Бәсеке түсінігі және оның теориялық негізі. Бәсекенің түрлері мен оның атқаратын атқарымдары Бәсеке


Жетілген және жетілмеген бәсеке модельдері, олардың мазмұны мен оларға тән сипаттары



бет2/8
Дата06.01.2022
өлшемі74,5 Kb.
#11707
1   2   3   4   5   6   7   8
3.Жетілген және жетілмеген бәсеке модельдері, олардың мазмұны мен оларға тән сипаттары.

Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз – нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын,саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі.

Басқаша айтсақ, жетілген бәсеке нарығы – бұл «тең мүмкіндіктер нарығы».

Жетілген бәсекелестік жағдайындағы нарықтық құрылымның басты шарттары мынадай болып келеді:

1.Нарықта біртектес (стандартталған )өнімді өндіретін және сататын фирмалар саны көп болады.

2.Шаруашылық субьектілерінің саладан еркін шығуы және оған еркін кіруі ештеңемен шектелмейді.

3.Нарық ұсынысының жалпы көлеміндегі әрбір жеке фирманың үлесі өте аз, сондықтан ол тауардың нарықтағы бағасына әсер ете алмайды.Керісінше, ол өзі нарықтың стихиялы күшіне тәуелді болады және тыстан берілген бағаны қабылдайды.Сондықтан бұндай нарық құрылымында жұмыс істейтін фирмаларды – «баға қабылдаушылар» деп атайды.

4.Ақпараттың мол болуы.Нарықтың субьектілері сол берілген нарықтың барлық параметрлерін аса толық біледі.Толық деректілік олардың арасына тез арада тарайды және олар ақпарат жинауға ешқандай артық шығын жұмсамайды.Осы шарттың негізінде ортақ баға заңы қалыптасады.

«Ортақ баға заңы» дегеніміз – жетілген бәсеке нарығында кез келген сатушының кез келген тауарды немесе қызметті ортақ нарықтық баға бойынша сатуын сипаттайтын нарықтық қағида.

Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздегі әрекеттенеді — өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады.

Жетілмеген бәсеке.Монополия.

Монополия – өндірісті ,сауданы және қызметтердің басқа да түрлерін жүргізу үшін жеке тұлғаға , белгілі бір адамдар тобына немесе мелекетке берілетін ерекше құқық.

Басқаша сөзбен айтсақ, монополия – бұл «жалғыз сатушының нары

4.Монополия жетілмеген бәсеке элементі ретінде оның сипаттамасы мен түрлері.

Монополистік жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал XIX ғасыр басында монополиялардын, пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдын шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілерконтрагенттерге әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет