Белсенді оқыту нұсқау беру жəне айту



Pdf көрінісі
Дата17.10.2023
өлшемі105,76 Kb.
#116961
Байланысты:
ППС ҮМ 2.3 Белсенді оқыту



2.1-үлестірме материал 
 
БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ
Нұсқау беру жəне айту: 
Сыныпқа оқыту/оқу мақсаттарын хабарлап, оқушылардың не 
істеу керектігін түсінетініне жəне ерекше назар аударуы қажет мəселелерге көңіл бөлетініне 
көз жеткізу. Мысалы, химиялық тəжірибеде бір əрекет екіншісінен шығатынына қалай көз 
жеткізуге болады, өлшеулер жүргізу арқылы дəлдік дəрежесін белгілеу, жұмысты қалай 
баяндау немесе кестені қалай құру. 
Көрсету жəне модельдеу: 
Айқын, жақсы құрылымдалған көрсетілімдерді ұсыну, 
мысалы, химиялық есепті қалай шешу керектігін, кестені түсіндіру, компьютерлік 
бағдарламалық жасақтама қолдану. 
Түсіндіру жəне сипаттау: 
Бұрынғы жұмысқа немесе əдіске негіздеп нақты, жақсы 
құрылымдалған түсініктеме беру: мысалы, химиялық есепті шығаруда есептеу тəсілін баяндау 
жəне 
бұл 
неліктен осылай шығатынын түсіндіріп, қолданылған шамалардың, 
математикалық терминнің, таңбаның немесе шартты белгілеу жүйесінің мəнін беру, 
жалпылама пайымдау үшін қолданылатын мысалдарды келтіре отырып, есепті шығару 
жолдарын түсіндіру. 
Сұрақ қою жəне талқылау: 
Барлық оқушылардың қатысып отырғанына көз жеткізу 
үшін сұрақ қою тəсілі сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес келетін жолдармен жүзеге 
асырылуы тиіс (қажет болған жағдайда, құрылғылардың, калькулятордың көмегімен немесе 
өзара қарым- қатынас арқылы, белгілер мен таңбаларды қолдану арқылы); шебер 
ойластырылған, өңделген жəне мақсатқа бағдарланған ашық жəне жабық сұрақтарды қолдана 
отырып, қабілеті жағынан əртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз 
жеткізуге болады; түсініктеме беруін сұрап; оқушылардың жауап берудің алдында ойлануына 
уақыт беру керек; оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімін дамыту үшін 
сындарлы əрекет ету; оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу. 
Зерделеу жəне зерттеу: 
Оқушылардың проблемалық мəселе көтеруін немесе зерттеу 
бағытын жорамалдауды сұрау; белгілі бір жағдайларды жалпылауға болатынын зерттеуді 
сұрау; қарсы мысалдар іздеп, ерекше жағдайларды айқындауды сұрау; оқушыларды проблема 
мен оның шешімін ұсынудың графикалық немесе сызбалық нұсқадағы балама тəсілдерін 
қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екіншісіне көшуге 
ынталандыру. 
Бекіту жəне қолданысқа енгізу: 
Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану 
жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен 
түрлі мүмкіндік ұсыну; оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе 
ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын 
кеңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға 
жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы химиялық есептерді шешуде 
математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру. 
Рефлексия жəне бағамдау: 
Оқушылардың қателерін анықтап, олардың өзін жəне оған 
алып келген түсінбеушілікті талқылай отырып, бұны оқытудың жағымды қыры ретінде 
қолдану; оқушылар өздері таңдаған əдістері мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру 
үшін пікірталас жүргізу; оқушылардың топқа немесе бүкіл сыныпқа жасаған таныстырылымын 
бағамдау; олардың жазбаша жұмысына ауызша кері байланыс ұсыну. 
Қорытынды шығару жəне есте сақтау: 
Сабақта жұмыс барысына шолу жасап, оның 
қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенін түйіндеу; оқушылардың түсінгенін 
анықтау жəне қате түсінген болса түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның 
негізгі тармақтары мен идеяларын ұсынуға шақыру; пəннің басқа салаларымен жəне басқа 
пəндермен байланыстыру; оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру. 
Топтық жəне жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып орындайтын жұмыста 
бағытталған оқыту мен өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Сабақтың басым бөлігінде 
оқушыларды «тұтас топ» болып жұмыс істеуге жұмылдыру олардың мұғаліммен қарым-
қатынасын барынша арттырып, əр оқушының ұзақ уақыт бойы өзара əрекет етуден 
мүмкіндігінше пайда көруге септігін тигізеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет