Белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата27.09.2022
өлшемі133,87 Kb.
#40464
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мемлекет — Уикипедия

қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша
айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.
[1]
Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында
орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет 
әскери
басып кіру шегінде орналасқан,
оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай
мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.
[1]
Көпұлттық мемлекет - 
территориясында
әртүрлі 
этностар
- ұлттар, халықтар мен
басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.
[1]
Ұлттық мемлекет - белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда
болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.
[1]
Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі
және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасының
құқықтық формасы.
[1]
Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен
сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік
тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.
[1]
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі
болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі.
Буферлік мемлекет
Көпұлттық мемлекет
Ұлттық мемлекет
Құқықтық мемлекет
Әлеуметтік мемлекет
Унитарлы мемлекет


Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:
елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас 
конституция
;
заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік
органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас 
құқық
жүйесі;
биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
[1]
Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа да операцияларға
байланысты төлем төлеу және есеп айырысу шарттары мен тәртібін белгілейді. 1929 —
33 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар кезеңінде батыс елдерінде
кең етек алды. Бұл кезде көптеген мемлекеттер валюта шектеуін енгізіп, оның еркін
алмасуын тоқтатқан болатын. Мемлекетаралық төлем келісімі көздеген мақсатына
және кейбір елдердің ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Негізінен
экспорттық және импорттық тауар айналысына байланысты сыртқы есеп айырысу
және ол үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған және дамушы елдер
арасындағы есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде клиринг түрінде жүргізіледі.
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдыменмемлекеттің қоғам өміріндегі
жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің
адамдарды 
қауымдастыққа
біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы
нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын
біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу
функциясы екендігін көруге болады.
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не
тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық
мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр
жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары
әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу
күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және
кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу
шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; 
тергеу
 органдары; 
полиция
;
пенитенциарлық мекемелер
 және басқалары.
Мемлекетаралық төлем келісімі
Мемлекет функциялары


Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары
ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар
мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық
мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар
шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп
танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік
жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу
әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де
мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс
жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы
сойылға

диктатураның
, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет