Спирттер, фенол Құрамында гидроксил тобы бар органикалық қосылыстар



Дата18.05.2023
өлшемі20,04 Kb.
#94240
түріҚұрамы
Байланысты:
спирттер


Спирттер, фенол
1. Құрамында гидроксил тобы бар органикалық қосылыстар
A) спирттер B) карбон қышқылдары C) альдегидтер D) аминқышқылдары E) фенолдар Ғ) аминдер
2. Спирттер құрамындағы гидроксил топтардың санына байланысты .... бөлінеді.
A) біратомды B) үшіншілік C) біріншілік D) көпатомды E) екіншілік
3. Гидроксил тобымен байланысқан көміртек атомының табиғатына байланысты спирттер жіктеледі:
A) үшіншілік B) біратомды C) біріншілік D) екіншілік E) көпатомды
4. Көпатомды спирттер
A) 2-метилпропанол-1 B) этандиол-1,2 C) екіншілік бутил спирті D) глицерин E) 3-метилбутанол-1 Ғ) сорбит
5. Үшіншілік спирттер
A) бутанол-2 B) 3-метилбутанол-1 C) 2-метилбутанол-2
D) 2-метилпропанол-1 E) 2-метилпропанол-2 Ғ) 3-метилпентанол-3
6. Екіншілік спиртттер
A) 2-метилпропанол-1 B) 2-метилбутанол-2 C) 2-метилбутанол-1
D) бутанол-2 E) 3-метилпентанол-2 Ғ) 2-метилпропанол-2
7. Біріншілік спирттер
A) 3-метилпентанол-2 B) бутанол-2 C) 2-метилпропанол-2
D) 2-метилбутанол-2 E) 2-метилбутанол-1 Ғ) 2-метилпропанол-1
8. Спирттердің изомерленуі
A) көміртек қаңқасының құрылысы B) альдегидтермен класаралық изомерия
C) карбонил топтың орны бойынша D) жай эфирлермен класаралық изомерия E) гидроксил топтың орны бойынша
9. Пентанол-1 –дің көміртегі қаңқасы бойынша изомерлері
A) пентанол-2 B) 2-метилбутанол-1 C) пентанол-3
D) 3-метилбутанол-1 E) метилбутил эфирі Ғ) 2,2-диметилпропанол-1
10. Гексанол-2-нің гидроксил топтың орны бойынша изомерлері
A) 2-метилпентанол-2 B) гексанол-1 C) 3-метилпентанол-2
D) 3-метилпентанол-1 E) 2-метилпентанол-3 Ғ) гексанол-3
11. Бутанолдың класаралық изомерлері
A) метилэтил эфирі B) диэтил эфирі C) диметил эфирі
D) метилпропил эфирі E) этилпропил эфриі Ғ) дипропил эфирі
12. Спирттерді алу жолдары
A) құрамында қанты бар заттардың ашуы B) альдегидтердің тотығуы
C) көмірсутектердің моногалогенді туындыларының гидролизі D) алкандарды тотықтыру
E) алкиндерді гидротациялау Ғ) алкендерді гидратациялау
13. Спирттердің молекулалық массалары артқан сайын-
A) суда ерігіштігі өседі B) қайнау температурасы артады
C) балқу температурасы кемиді D) суда ерігіштігі кемиді E) балқу температурасы артады
14. Спирт молекуласындағы О-Н байланысының үзілуімен жүретін реакциялар
A) спирттердің галогенсутектермен әрекеттесуі B) спирттердің металдармен әрекеттесуі
C) күрделі эфирлердің түзілуі D) дегидратация реакциялары E) спирттердің тотығуы
15. Спирт молекуласындағы С-ОН байланысының үзілуі арқылы жүретін реакциялар
A) спирттердің тотығуы B) күрделі эфирлердің түзілуі C) дегидратация реакциялары
D) спирттердің металдармен әрекеттесуі E) спирттердің галогенсутектермен әрекеттесуі
16. Алкандардан спирттерді алу үшін қолданылатын реагенттер
A) НСІ, КОН(сулы) B) СІ2, КОН(спиртті) C) НСІ, КОН(спиртті) D) СІ2, КОН(сулы)
17. Метанолдың өнеркәсіпте алыну реакциясы
A) СН3СІ+NaOH→ B) СН2=CH2 + HOH→ C) СО + Н2 → D) СО2 + Н2
18. Метанолдың өндірісте қолданылуы
A) формальдегид B) сірке қышқылы C) фармацевтік препараттар
D) бояғыш заттар E) көксағыз Ғ) полимерлер алу үшін
19. С2Н5ОН атаулары
A) ағаш спирті B) этанол C) метил спирті D) гидролиз спирті E) этил спирті Ғ) медициналық спирт
20. Этил спиртінің химия өндірісінде қолданылуы
A) диэтил эфирін B) сірке қышқылы C) фармацевтік препараттар
D) бояу E) синтездік көксағыз Ғ) полимерлер алу үшін
21. Нитроглицериннің 1%-тік ерітіндісі медицинада қолданылуы
A) қан тамырлары B) бүйрек C) бауыр
D) өкпе E) ас қорыту мүшелерінің Ғ) жүрек ауруларын емдеуде
22. С6Н5ОН аталуы
A) фенол B) бензол C) гидроксибензол D) карбол қышқылы E) карбон қышқылы Ғ) толуол
23. Өндірісте фенолдың алынуы
A) хлорбензол сілтілермен әрекеттесуінен B) таскөмір шайырынан
C) бензолдың тотығуынан D) толуолдың тотығуынан
24. Фенолдың гидроксил тобына байланысты химиялық қасиеттері
A) орынбасу реакциясы B) сілтілермен реакциясы C) бромды сумен әрекеттесуі
D) азот қышқылымен әрекеттесуі E) белсенді металдармен әрекеттесуі Ғ) формальдегидпен әрекеттесуі
25. Фенолдың бензол сақинасына байланысты қасиеттері
A) белсенді металдармен әрекеттесуі B) формальдегидпен әрекеттесуі C) бромды сумен әрекеттесуі
D) азот қышқылымен әрекеттесуі E) орынбасу реакциясы Ғ) сілтілермен реакциясы
26. бензол→Х→фенол белгісіз затты анықтаңдар
A) натрий гидроксиді B) хлор C) тұз қышқылы D) натрий хлориді E) хлорбензол
27. фенол→Х→фенол белгісіз затты анықта
A) бензол B) хлорбензол C) натрий феноляты D) натрий гидроксиді E) көмір қышқылы
28. Фенол азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін зат
A) пикрин қышқылы B) 2,4,6-тринитротолуол C) 1-гидрокси-2,4,6-тринитробензол
D) тротил E) 2,4,6-тринитрофенол
29. Фенолдың сапалық анықтау үшін қолданылатын заттар:
A) хлор суы B) темір (ІІІ) хлориді C) натрий гидроксиді D) бром суы E) натрий металы
30. Фенол гидрленгенде түзілетін зат
A) циклогексан B) бензол C) циклогексанол D) гексанол E) гидроксибензол
31. Феноформальдегид шайырынан алынатын заттар
A) текстолит B) капрон C) волокнит D) шыны текстолит E) дәрі-дәрмектер Ғ) карболит
32. Глицеринді өнеркәсіпте алу үшін қолданылатын шикізат
A) пропилен B) өсімдік майы C) жануар майы D) бензол E) табиғи газ
33. Қышқылдық қасиеті артуымен орналасқан қатар
A) этанол, глицерин, этиленгликол B) глицерин, этанол, этиленгликол
C) этанол, этиленгликол, глицерин D) глицерин, этиленгликол, этанол E) этиленгликол, глицерин, этанол
34. Біратомды спирттер мен көпатомды спирттерді сапалық анықтау үшін қолданылатын заттар
A) CuO B) NaOH C) Na D) Cu(OH)2 E) HNO3
35. Этил спиртін молекула аралық дегидратациялағанда түзілетін өнім:
A) этилен B) диметилэфирі C) пропилен D) диэтил эфирі
36. Этил спиртін молекула ішінде дегидратациялағанда түзілетін өнім:
A) пропилен B) диэтил эфирі C) этилен D) диметилэфирі
37. 2-метилпропанол-2 жану реакция теңдеуінің оң жағындағы коэффициенттер қосындысы
A) 18 B) 7 C) 16 D) 9 E) 34
38. Бутанол-2 мен пентанол-2 дегидратацияланғанда түзілетін өнімдер.
A) бутен-1 B) пентен-2 C) пентен-3 D) пентен-1 E) бутен-2
39. 2,3-диметилбутанол-1 молекуласындағы ϭ -сигма байланыстардың саны
A) 21 B) 5 C) 20 D) 19 E) 7
40. 2,3-диметилбутанол-2 жану реакция теңдеуіндегі реагенттердің алдындағы коэффициенттердің қосындысы
A) 13 B) 10 C) 9 D) 20 E) 23
41. Көмірсутектердің моногалогентуындыларының сілті қатысында гидролиз реакция теңдеуі
A) СН2=CH2+НОН (Н2SO4)→ СН3-CH2-ОН B) С2H5СІ+NaОН→ С2H5ОН +NaСІ
C) 2С2H5ОН+2Na→ 2С2H5ОNa +Н2 D) С2H5ОН+НСІ→ С2H5СІ + НОН
E) С6Н12О6→ 2С2H5ОН+ 2СО2 Ғ) С2H5ОН+СН3ОН→ С2H5ОСН3+ НОН
G) С2H5ОН+СН3СООН → СН3СООС2H5+ НОН H) СН3-CH2-ОН (Н2SO4)→ СН2=CH2+НОН
42. Спирттердегі гидроксил тобы қатысында өтетін О-Н байланысы үзілуі арқылы жүретін реакциялар
A) СН2=CH2+НОН (Н2SO4)→ СН3-CH2-ОН B) С2H5СІ+NaОН→ С2H5ОН +NaСІ
C) 2С2H5ОН+2Na→ 2С2H5ОNa +Н2 D) С2H5ОН+НСІ→ С2H5СІ + НОН
E) С6Н12О6→ 2С2H5ОН+ 2СО2 Ғ) С2H5ОН+СН3ОН→ С2H5ОСН3+ НОН
G) С2H5ОН+СН3СООН → СН3СООС2H5+ НОН H) СН3-CH2-ОН (Н2SO4)→ СН2=CH2+НОН
43. Спирттерді күкірт қышқылы қатысында этилен көмірсутектеріне су қосып алады (алкендерді гидратациялау)
A) СН2=CH2+НОН (Н2SO4)→ СН3-CH2-ОН B) С2H5СІ+NaОН→ С2H5ОН +NaСІ
C) 2С2H5ОН+2Na→ 2С2H5ОNa +Н2 D) С2H5ОН+НСІ→ С2H5СІ + НОН
E) С6Н12О6→ 2С2H5ОН+ 2СО2 Ғ) С2H5ОН+СН3ОН→ С2H5ОСН3+ НОН
G) С2H5ОН+СН3СООН → СН3СООС2H5+ НОН H) СН3-CH2-ОН (Н2SO4)→ СН2=CH2+НОН
44. Спирттердегі гидроксил тобы қатысында өтетін С-ОН байланысы үзілуі арқылы жүретін реакциялар
A) СН2=CH2+НОН (Н2SO4)→ СН3-CH2-ОН B) С2H5СІ+NaОН→ С2H5ОН +NaСІ
C) 2С2H5ОН+2Na→ 2С2H5ОNa +Н2 D) С2H5ОН+НСІ→ С2H5СІ + НОН
E) С6Н12О6→ 2С2H5ОН+ 2СО2 Ғ) С2H5ОН+СН3ОН→ С2H5ОСН3+ НОН
G) С2H5ОН+СН3СООН → СН3СООС2H5+ НОН H) СН3-CH2-ОН (Н2SO4)→ СН2=CH2+НОН
45. Құрамында қанты бар заттардың ашуы
A) СН2=CH2+НОН (Н2SO4)→ СН3-CH2-ОН B) С2H5СІ+NaОН→ С2H5ОН +NaСІ
C) 2С2H5ОН+2Na→ 2С2H5ОNa +Н2 D) С2H5ОН+НСІ→ С2H5СІ + НОН
E) С6Н12О6→ 2С2H5ОН+ 2СО2 Ғ) С2H5ОН+СН3ОН→ С2H5ОСН3+ НОН
G) С2H5ОН+СН3СООН → СН3СООС2H5+ НОН H) СН3-CH2-ОН (Н2SO4)→ СН2=CH2+НОН
46. Массасы 15 г пропанол-1 мен массасы 9,2 г натрий әрекеттескенде неше грамм натрий пропилаты түзіледі?
A) 82 г B) 16,4 г C) 41 г D) 20,5 г E) 32,8 г
47. Массасы 4,6 г этил спиртінен 90 %-дық шығыммен неше литр (қ.ж.) этилен алынады?
A) 2,24 л B) 2,016 л C) 4,48 л D) 4,032 л E) 1,008 л
48. Массасы 4,6г натрийді 9,5 г этил спиртімен әрекеттестіргенде бөлінген сутегінің көлемі (қ.ж.) мен массасын есептеңдер.
A) 2 г B) 2,24 г C) 22,4 л D) 2,24 л E) 0,2 г Ғ) 4,48 л
49. Массасы 30 г қаныққан біратомды спиртен металл натрийдің артық мөлшерімен әрекеттестіріп көлемі 5,6 л (қ.ж.)
сутегі алынды. Спирттің формуласын анықтаңдар.
A) С2H5ОН B) СH3ОН C) С3H7ОН D) С5H11ОН E) С4H9ОН
50. Массасы 200 г натрий этилаты ерітіндісін алу үшін қажетті металл натрий мен абсолютті (сусыз) этанолдың
массаларын есептеңдер. Натрий этилатының массалық үлесі 10,2 % болса.
A) 6,9 г B) 4,6 г C) 13,8 г D) 9,2 г E) 27,6 г
51. Пропанол-2 сусызданғанда түзілген пропилен массасы 200 г бром суын түссіздендіреді. Ондағы бромның
массалық үлесі 3,2 %. Қанша пропанол-2 сусыздандырылған?
A) 24 г B) 2,4 г C) 6 г D) 4,8 г E) 12 г
52. Көлемі 3,36 м3 СО мен көлемі 5,6 м3 Н2 әрекеттескенде массасы 3,52 кг метанол алынды. Реакция өнімінің
шығымын есепте.
A) 86 % B) 85 % C) 87 % D) 89 % E) 88 %
53. Массасы 14,2 г метанол мен этанол қоспасына натрийдің артық мөлшерімен әсер еткенде көлемі 4,48 л (қ.ж.)
сутегі бөлінді. Қоспаның құрамын анықтаңдар.
A) 32,39 % B) 64,79 % C) 6,4 г D) 67,61 % E) 4,6 г Ғ) 7,8 г G) 35,21 % H) 9,6 г
54. Гидроксил тобында жүретін реакциялар
A) спирттердің галогенсутектермен әрекеттесуі В) белсенді металдармен әрекеттесуі
C) дегидратация реакциялары D) күрделі эфирлердің түзілуі E) мыс (ІІ) оксидімен тотығу реакциялары
55. 9 кг глюкозаны спирттік ашытқанда түзілетін этил спиртінің көлемін есептеңдер. Этанолдың тығыздығы 0,789 кг/м3
A) 6,82 м3 B) 5830 л C) 6820 л D) 2,24 м3 E) 5,83 м3 Ғ) 224 л
56. 15,5 г екіатомды спирт этиленгликоль алуға қажет этиленнің массасын табыңдар.
A) 7 г B) 28 г C) 6 г D) 14 г E) 12 г
57. Бензол мен фенолдың қоспасына бромды су қосқанда 4,58 г трибромфенол алынады. Қоспада неше грамм фенол болған?
A) 3,76 г B) 2,82 г C) 1,88 г D) 0,94 г E) 1,41 г Ғ) 1,30 г
58. 1,12л ацетиленді(қ.ж.) реакциядан бөлініп шыққан сутекпен толық гидрлеу үшін 9,4 %-дық фенолдың
ерітіндісінің (тығыздығы 0,9 г/см3) қандай көлемі натриймен әрекеттесуі қажет?
A) 222,2 мл B) 0,1111 C) 222,2 см3 D) 0,2222 л E) 111,1 см3 Ғ) 111,1 мл
59. Фенолдың сапалық реакциясы үшін қолданылатын заттар
A) бромның сулы ерітіндісі B) мыс (ІІ) оксиді C) темір (ІІІ) хлориді D) калий перманганаты E) азот қышқылы
60. Гидроксил тобындағы сутек арқылы жүретін реакциялар
A) спирттердің галогенсутектермен әрекеттесуі В) белсенді металдармен әрекеттесуі
C) дегидратация реакциялары D) күрделі эфирлердің түзілуі E) мыс (ІІ) оксидімен тотығу реакциялары
61. Массасы 230 г этил спиртінің дегидратациялануы нәтижесінде массасы 148 г диэтил түзілсе, оның шығымы?
A) 82 % B) 80 % C) 0,82 D) 81% E) 0,80 Ғ) 0,81

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет