Безымянный-1



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата06.02.2023
өлшемі3,84 Mb.
#65549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жасыл экономика

7
БҰРЫНҒЫ «ЖАСЫЛ ЕМЕС» 
ЭКОНОМИКА НЕЛІКТЕН 
ҚАНАҒАТАНДЫРМАДЫ?
Бір нәрсенің пайда болып, дамуы үшін, оның біреуге қажет болуы 
шарт екендігі баршаға аян. Жай ғана, «еріккеннен» бір нәрсе пайда 
болса да, ол ешкімге қажет болмағандықтан, тез жоғалады, сондықтан 
біз «ешкімге керек болмағаны ғой» дейміз де қоямыз. 
Соңғы жылдары Жасыл Экономика ұғымы қоғамда кеңінен пайда 
бола бастағандықтан, бұрынғы экономиканың несі кем? Жаңа 
экономика неге қажет, неліктен ол жасыл? Қазіргі бар экономика сонда 
қандай түсте болғаны? – деген сияқты маңызды сұрақтардың пайда 
болуы заңды.
Қазіргі экономикадан ерекшеленетін жаңа экономиканы құрудың 
себептері мен қажеттілігін көп іздеудің қажеті жоқ. Ол үшін кейде 
терезеден ешқандай құралсыз қаланы жауып тұрған тұмшаны, яғни 
өндірістің, жылыту мен көліктің ластауыштары шоғырланған ауа 
қабатына назар салсаңыз жеткілікті. Өндіріс шығарылымдары әсерінен 
көз алдымызда өзгеріп жатқан климат, су мен топырақ ресурстарының 
ластануы мен жұтаңдануы, жануарлар мен өсімдіктердің мүлдем 
жоғалуы, қоршаған ортаның ластануы әсерінен әр түрлі аурулардың 


етек алуы - бұрынғы экономикада адамзат пен адамзат мекендейтін 
планета арасындағы өзара қатынастағы кризис бар екендігінің дабылы 
болып табылады. Бұрынғы экономиканы дамыту – салауатты тіршілік 
етуге жарамды ортаны жоғалтуға әкеліп соқтырады.
Бұрынғы, дәстүрлі экономика, жер ресурстарының «шексіздігі» 
ұстанымына негізделген, барлық болашақ проблемалар белгісіз 
келешектегі ұрпақтың үлесіне қалдырыла берген, «біздің ғұмырымызға 
жететін» сияқты көрінген. Алайда өркениеттің даму жылдамдығының 
тез болғаны сонша, оның жетпейтіндігі көрінді. Болашақ ұрпақтар түгілі, 
тіпті өзімізге де жетер емес, қазірдің өзінде бізге су жетіспей жатыр, 
егістік алқаптар, минералдық қорлар жетіспейді. Мысалы, болжауларға 
сәйкес, су жетіспеушілігі бұдан әрі де арта бермек, 20 жылдан кейін су 
қоры әлемдік сұраныстың 60% ғана қанағаттандыра алады⁶. 
XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемдік жалпы өнім 4 есеге⁷ 
көбейді, осының нәтижесінде жүз миллиондаған адамдардың әл-
ауқаты көтерілді, алайда олардың күнелтуіне қажет 60% негізгі 
экожүйелік тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы төмендеді, 
немесе бұл тауарлар мен қызметтер тұрақсыз түрде⁸ пайдаланылды. 
Бұл соңғы ондаған жылдар бойы экономикалық өсімге табиғат 
ресурстарын шығындау есебінен қол жеткізілді деген сөз; адамзат ол 
қорлардың қалпына келуіне мүмкіндік бермеді, алайда экожүйелердің 
деградацияға ұшырауы мен жоғалуына жол берді⁹. Осылай, мысалы, 
ауыл шаруашылығындағы егіннің бітіктігіне топырақ сапасын 
төмендететін⁹ химиялық тыңайтқыштарды¹⁰ пайдалану арқылы қол 
жеткізілді. Ормандарды кесуді кеңейту тенденциясын өзгерту мүмкін 
болмады: 1990-2005 жылдары орман аудандары жыл сайын
13 млн гектарға¹¹ азайып отырды.
8
⁶Charting our Water Future: Economic Frameworks to Inform Decision Making. Мюнхен: Су 
ресурстары бойынша топ 2030. МакКинзи және компания (2009), 7 бет
⁷World Economic Outlook Database, МВФ: Вашингтон О.К. (сентябрь 2006 г.),
http://www.imf.org/external/pubs/ft/weo/2006/02/data/download.aspx .
⁸Ecosystem and Human Well-being: Synthesis. Millennium Ecosystem Assessment (2005),. 
стр. 1. 
⁹ЮНЕП, 2011 г., «Жасыл» экономикаға қарсы:тұрақты даму мен кедейлікті жоюға 
жол — билік құрылымдарына арналған жалпылама баяндама, 
https://web.unep.org/greeneconomy/sites/unep.org.greeneconomy/files/ publications/ 
ger/GER_synthesis_ru.pdf
¹⁰FAOSTAT, 2009
¹¹Адриан Миллер и Джоан С. Дэвис. Reducing Global Warming: The Potential of Organic 
Agriculture. Институт Родейля и FiBL (2009), стр. 1


Экологиялық қорлардың тапшылығы адамзатты азық-түлікпен 
(балық аулау, ауыл шаруашылығы, ауыз сумен жабдықтау, орман 
шаруашылығы) қамтамасыз етудегі маңызды роль атқаратын және 
кедейлердің тіршілік етуінің маңызды көзі болып табылатын экономика-
ның барлық секторларына терең әсер етеді. Экологиялық тапшылық пен 
әлеуметтік әділетсіздік – «жасылдан» әлдеқайда алшақ экономиканың 
негізгі анықтаушы белгілері.
Кейбір елдер экономика мен адамзат потенциалының жоғары даму 
деңгейіне бұрынғы «жасыл емес» экономиканың үлгілерін пайдалану 
арқылы қол жеткізді, алайда бұл көп жағдайларда табиғат қорларының 
жұтауы, қоршаған орта сапасының төмендеуі, жинақталып жатқан 
ластаушылар мен жылыжайлық газдардың шығарылуы есебінен жүзеге 
асырылады. Бұл елдердің алдында жергілікті халықтың тіршілік ету 
сапасын төмендетпеу арқылы тұрғындар санына келетін қоршаған ортаға 
әсерін азайту мәселелері тұр.
Осындай ауыр зардаптарға соқтыратын экономиканың түсі қандай? 
Мүмкін, сіздер аңғарған да шығарсыздар – мұндай экономика, тіпті БҰҰ 
ресми құжаттарында да «қоңыр экономика» деп аталады¹². Бұл атау 
әдеттегі экономиканың табиғат пен адамзат қорына тиімсіз қарауы 
нәтижесінде осы қорлардың басым бөлігін қалдыққа айналдырып, 
табиғаттың деградацияға ұшырауына жол бере отырып, саяси және 
әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға әкеліп соқтыруына байланысты 
аталды. Бұндай экономика мемлекет бюджетінің кәсіпорындардың 
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлейтін өтемақысына кеселді тәуелділігін 
орнатқан, яғни «қоңыр экономикада» қоршаған орта көп ластанған сайын 
мемлекет бюджетіне де ақша көбірек түседі немесе керісінше – өнеркәсіп 
таза болған сайын, «экологиялық төлемдер» де азаяды.
Барлық әлемдегі жаңа экономикаға деген қызығушылықтың артуы, 
бір жағынан, ортаның жұтауы мен қор тапшылығы салдарынан XXI ғасыр 
басында жиілеп кеткен қақтығыстарға байланысты болса, екінші жағынан 
– осындай қақтығыстарды шешуді «қоңыр емес» экономика арқылы 
шешу мен алдын алудың көптеген мысалдарының пайда болуына 
байланысты. Мұндай экономика жаңа ғылыми-инновациялық идеяларды 
пайдаланып қана қоймай, қазірде бар қатерлерді материалдық әл-ауқат 
үшін, бар проблемалардың жиналып көбейе беруі мен әлеуметтік 
теңсіздік үшін төлемеуге болатын экономикалық үлгілерді де қолданады. 
Қысқарта келе, Жасыл Экономика «қоңыр» экономика тудырған 
проблемаларды шешуге және болашақта мұндай қателіктерге жол 
бермеуге мүмкіндік беретін жол деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет