Белсенді оқыту нұсқау беру жəне айту



бет1/3
Дата18.06.2023
өлшемі22,54 Kb.
#102079
  1   2   3
Байланысты:
Белсенді оқыту. Саралау.



БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ
Нұсқау беру жəне айту: Сыныпқа оқыту/оқу мақсаттарын хабарлап, оқушылардың не істеу керектігін түсінетініне жəне ерекше назар аударуы қажет мəселелерге көңіл бөлетініне көз жеткізу. Мысалы, зертханалық тәжірибеде бір əрекет екіншісінен шығатынына қалай көз жеткізуге болады, өлшеулер жүргізу арқылы дəлдік дəрежесін белгілеу, жұмысты қалай баяндау немесе кестені қалай құру.
Көрсету жəне модельдеу: Айқын, жақсы құрылымдалған көрсетілімдерді ұсыну, мысалы, есепті қалай шешу керектігін, кестені түсіндіру, компьютерлік бағдарламалық жасақтама қолдану.
Түсіндіру жəне сипаттау: Бұрынғы жұмысқа немесе əдіске негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған түсініктеме беру: мысалы, есепті шығаруда есептеу тəсілін баяндау жəне бұл неліктен осылай шығатынын түсіндіріп, қолданылған шамалардың, математикалық терминнің, таңбаның немесе шартты белгілеу жүйесінің мəнін беру, жалпылама пайымдау үшін қолданылатын мысалдарды келтіре отырып, есепті шығару жолдарын түсіндіру.

Сұрақ қою жəне талқылау: Барлық оқушылардың қатысып отырғанына көз жеткізу үшін сұрақ қою тəсілі сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес келетін жолдармен жүзеге асырылуы тиіс (қажет болған жағдайда, құрылғылардың, калькулятордың көмегімен немесе өзара қарым- қатынас арқылы, белгілер мен таңбаларды қолдану арқылы); шебер ойластырылған, өңделген жəне мақсатқа бағдарланған ашық жəне жабық сұрақтарды қолдана отырып, қабілеті жағынан əртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз жеткізуге болады; түсініктеме беруін сұрап; оқушылардың жауап берудің алдында ойлануына уақыт беру керек; оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімін дамыту үшін сындарлы əрекет ету; оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу.
Зерделеу жəне зерттеу: Оқушылардың проблемалық мəселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау; белгілі бір жағдайларды жалпылауға болатынын зерттеуді сұрау; қарсы мысалдар іздеп, ерекше жағдайларды айқындауды сұрау; оқушыларды проблема мен оның шешімін ұсынудың графикалық немесе сызбалық нұсқадағы балама тəсілдерін қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екіншісіне көшуге ынталандыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет