Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне
орай экономикалық
дамудың күшті факторы бола алады.
Этатизм
(мемлекеттің экономикаға ықпалы)
айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің
қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік
әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті
күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында — бұл
мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық
дербестігінің артуы, ішкі
рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз
етуі және т.б.
Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық
салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс
ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне,
қоғамның
саяси тоқырауына алып келетін
демократияға
жат тенденциялардың пайда болуына
әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы
әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның
кеселді
тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.
Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да
болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік
қағидаларға
, адамгершілік
принциптерге
, өскелең ұрпақтың болашағына; оның
азаматтық
кемеліне жетуіне,
рухани мәдениетті
игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық
деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.
Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі
саяси экстремизмнің
шектен тыс
формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының
мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің
идеократтық саяси жүйеге
айналуы
тоталитарлық
режимдерге тән құбылыстар. Бұл
үрдісті
авторитаризмнен
де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты
біріктіретін идеологияға сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: