейліктің де құлдығына түспеген, асыл қазына
ақындығын қастерлеген адам.
«Аңсаған екен дауысын» атты толғауы - Жеңіс деген інісі кӛпшілік жиналған
ортада бір ауыз сӛз айтып беруін ӛтінгенде айтқаны деседі. Бектұр есепсіз сӛзге құмар
емес. Әр толғауының артында адам тұр. Академик З.Қабдолов: «Адам тағдыры – суреткер
үшін шығарма арқауы ғана емес, ӛмірді танудың ӛзгеше тәсілі де» [Қабдолов З. Сӛз ӛнері.
- Алматы: Рауан,1993. -78-б], - дейді. Әр толғау белгілі, нақты мәселеге айналады.
А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша: «Қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі
нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау»[Байтұрсынов А.
Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991. -147-б],- дейді. Ақынның бұл толғауындағы
бейнелеулер де сондай.
Жайқалтып енді ӛлеңді,
Тоғайдың қалың талындай.
Шұбыртайын сұрасаң,
Қарынбайдың малындай.
Нӛсерлетіп тӛгейін,
Түнерген бұлтты жауындай.
«Тоғайдың қалың талындай», «Қарынбайдың малындай», «Түнерген бұлтты
жауындай» деген күрделі теңеулер айтайын деген ойдың негізгі мәнін тереңдете ашып
тұр. Әрине, бұл айтып отырғаны тоғай да емес, мал да емес, жауын да емес. Ақындық
ӛнер, яғни ӛз сӛзі. Демек, Бектұр әр сӛзін бір малға немесе ну тоғайға, нӛсер жауынға
теңейді. Бас кӛтертпес бірегей сӛздер, ойлары бейнелікке, параллелизмге құрылған. Бұл
жолдарды оқысаң, сӛзге тікелей жанастылығы жоқ сияқты, бірақ басқа жолдарда
айтылатын негізгі ұғымды толығырақ ашуға аса қажет. Ой оңай ашыла бермейді. Ақын
нақты ұғым, бояулы сурет арқылы айтпақ әңгімесін нығарлай түседі. Шығарма адам
туралы болғандықтан, жақсы мен жаман қасиеттерін, олардың ішкі мінез-құлығын ашады.
«Болыс-бидің бӛркінен, ақынның таза кебісі», - деп, турашыл да адалдықты ел билеушілер
мансабынан жоғары қояды.
Ел басқарған мінезі жаман, содыр байлардың ақыл-ойынан әлдеқайда жоғары, әлде
қайда маңызды халық сӛзін сӛйлейді, әділдік жағынан жүрген ақындар еңбегін жоғары
бағалайды. Бай мен бидің жиғаны кедей еңбегінің жемісі деп кӛрсетеді.
«Мінезі кей жігіттің шал секілді» толғауы былай басталады:
Мінезі кей жігіттің шал секілді,
Шырағым, кекірейме мал секілді.
Биыл үйің түскесін, миың түсті,
Құлаған ағын суға жар секілді.
«Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салыстыру арқылы жасалса, енді бірде айтылып
отырған нәрсенің бір сипат белгісін, түсін, дыбысын, үнін, тағы басқадай жеке
ерекшелігін ӛзге нәрсемен салыстыру, бейнелеу негізінде туады» [Ахметов З. Ӛлең сӛздің
теориясы. - Алматы: Мектеп,1973. -13-17-б],- дейді З.Ахметов. Жоғарыдағы шумақта да
«шал секілді», «мал секілді», «жар секілді» деген теңеулерді кейбір жігіттердің жаман
мінезін сынауға ӛте орынды пайдаланылған. Оғаш мінезді, халыққа жағар бір қылығы
жоқ жігіттер жайын ақын ӛкінішпен айтады. Ӛзі жалқаулық, тасырлыққа мойынсұнған
жігіттерді:
Біздің сӛз кӛкейіңе қона кетпес,
Кесіп жейтін жая мен жал секілді,-
деп бір түйреп ӛтеді. Ақындар қауымы ӛзіне жайсыз әсер еткен бір оқиғаны кӛріп, сезіп,
күйініп, сүйініп отырады. Жоғарыдағы ӛлеңнің әрбір жолы-терең мағыналы, әділ сӛзге
құрылған. Сондықтан да оқушы мен тыңдаушыны баурап әкетеді. Оған бәз біреулердің
мінезін айна-қатесіз кӛресің. Ӛйткені ақын ақыл-кеңесін кез келгенде отырған жоқ.
Жасына жетпей шау тартқан, жан-жағына міндетсіген, басқалар алдында кеудесін кӛтере
ұстап, үлкендік кӛрсететін, жӛн-жосықсыз салмақтанатындарға арнап отыр.
Қазақ-қызық халық. «Ел ішінде бір тентек жүрмей ме?» деп қарайды да осы бір
жағымсыз жандардың мінез-құлқын кешіріммен кӛтере береді. Ақын олай емес. Ол кӛптің
мүддесін жоғары қойып, одан жоғары болмақтарға наразылық кӛрсетеді, тосқауыл қояды.
Толғау осылай туған. «Ер күткен таза қатын ерден артық» толғауы, ӛнеге тұрғысынан
маңызды шығарма. Ерге де, әйелге де сабақ боларлық салиқалы кеңес.
Ер күткен таза қатын ерден артық,
Дін күткен таза молда пірден артық.
Мысырға патша болып жүрсең дағы,
Болмайды ӛсіп-ӛнген жерден артық.
Тамаша сӛздер! Әрі ӛлеңдік сапасы жоғары, әрі мазмұндық салмағы жоғары. Осы
тӛрт тармақта бірнеше мазмұн бар. Әйел ерін ардақтай білуі керек. Сонда ол әйелін күте
алмайтын еркектен әлдеқалай жоғары болмақ. Молда ӛз ісіне берік болуы керек, сонда ол
дүние діңгегін айналдырған пірден артық. Мысырға (Каирға) патша болуға болар. Бірақ ол
туған жердің топырағына татымайды. Артық сӛз жоқ.
Г.Гегель: «Ақындық творчество табиғатты тура кӛшіру емес. Поэзия, терең
мағынасында, шынайы, киелі, асыл ӛнер. Ақын барша құбылыстар мен заттардың негізін
ұғып, түсінетін асқақ рухтың иесі»[Гегель Г.В. Работы разных лет. В 2-х томах. М.: 1971.
– С. 190],-дейді. Ақындық әртүрлі. Әркім оны әртүрлі пайдаланады. Біреу іштегі ойын,
алдына қойған мақсатын ӛлең етеді. Біреу кӛрген-білгенін, жиып-тергенін қорыта айтып,
бейнелеп, ғажап кӛркем бейне сомдайды. Осы соңғы сапа Бектұрға тән. Сӛйтіп, оқырман
алдында адам тұрады. Әрине ол әлі жан-жағы мұнтаздай кӛркем бейне емес. Сӛйтсе де ол
бейненің кемшілігі оқырманның ойындағымен жалғасып, толысады. Қамқор ата бейнесін
оқырман ойша толыстырады. Адам баласы тек ісімен ғана емес, мінезі, тәрбиесімен,
шыққан ортасымен, тағы басқалармен қарм-қатынасымен бағаланатын үлкен мән беріп
отырған.
Атағы жоқ әкеңнен шешен артық,
Тӛрешіден даугердің шешені артық.
Алтын алып жаманмен дос болғанша,
Пайдасы жоқ жақсының есені артық.
Екінші тармақтағы шешен даугер тұлғасы оқырманның кӛркем қиялымен
қабысады. Сӛз жоқ, сӛзін ӛткізе алмайтын тӛреші кейде шешен даугерден олқы түседі.
«Дұға берсең қарғыстан кейін кӛрмес» атты толғауында:
Байда қадір, ұлықта ғаділдік жоқ,
Ӛзгергенін дүниенің кӛрмейсіз бе?,-
деген жолдар әлеуметтік ӛмірдегі таптық жіктелуді, сол кездегі адамдар арасындағы
қарым-қатынас жаңалығын кӛрсетеді. Бұл сӛзімен ол Абайдың бай мен кедей арасын
кӛрсететін сынына жақын бұқарашылдық мұратты кӛксегендігін, жаңашыл болғандығын
танытады. Ақынның бар кемшілігі - ӛзі кӛрсетіп отырған кемшілікті қалай түзеу
керектігін айтпайды.
Жақсыдан жаман болып туған жастан,
Қартайса да жақсының сүйегі артық.
Қай ақын, шешенді алсаңыз да жақсы адам мен жаман адамды толғау-жырларында
неғұрлым толық, кең кӛрсетуге тырысып отырған. Толғаулардың қайсысын алсаңыз да
осы сарын басым. Адам баласын жақсылыққа тәрбиелеу идеясы үлкен тәрбиелік,
насихаттық мәнге ие болған. Сондықтан, жалғыз Бектұр ғана емес, әрбір шешен, би, ақын
бұл мәселеге үлкен мән беріп отыратындығы заңды құбылыс.
Біз талдаған жоғарыдағы Бектұр ӛлеңдерінде де кӛркем сӛздер мол. «Сыйлады
жүні жығылып», «Құлаған ағын сулар жар секілді», «Біздің сӛз саналыға тау секілді»,
«Шіркінді боратайын қар секілді» деген сияқты жолдар қазақ поэзиясының кӛркемдік
кестесін айшықтандыра түседі десек, артық емес. Бектұр Батырқожаұлы кӛңілге күпті
мәселелерді әсерлі айта білген ақын. Оның шығармалары кӛркемдігі тұрғысынан да,
мағынасы, мазмұны жағынан жоғары әлеуметтік мазмұнмен ӛлшенеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. - Алматы: Жазушы,1983.-135-б.
2. Исмайылов Е. Ақындар. - Алматы: Қазақстан, 1956. -22-б.
3. Сейфуллин С. Тар жол – тайғақ кешу. - Алматы: Жазушы,1970. - 69-б.
4. Ахметов З. Ӛлең сӛздің теориясы. - Алматы: Мектеп,1973. -13-17-б.
5. Қабдолов З. Сӛз ӛнері. - Алматы: Рауан,1993. -78-б.
6. Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991. -147-б.
7. Гегель Г.В. Работы разных лет. В 2-х томах. М.: 1971. – С. 190.
Достарыңызбен бөлісу: |