Суреттер: Не болды?
|
Оқушыларға сурет көрсетіңіз. Оқушылар суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндірулері қажет.
|
Сөзді тап
|
Карточкада сөздер беріледі. Бір оқушы бір карточканы алып, онда жазылған суретті сыныпқа дене қимылдары арқылы көрсетеді. Оған сөйлеуге болмайды. Ал оқушылар жүргізіп тұрған бала көрсеткен суретті табуы керек.
|
Бинго
|
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады. Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.
|
20 сұрақ – иə-жоқ деген жауап
|
Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ қойылып жатқан адам «иə» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы, оқушы бір геометриялық фигура -- ромбыны жасыруы мүмкін, ал сыныптың қалған бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигура екенін табуы керек.
|
Айырмашылығы неде?
|
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
|
Құпия зат
|
Оқушыларға затты көрсетіңіз, мысалы бұрыш салынған құты. Олардан оның не екенін жəне сабақпен қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз (сабақтың тақырыбы «Бұрыштар» болуы мүмкін).
|
|