Фенол –бензол сақинасының құрамындағы бір немесе бірнеше сутек аттомдарының орнына гидроксил тобы орынбасқан, органикалық қосылыстар.
Жалпы формуласы:С6Н5 - ОН
Фенол қосылыстары деп құрамындағы ароматты сақинасында гидроксил тобы және оның функционалды туындылары бар қосылыстарды айтады.Ароматты сақинасында біреуден жоғары гидроксил тобы бар фенол қосылыстарын полифенолдар деп атайды. Соңғы кездері белгілі болғандай барлық дерлік полифенолдар жасушадағы алмасудың белсенді метаболиттері бола отырып, түрлі физиологиялық процесстерде – фотосинтезде, тыныс алуда, дамуда өсімдіктердің инфекциялық ауруларға тұрақтылығында маңызды роль атқарады. Полифенолдардың өсімдік тіршілігіндегі маңызды ролін олардың өсімдіктерде таралуынан білуге болады. Бұлардың ең көп бөлігі белсенді жұмыс жасайтын органдар – жапырақтарда, гүлдерде, жемістерінде, бүршіктерінде кездеседі.