2. Кредиттерді беру
2.1. Банк Заемшы Келісімге сәйкес Банк алдындағы өзінің барлық міндеттемелерін, Жеке келісімде белгіленген кейінге қалдыру Шарттарын орындағаннан кейін, Заемшының барлық Кепілдіктері мен растамалары дұрыс болған және Заемшы нақты кредит берген күні орындауға тиіс өзге де Шарттар орындалған жағдайда Кредит береді.
2.2. Қолданыстағы заңнамада, кредиттеу бойынша Банк саясатында, процедураларында өзгерістер орын алса, және/немесе Банк үшін Кредитті беру және қызмет көрсету қабілетіне және/ немесе мүмкіндігіне жағымсыз ықпал ететін оқиғалар орын алса (өзгерістер, олардың нәтижесінде Банктің Кредитке әрі қарай қызмет көрсетуі мүмкінсіз болады және/немесе Кредитке қызмет көрсетуге байланысты Банк көтеретін (көтеруі мүмкін) шығындар едәуір жоғарылатылған (жоғарылатылуы ықтимал) болса, соның нәтижесінде Банк бастапқыда алғысы келген кірісті ала алмайды, соның ішінде, бірақ та шектелмей-ақ, ақша нарығындағы және/немесе капиталдар нарығындағы өзгерістер; Банктің қысқа мерзімді және/немесе ұзақ мерзімді ресурстарын қалыптастыру талаптарының өзгерісі; базалық мөлшерлеменің, валюталар бағамының, инфляция, девальвация көрсеткіштерінің өзгерісі).
2.3. Кредит берілген күн кредит сомасын Заемшының Банк шотына есептеген күн болып табылады. Бұл ретте Кредитті берілген күн және сәйкес Кредитті өтеу күні бір күн деп есептелінеді.
2.4. Кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы есептеу Заемшыға тиісті Кредит берілген күннен басталады. Сыйақы Негізгі қарыз сомасына, соның ішінде мерзімі кешіктірілген Негізгі қарыз сомасына іс-жүзінде пайдаланған уақыты үшін және келесі есеп айырысу базасына сәйкес есептеледі: жылына 360 (үш жүз алпыс) күнге, айына 30 (отыз) күнге саналады.
2.5. Жалпы талаптардың 3.6-тармағына сәйкес Заемшының туындаған берешегін тиісінше көрсету мақсатында Банктің Кепілдік және/немесе Аккредитив бойынша төлемді жүзеге асыруы нәтижесінде берілетін кредит бойынша сыйақыны есептеу мерзімінің есебі Банк Аккредитив және/немесе Кепілдік бойынша төлемді жүзеге асырған күннен басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |