Бел өрімі, plexus lumbalis (кеуденің 12 омыртқасы мен белдің 1-2 омыртқасының арасы), бел омырткаларының көлденең өсінділерінің арасында орналасып, өзінің ілмектерімен артынан белдің шаршы бұлшықетіне
Бел өрімі Бел өрімі, plexus lumbalis (кеуденің 12 омыртқасы мен белдің 1-2 омыртқасының арасы), бел омырткаларының көлденең өсінділерінің арасында орналасып, өзінің ілмектерімен артынан белдің шаршы бұлшықетіне,m.quadratus lumborum және алдынан үлкен бел бұлшықет psoas major арасына кіреді.
Бел өрімінің тармақтары: 1. Бұлшықеттік тармақтар, rami muculares. Меншікті бел өрімі түзілмей бұлшыкеттік тармақ,- rami musculares, тармақталады: бірінші-төртінші бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан - mm. intertransversarii lumbales (laterales), он екінші кеуде және бірінші-үшінші бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан - m. quadratus lumborum, он екінші кеуде және бірінші-төртінші бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан - m. psoas major және бірінші, екінші бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан - m. psoas minor тармақталады .
2. Мықын-кұрсақты нерв, n. iliohypogastricus. XII кеуде және I бел нервтерінен түзіледі. Ол m.psoas major-дың жоғарғы-латеральды жерін тесіп, m. quadratus lumborum алдыңғы бетіне өтеді және бұлшықет пен бүйрек арасында орналасады. Кейін нерв жоғарыдан төмен және арттан алға жүріп,m штің көлденең бұлшықетінің, m transversus abdominis калыңдығына өтіп, осы бұлшықет пен іштің қиғаш бұлшықет obliquus abdominis арасында жүреді. Нерв шап өзегінің терең сақинасы аймағында іштің ішкі киғаш бұлшықетін, кейін іштің сыртқы киғаш бұлшықеті апоневрозын тесіп, шап өзегінің беткей сақинасы аймағына бағытталады және симфизден жоғары іштің төменгі бөлігі терісінде тармақталады.
Мыкын-кұрсақасты нервтің тармактары: 1) Бұлшыкеттік тармактар,жамбас нервіне, rami musсulares, іштің қиғаш бұлшықетіне m. transversus abdominis және ішкі қиғаш бұлшықетіне,m.obliquus internus abdominis-ке барады.
2) Латералді терілік тармак - ramus cutaneus lateralis, негізгі сабаудан мықын сүйегі кырының ортасында тармақталып, іштің екі киғаш бұлшыкетін тесіп, санның жоғарғы латералді аймағы терісінде тармакталады.
3) Алдыңғы терілік тармак, ramus cutaneus anterior, негізгі сабаудың жалғасы, іштің сыртқы қиғаш бүлшықеті апоневрозын тесіп, касаға үсті терісінде тармакталады.
3. Мықын-шап нерві,n. ilioinquinalis , мыкын-кұрсакты нервтің астында орналасып, онымен параллель жүреді. Нерв т. psoas major латералді жиегінен шыккан соң m. quadratus lumborum бетімен жүреді; кейін іштің қиғаш бұлшықетін m. transversus abdominis-ті тесіп,іштің ішкі қиғаш бұлшықетінде m.obliquus internus abdominis арасында орналасып, шап өзегінің беткей сақинасына беттейді. Ол шап өзегінің беткей сакинасы аймағында сырткы киғаш бүлшыкет апоневрозы аркылы өтіп, шәует шылбырының немесе жатырдың жұмыр байламының алдыңғы - ішкі бетінде жатады және қасаға аймағы, ұма (үлкен жыныс ернеулері) және шап иілімі терісінде тармақталады. Мыкын-шап нерві бұлшыкеттер арасында орналасып, мықын-кұрсақасты нервпен қосылыс түзеді.
Мыкын-шап нерв тармактары:
а) Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, mm. transversus abdominis,іштің ішкі қиғаш бұлшықеті obliquus internus abdominis, іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің obliquus externus abdominis төменгі жерлерін нервтендіреді.
б) Терілік тармактар, rami cutanei, қасаға, санның ішкі бетінің жоғарғы жерін және шап аймағы терісінде тамақталады.
в) Ұмалық алдыңғы тармақтар, rami scrotales anteriores , жыныс мүшесінің түбірі, үманың алдыңғы бөлімдері (әйелдерде үлкен жыныс ернеулерінің жоғарғы бөлімдері) терілеріне барады. Бүл тармақтар сан-жыныстык нервтің, n. genitofemoralis тармактарымен косылуы мүмкін.
4. Сан-жыныстық нерв, n. genitofemoralis , m. psoas major калыңдығы арқылы оның алдыңғы бетіне өтіп, несепағардың артында орналасады және шап аймағына бағытталады. Нерв бүлшыкет қалыңдығында немесе бүлшықеттен шыккан соң екі тармаққа - сандык тармақ, ramus femoralis, жэне жыныстык тармак, ramus genitalis, бөлінеді.
Сан-жыныстық нерв тармактары:
а) Сандық тармақ, ramis. Femoralis бел-шап нерві, n. lumboinguinalis , сыртқы мықын тамырларының, vasa iliaca externa, артында жэне латералді жатады, ол бастамасында мыкын шандырынын артында, кейін оның алдында жүріп,тамырлы лакунаға lacuna vasorumға барады, саңылауда сан артериясынан латералді және алдында жатады. Кейін ол жыныс-жамбас нерв ,fassia cribrosa hiatus sapheni аймағында санның жалпак шандырын тесіп отіп, осы аймак терісінде тармакталады. Оның кейбір тармактары шап жалғамасының астымен санның жалпак шандырын тесіп өтіп, сан үшбүрышы аймағы терісінде таралады.
б) Жыныстық тармақ, r. Genitalis, сандық тармақтан медиалді, сыртқы мықын тамырларынан латералді, т. psoas major алдыңғы бетінде жатады, төмен бағытталып, шап өзекке кіреді, өзектің беткей сакинасына жүріп, одан шәует шылбырымен (немесе жатырдың жұмыр жалғамасы) бірге шығады. Кейін ұмаға бағытталып, көтеретін бұлшықет m. cremaster-re, ұма терісіне және, tunica dartos, санның медиалді бетінің жоғарғы жеріндегі терісіне тармақшалар береді; Әйелдерде жатырдың жұмыр жалғамасына, шап өзегінің беткей сақинасы аймағы және үлкен жыныс ернеулері терісіне сабаушалар береді.
5. Санның латералді терілік нерві, n. cutaneus femoris laterialis , т. psoas major латералді жиегінен, кейде бұлшыкет қалыңдығынан шыгып, fascia iliaca астында жатады,шап жалғамасының астымен санға шығады. Бұл жерде нерв санның алдынғы бұлшықетінен m. sartorius-тен латералді төмен жүріп, өзінің тармактарымен санның жоғарғы жеріндегі жалпақ шандырды тесіп өтіп, тізе буыны терісіне жететін бірнеше ұсак жэне екі-үш ірі сабаушаларға тармақталады.