Берілген үзіндіден теңеуді табыңыз. Жасалу жолын көрсетіңіз Менің ерлігімді сұрасаң



Дата20.12.2023
өлшемі17,69 Kb.
#141424
Байланысты:
Сұрақтар


Берілген үзіндіден теңеуді табыңыз. Жасалу жолын көрсетіңіз.


...Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау асау тайыңдай,
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай,
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай...

Берілген үзіндіден метафораны көрсетіңіз.


Өмір – дала, ақын – бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылсымды,
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған.

Үзіндіден метонимияны табыңыз. Жасалу жолын көрсетіңіз.


Нағыз сұлу әйел үшін қажет кезде жан қию,
Бұл – моральдік кодекстің жазылмаған тармағы.
Бірақ, бірақ талайлардың бақыты алыс, сорынан,
Бұл кез келген бөріктінің келе бермес қолынан.
Тіршілікте анау жүрек, мынау бас,
Сая бағып, сірә, тыныш тұра алмас,
Желік көңіл,
Жетім ойлар тұрғанда,
Тыншып бейқам сауық-сайран құра алмас.

Өлең шумағындағы теңеуді көрсетіңіз.


...Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгембай!
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгембай!
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгембай!
...Білегі жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бөгембай!

Қайталаудың қай түрі екенін көрсетіңіз. Жасалу жолын талдаңыз.


Мінетін жерің – мына ара,
Түсетін жерің – мына ара,
Тоқтайтын жерің – мына ара,
Соқпайтын жерің – мына ара,
Өтетін жерің – мына ара,
Жететін жерің?...
Сұрама!

Д.Исабековтің «Тіршілік» повесінің тақырыбы мен проблематикасына талдау жасаңыз.


Д.Исабековтің «Тіршілік» повесіндегі объективті және субъективті идеялардың ерекшелігіне талдау жасаңыз.


О.Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі образдар жүйесіне талдау жасаңыз.


О.Бөкейдің «Атау кере» повесінің тақырыбы мен проблематикасына талдау жасаңыз.


Суреттеу тәсілінің қай түрі? Қолдану жолдарын түсіндіріңіз:


«...Өстіп жүріп мен оның бет-пішініне көз тастадым. Жүнін жұлған құстың денесіндей бүршік-бүршік бетіне үсіген картоптай емін-еркін мұрын жайласыпты. О баста оны әлдекім лақтырып жібере салғандай, бір жағына қисая жабысқан екен. Бір көрген адам оны әне-міне құлап кетеді екен деп минут сайын күткендей еді».

Суреттеу тәсілдерінің қай түрі? Жасалу жолдарын түсіндіріңіз:


«Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге! О, жарым естер-ай десеңші!
Бойына сыймаған күйініш пен өкініш Қарекеңнің жан түбінен осы бір сөздерді лақтырып тастады. Не жетпейді, опыр-ау, не жетпейді екен бұларға. Ел тыныш, қой үстіне боз торғай жұмыртқалап, ақ түйенің қарны ақтарылып жатысы мынау. Белі сырқырап жұмыс істеп жатқан да жоқ қой жүдә. Енді не жетпейді бұларға? "осыла« жесін, осылар кисін» деп жар құлағың жастыққа тимей, жарастылықты өмірлеріне жаның сүйсініп, «е, құдай, балаларымды бақытты қыла гөр, өмір жастарын ұзақ қыла гөр» деп жүргенде бұл ақымақтардың сүттей ұйыған тұрмыстары нілдей бұзылып, қақыратып кетті-ау қабырғаны!. Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге!»

Кейіпкер портреті мен мінездеудің айырмашылығы неде? Төмендегі кейіпкер бейнесі қандай тәсілмен жасалған?


«...Даусы жуан, ашық. Сөзге өте құмар. Бірақ өте салмақты. Көп тыңдайды. Өзі бір әңгімені айтуға кіріссе, өте әдемілеп, бажайлап айтады. Бір қызық әңгімелерді айтып отырғанда өзі сол уақиғаны сол сәтте қолымен істеп отырғандай суреттеп, жандандырып сөйлей біледі. ...Қимылдары салмақты, жүріс-тұрысы марғау сылбыр. Өмірінде ерінген емес. Өте тәуекелшіл. Жолдасы үшін отқа, суға бірге түсуге еш уақытта іркілген емес. Қорқу, үрку оның әдеті болған емес...»

Т.Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесіндегі идея мен композиция бірлігін дәлелдеңіз.


М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасының сюжеті мен композициясына, образдар жүйесіне талдау жасаңыз.


Абайдың «Ескендір» поэмасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.


Қажым Жұмалиев саралаған ұйқас түрлерін көрсетіп, әрқайсына мысал келтіріңіз.


Төменде берілген өлең шумағын құрылысына қарай талдаңыз:


Бұл өмірде жаны жарқын жақсы адамдар қанша көп,
Армандаймын, соның бәрі менің досым болса деп.
Қарсы алдымнан күле қарап келе жатса бір адам,
Іштей гүлдеп кете барам, шаттығына қуанам.

Әлем әдебиетіндегі өлең құрылысының түрлеріне мысал келтіріп, талдаңыз.


«Өлең өлшемі» дегеніміз не? Қазақ өлеңінің өлшеміне мысал келтіріп, талдаңыз.


«Өлең ырғағы» дегеніміз не? Мысал келтіріп, талдаңыз.


«Өлең құрылысы» дегеніміз не? Мысал келтіріңіз, талдаңыз.


Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесіне әдеби талдау жасаңыз.


Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесінен суреттеу тәсілдерін (портрет, мінездеу, монолог, диалог) көрсетіңіз.


Шағын көлемді эпикалық түрлерге мысал келтіріп, дәлелдеңіз.


Көрсетілген троптың түрлеріне (метонимия, синекдоха) мысал келтіріп, жасалу жолына талдау жасаңыз.


Көрсетілген троптың түрлеріне (гипербола, литота, гротеск) мысал келтіріп, жасалу жолын көрсетіңіз.


Қазақ өлеңіндегі аллитерация, ассонанстың қызметі.


«Психологиялық параллелизмге» мысал келтіріп, дәлелдеңіз.


Көркемдік деталь қызметі. Шығармадан мысал келтіру.


Көркем образдың жасалу тәсіліне қарай түрлерін сипаттап, мысал келтіріңіз.


Көркем әдебиет. Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі өнердің басқа түрлерінен ерекшеліктері.

Аллитерация, ассонанс. Жасалу тәсілдерін мысалмен дәйектеңіз


Абайдың әсемдік туралы, сөз үйлесімділігі туралы пікірлері


Әдебиет теориясы. Мақсат, міндеттері, зерттеу нысаны


Романтикалық образ. Жасалу жолдары


Реалистік образ. Жасалу тәсілдері


Әдебиет сыны. Зерттеу нысаны


Текстология саласы, зерттеу нысаны


Сөз өнері туралы ғылымның салалары


Антикалық дәуір ойшылдарының (Сократ, Демосфен, Платон, Демокрит, Аристотель, Гораций, Овидий) эстетикалық ой-толғамдары


Орта ғасырлық түркі ойшылдарының әдебиет жайлы пайымдаулары


Әдебиеттану ғылымының жанама салалары. Олардың мақсат-міндеттері мен атқаратын қызметі


Белинскийдің әдеби сынға, әдебиеттануға қатысты еңбектері


Шағын көлемді эпикалық шығармалар. Ерекшелігін сипаттаңыз.


Орта көлемді эпикалық шығармалар. Жасалу жолын көрсетіңіз.


Кең көлемді эпикалық шығармалар. Өзіндік ерекшелігін сипаттағыз.


Абай өлеңдеріндегі өлшемдерге талдау жасаңыз


Ш.Уәлихановтың қазақ поэзиясы туралы пікірлері


Силлабикалық өлең өлшемі


Тоникалық өлең өлшемі


Метрикалық өлең өлшемі


Фигураның түрлері


Көркем шығарма тақырыбы


Көркем шығарма идеясы


Көркем шығарманың мазмұны


Көркем шығарманың пішіні


Композицияның сюжеттен тыс бөліктері


Қазақ поэзиясындағы ұйқас түрлері


Социалистік реализмнің өзіндік сипаттары


Әдебиет тарихы. Зерттеу нысаны


Әдебиет туралы ғылым және оның салалары: зерттеу нысанын негіздеңіз.

Образдың жасалу жолдарына дәйектеме жасаңыз және түрлеріне талдау жасаңыз.


Әдебиеттегі даралау және жинақтау ұғымын салыстыру кестесі арқылы саралаңыз. Тип пен прототипті түсіндіріңіз.


Көркемдік әдіс түрлеріне концептуалды карта жасаңыз.


Көркем мәтіндегі тілдік бірліктерді менталды картаға түсіріңіз.


Көркемөнер түрлеріне сипаттама беріңіз.


Әдебиеттану ғылымының өзге ғылымдармен байланысын «ВЕНН» диаграммасы арқылы көрсетіңіз.


Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеті туралы ой-пікірлерін ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз.


Әл-Фарабидің әдебиет, өнер туралы ғылыми еңбектерін кластерге түсіріңіз.


Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық ойларға талдау жасаңыз.


Көне Грекия ойшылдарының ой-толғамдарын ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз.


Әдеби тектің түрлеріне сипаттама беріңіз.


Пейзаж – көркемдік тәсіл түрі. Әдебиеттегі пейзаждық детальға мысалдар келтіріңіз (2 мысал).


Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін бірлігін түсіндіріңіз.


Тілді құбылту мен айшықтау құралдарының қызметтеріне бірнеше мысал келтіріңіз.


Көркем шығарма тілін сипаттаңыз.


Әдеби үрдіс туралы кластер құрыңыз.


Көркем шығармадағы сюжет пен композиция және фабула терминдеріне анықтама беріңіз.


Көркем әдебиеттегі портрет түсінігі бойынша ғалымдар пікірін келтіріп, концептуалды кесте жасаңыз.


А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттануына қосқан үлесі бойынша «Болжау стратегиясын» пайдаланып өз пікіріңізді жазыңыз.


Өлең сөз теориясы бойынша менталды карта жасаңыз.


Қазақстандық әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихына кластер құрыңыз.


Көркемдік әдіс тұрғысындағы образдың түрлеріне талдау жасаңыз.


Образдың жасалу тәсілдеріне қарай түрлеріне талдау жасаңыз.


Стиль жайлы түсінік туралы ғалымдар пікірін келтіріп, концептуалды кесте жасаңыз.


Лирика. Әдеби тек ретіндегі ерекшеліктерін сызба түрінде көрсетіңіз.


Әдеби бағыт, ағымдар туралы концептуалды карта жасаңыз.


Эпос. Әдеби тек ретіндегі ерекшеліктерін сызба түрінде көрсетіңіз.


Сюжеттегі тартыс мәселесіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз.


Драма. Әдеби тек ретіндегі ерекшеліктерін сызба түрінде көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет