Безымянный-1



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата06.02.2023
өлшемі3,84 Mb.
#65549
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жасыл экономика

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА 
КӨШУ ҮШІН ЗАҢНАМАНЫ ӨЗГЕРТУ
Кез-келген ерікті немесе міндетті емес бастамалар заңнамалық 
қолдаусыз тек энузиасттар мен әуесқойлардың сыбағасы ғана болып 
қалады. Нақты әрекет ету үшін, яғни өмірді түбегейлі өзгерту үшін, 
мемлекет пен оның экономикасы жүргізіліп отырған ережелерді 
өзгерту қажет. Қалыптасқан экономикалық тәртіпті «ғаламшарымызды 
құтқарайық» деген құрғақ ұранмен өзгертіп, жаңарту мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі және оның 
Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев, Үкімет пен Парламент осындай 
қолдаудың қажеттілігін түсіне отырып, бірнеше жылдар бойы табиғи 
ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы қоғам, бизнес пен 
мемлекет арасындағы өзара әрекетті реттейтін Қазақстанның 
заңнамасын дамытып, оны реформалап келеді. Егер Тәуелсіздіктің 
алғашқы жылдарында табиғат қорғауға байланысты заңнамаға көбірек 
назар аударылса, кейінгі кездері Жасыл Экономиканы енгізуге тікелей 
немесе жанама қатысы бар заңнамалық құжаттар едәуір дамытылуда.
Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу процессінің бастамасы 
ретінде 2013 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан Республика-
сының жасыл экономикаға көшуі туралы тұжырымдамаға»
²³ (әрі 
21


қарай Тұжырымдама) қол қойған кезін айтуға болады. 2014 жылы оны 
жүзеге асыру жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президенті 
жанында Жасыл экономикаға көшу бойынша кеңес құрылды, 
заңнаманы жасау мен оны реформалау бойынша белсенді жұмыс 
басталды. 2016 жылы заң шығару белсенділігі Қазақстанның жасыл 
экономикаға көшуі туралы заңнаманы күшіне енгізумен аяқталды²⁴. 
Заңнаманы реформалау процессі экономиканың әр түрлі салаларын 
жасыл экономикаға көшіру бойынша стратегиялық жоспарларды 
жасаумен қатар жүргізіліп жатты. 
Осы кезге дейін Қазақстан жиырма жыл ішінде біраз бірізді 
қадамдар жасаған болатын, бұл қадамдар 1995 жылы UNFCCC²⁵ 
ратификациялаудан басталды. Одан кейінгі жылдары Қазақстан БҰҰ-
ның табиғат қорғау конвенцияларының барлығына дерлік кірді, 2004 
жылы Үкімет жанында Тұрақты даму бойынша кеңес құрылып, ұлттық 
экологиялық кодекс халықаралық конвенциялардың талаптарына 
сәйкес толықтай реформаланды деуге болады, тұрақты даму 
ұстанымдары саяси және заңнамалық құжаттардың негізін қалаушы 
идеялар ретінде енгізілді. 
Тұжырымдамада Қазақстан үшін ғана емес, басқа да дамыған 
елдер үшін өте масштабты және өр міндеттер қойылған. Жасыл 
Экономикаға көшу елдің ЖІӨ 3% жоғарылатып, 500 мыңнан астам жаңа 
жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, бүкіл әлемде мойынсұнған 
өмір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін өндіріс пен 
қызметтің жаңа түрлері енгізіледі²⁶. 
Әрине, тұтас мемлекеттің экономикасын біржола жаңа арнаға 
бұруды қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкін емес. «Қор секторларын-
дағы активтердің циклдық жаңарулары ұзақ уақытқы созылады, ал 
экономикасы табиғи қазбаларды өндіруге негізделген елдерде таза 
экономикаға көшу ондаған жылдарға созылады. Бұл жағдайда 
22
²³«Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы», 
Қазақстан Республикасы Президентінің № 577 Жарлығымен 30 мамыр 2013 жылы 
бекітілген, https://strategy2050.kz/static/files/Concept_Rus.pdf 
²⁴«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан 
Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы,
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34416564 
²⁵UNFCCC, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Шекті 
Конвенциясы, http://unfccc.int/resource/docs/convkp/convru.pdf 
²⁶https://strategy2050.kz/ru/news/1211 


Қазақстанды есептен шығаруға болмайды». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет