Медициналық қызметкердің кәсіптік беделі – меди- циналық қызметкердің бейімділігін құрастыратын компонент.
Оның мағыналы мюменттері- медициналық қызметкердің сенімділік білдіретін тәртібі. Түрлі төтенше, қауіпті ситуа- циялар туса да, медициналық қызметкер абыржығанын, қобалжығанын науқасқа сездірмеуі тиіс. Медициналық қыз- меткер өзін сенімді түрде ұстауы, науқас алдында оиың коммуникативтік білгерлігін, ситуацияны бақылай алатын қабілетін көрсетіп, науқасқа сенім беріп, Бұл жағдайдың сәтті зиқталуына күмәнсіздігін тудырады.
Медициналық қызметкердің кәсіптік беделін, оның вербальды емес сипаттары да құрастырады: қатынасуға ашық позасы, коммуникативтік жесттері, мимикасы, сөйлеу ырғағы, т.б. Бұлар медициналық қызметкердің беделін өсіріп, науқас адамның сенімін тудырады, ұсынылған ақпаратты оның күмәнсіз қабылдауына ықпал жасайды.
Коммуникативтік төзімділік (толеранттік)деген, Бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бө- ліктері - медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.
Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиет- тері, пікір- қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді. Науқас медициналық қызметкерге түрлі сезімдер тудыруы мүмкін: үнау немесе үнамау, сүйкімді немесе сүйкімсіз. Алайда, медициналық қызметкердің пси- хологиялық дайындығы негізінде, ол ситуацияны түзетіп, түсініспеушіліктің алдын-алады немесе қолайсыз қатынасты тоқтатып, ауру адаммен достық, психологиялық жанасу түрінде қарым-қатынас құрады.