Бекіту жəне қолданысқа енгізу: Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну; оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын кеңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы проблемаларды шешуде математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру.
Рефлексия жəне бағамдау: Оқушылардың қателерін анықтап, олардың өзін жəне оған алып келген түсінбеушілікті талқылай отырып, бұны оқытудың жағымды қыры ретінде қолдану; оқушылар өздері таңдаған əдістері мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру үшін пікірталас жүргізу; оқушылардың топқа немесе бүкіл сыныпқа жасаған таныстырылымын бағамдау; олардың жазбаша жұмысына ауызша кері байланыс ұсыну.
Қорытынды шығару жəне есте сақтау: Сабақта жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенін түйіндеу; оқушылардың түсінгенін анықтау жəне қате түсінген болса түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның негізгі тармақтары мен идеяларын ұсынуға шақыру; пәннің басқа салаларымен жəне басқа пəндермен байланыстыру; оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру.
Топтық жəне жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып орындайтын жұмыста бағытталған оқыту мен өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Сабақтың басым бөлігінде оқушыларды «тұтас топ» болып жұмыс істеуге жұмылдыру олардың мұғаліммен қарым-қатынасын барынша арттырып, əр оқушының ұзақ уақыт бойы өзара əрекет етуден мүмкіндігінше пайда көруге септігін тигізеді.
САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:
Тапсырма
Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.
Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.
Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.
Дереккөздер
Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.
Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін.
Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
Қарқын
Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.
Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.
Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қорытынды
Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.
Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |