Берілген дипломдық жобада гнпс "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару сұрақтары қарастырылады


Резервуар паркінің объект болып басқарылуы



бет15/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,01 Mb.
#11693
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
2.2 Резервуар паркінің объект болып басқарылуы

Резервуар паркін объект ретінде қарастырғанда, бұл мұнайда жан-жақты таратумен жұмыстанады, олар параллель және тізбектей жұмыс істейді, көптеген негізгі ерекшеліктеріне назар аударып әсіресе автоматикалық жүйенің пайда болуына әсері: Резервуарлардың тиімді бір жағы температура, қысым, судың концентрациясын және сутегі фракцияларын біртекті үйлестіреді.

Типтік аппаратураны қолдану қажеттілігі технологиялық сүлбемен объектінің қайталануына байланысты.

Объект параметрлері резервуар паркінің барлық объектілеріне тәуелді.

Объектіде өрт және жарылғаш қауіптің болуы арнайы аспаптарды қолдануды талап етеді, температуралық режимді және көп мөлшерде газдың бөлінуін қадағалау автоматты тұрде өлшенуі тиіс, өрт сөндіру жүйесін автоматтандыру, сол сияқтты өрт және жарылыстарды жедел ескерту шараларын жүргізу.

Объектінің адамдар тұратын жерден алыс орналасуы, сондықтан жүйені қондыру кезінде кернеудің кейде тұрақсыз болуына тиісті көмекші жүйенің резервінің болуы, реттеу жүйесін қолдану, технологиялық аспаптарды резервтеу, технологиялық қорғаныс жүйесін құру.

Резервуар паркінің автоматтандыруға кіретін міндеттер:


  • резервуарды толтыру және қайта босатуды дистанционды қадағалау;

  • қабылдау және резервуарды қысып толтыру құбырларының ысырмасын дистанционды басқару;

  • жинақтау және сақтау резервуарлары мұнай және мұнай өнімін есепке алуды қамтамасыз ететін параметрлерді басқару;

  • сұйық заттарды тарататын аспапты дистанционды басқару;

Үлкен жылдамдықта резервуарды толтыру немесе босату кезінде қысып толтыру және кері сору резервуарлары автоматты түрде қосылу.

Соңғы талаптың ерекше маңыздылығы, резервуар паркінің магистральді мұнай құбырының басты сорап кешендеріне толтыру және босату резервуарынан үлкен жылдамдықта келуі магистральді сораптың өндірушілігіне байланысты.

Резервуар паркінде бақылау және басқару электрлік сүлбелері кең қолданылады.

Резервуар паркін автоматтандыруда қамтамасыз ететін фактілер:



  • Жергілікті диспетчер отыратын жерден резервуар паркін басқару және автоматты түрде бақылау жүргізу.

  • Жоғары дәлдікпен мөлшерді өлшеу: резервуар ішіндегі сұйықтың мөлшері ±1 мм дәлдікпен өлшенеді.

  • Цифрлік мәліметтерді беру, ол ақпаратты қатесіз жеткізуге болады.

  • Алынған мәліметті электронды түрде өңдеу, ақпараттық өнімнің санын өлшенген және өңделген нәтижені беруге қамтамасыз етеді.

  • Сенімі жоғары.

  • Экономды, резервуар паркінің сыйымдылығын тиімді қолданып және зат санаудың операцияларын жоғары дәлдікпен санау.

  • Ұйымның еңбегін жоғарлату, қызмет көрсетуші адамдардың тұрақты талапта болмауы, ашық аспан астында жұмыс жасаушылар.

  • Иілгіштік, автоматты жүйелердің кеңейуі, ал мәліметтер жиналып керек кезде қолданылып отырылады.

Технологиялық үрдісті объект ретінде басқарып немесе қарап айнымалы үрдістер көптеген группаларға бөлінеді.

Кіріс айнымалыларына жататындар:

Х1 – мұнайдың мұнай құбырына келген саны;

Х2келген мұнайдың температурасы;

Х3 – келген мұнайдың сапасының құрамы;

Х4 – қысым, резервуарға мұнай құбырымен берілетін мұнай;

Басқарушы айнымалылар:

U1 – келген мұнай қысымы;

U2шыққан мұнай қысымы;

Технологиялық үрдістердің жүру шартының мінездемесінің айнымалылары:

Z1 – резервуардағы мұнайдың температурасы;

Z2 – резервуар қабырғасының температурасы;

Z3 – резервуардың ішіндегі мұнай астындағы судың деңгейі;

Z4мұнайдың созылмалылығы;

Z5 – ауа қысымы немесе мұнай буының резервуар ішінде газ тұратын кеңістікте болуы;

Шығыс айнымалылары:

Ү1 – резервуардың ішіндегі мұнайдың жоғарғы деңгейі;

Ү2 – резервуардың ішіндегі мұнайдың төменгі деңгейі;

Ү3 – мұнайдың шығыны (тынысымен);

Осы үрдісте қоздырғыш әсер етушілер:



  • мұнай құрамы;

  • сораптың қалыпты жағдайы;

  • қоршаған ортаның температурасының тербелісі;

  • резервуардың қалыпты жағдайы;

  • т.с.с.

Айнымалы үрдістің керекті дәлдік дәрежесімен анықталмауы, бақылау және өлшеу аспаптардың болмауына қатысты екенін білеміз.

Мысалы: Ең қиындық түсіретін жағдай ол резервуарлардағы шығынды (тынысымен) өлшеп, бақылап отыру.

Бұл айнымалылар үрдістің қалыпты жағдайын бағалауға қиындық келтіреді де және оларды жедел басқаруды нашарлатады. Осылайша, объект ақпараты толық емес объектілер сыныбына жатады. Үрдістерді талдау кезінде тоқталатын жай, резервуар қабырғасына парафиннің жабысуна байланысты қабылданып және таратылған құбырлардың бітелуіне, резервуардың ескіруіне, судың мұнайда тұрақты сақталмауы және тағыда сол сияқты себептер арқасында мұнайды резервуар арқылы айдау тиімсіз және де бұл үрдіс бір қалыпты болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет