"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің
жалпы стандартты талаптары
Осы «Bereke Bank» АҚ Кредиттік желілерін берудің Жалпы стандартты талаптарын (бұдан әрі – «Жалпы талаптар») «Bereke Bank» АҚ (бұдан әрі - Банк) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389 – бабында көзделген тәртіппен әзірледі және ол Банктің заемшысына (бұдан әрі - «Заемшы») Кредиттік желіні ашудың Жалпы талаптарын айқындайды.
Заемшы Банк пен Заемшы арасында Жалпы талаптарға қосылу туралы тікелей нұсқауы бар Кредиттік желіні ашу туралы келісімді (Бұдан әрі – «Жеке келісім») жасасу арқылы Жалпы талаптарға қосылған жағдайда Жалпы талаптар қабылдаған болып есептеледі.
Жалпы талаптар мен Жеке келісім бір-бірінің ажырамас бөліктері болып табылады және бұдан әрі бірге «Келісім» деп аталады.
Банк пен Заемшы бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Банк Заемшыға Кредиттік желі ашады, оның шеңберінде Заемшы Кредиттік құралдарды алуға құқылы, оның ішінде: Заемшы тарапынан бұзушылық оқиғалары болмаған кезде Кредиттер, Кепілдіктер және Аккредитивтер.
1.2. Заемшының таңдауы бойынша Кредиттік желі Заемшы бұдан бұрын алған Кредиттік құралдар бойынша міндеттемелерді өтеген кезде, босатылған сомаға Кредиттік құралдарды қайта алу мүмкіндігін қарастыратын жаңартылатын немесе Кредиттік құралдарды қайта алу мүмкіндігінсіз жаңартылмайтын болып табылуы мүмкін.
1.3. Заемшы Кредиттік желі шеңберінде алынатын Кредиттік құралдың түрі мен уақытын дербес, бірақ қол жеткізу кезеңі шегінде және Келісім шарттарын сақтай отырып айқындайды.
1.4. Заемшы Кредиттік құралдарды келесі жолдармен алады:
1) Банктік заем шарттары (бұдан әрі – Шарттар) негізінде Банкте ашылған Заемшының ағымдағы шотына ақша аудару арқылы Банктің кредиттер беруі арқылы;
2) Заемшының Кепілдіктер шығаруға берген Өтініштері негізінде Банктің Кепілдіктер беруі арқылы;
3) Заемшының Аккредитивтер ашуға берген Өтініштерінің негізінде Банктің Аккредитивтер ашуы арқылы;
4) Кепілдіктер мен Аккредитивтер бойынша міндеттемелерді Банк орындағаннан кейін Банктің кредиттер беруі арқылы.
Кепілдіктер шығаруға Өтініш және Аккредитивтер ашуға Өтініш бұдан әрі - «Өтініш» деп аталады.
1.5. Кредиттік құралдың жеке талаптары, оның ішінде: Жеке келісім күні, кредиттік құралдың мақсаты, сомасы, валютасы және мерзімі, кредиттік құралдарды пайдаланғаны үшін сыйақы ставкасының түрі мен мөлшері, шынайы жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасының мөлшері, Заемшы оны таңдаған кезде құбылмалы сыйақы ставкасын есептеу тәртібі, өтеу әдісі мен тәсілі Жеке келісіммен айқындалады.
1.6. Заемшы берешекті Жеке келісімде көрсетілген кезектілікке сәйкес өтейді.
1.7. Кредиттік құралдарды қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелер бұзылған жағдайда Заемшы Банкке тұрақсыздық айыбын төлейді, оның есептеу тәртібі мен мөлшері Жеке келісімде көрсетіледі.
1.8. Комиссиялардың және өзге де төлемдердің толық тізімі, сондай - ақ Кредиттік құралды беруге және қызмет көрсетуге байланысты алынатын мөлшерлері.
1.9. Берешекті, оның ішінде негізгі борыш пен сыйақыны өтеу тәртібі, кезеңділігі, қамтамасыз ету түрлері Жеке келісімде айқындалады.
1.10. Заемшы Келісім бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде Банк қабылдайтын шаралар, сондай-ақ Жеке келісімнің қолданылу мерзімі Жеке келісімде көрсетіледі.
|