Бәсеке түсінігі және оның теориялық негізі. Бәсекенің түрлері мен оның атқаратын атқарымдары Бәсеке



бет3/8
Дата06.01.2022
өлшемі74,5 Kb.
#11707
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Басеке уй тапсырмасы

Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмніңнегізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманын, монополиялық болмысы жасанды болады. XX ғасыр дейін монополиялар шектелген сфераларда болған.Кейін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды.Монополияланудың бірнеше формалары болады - картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, тағы басқа. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия,олигопсония, дуополия, билатеральдік монополия.

Монопсония — белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Олигопсония — белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

Олигополия — Бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

• бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;

• ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;

• өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, "өндірістік пирамида" типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, эдетте "олигополия" деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорадиялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.



Дуополия — белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұл ардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды. Дуополия — Бұл олигополияның ең жабайы түрі. Билатералдық монополия (екі жақты монополия) — тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұл ар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысынын қалыптасуына елеулі әсер етеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекетгік мекемелерге, немесе, контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.

Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу; өнеркәсіптік- өндірістік тіресу, сауда сатық тіресу (сайысу).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет