сабақтастығы болып табылады. Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұлттың
этника-лық сипаттамасына кіретін болғандықтан, ұлттық ерекшеліктің
маңызды элементі болып табылады. Яғни, ұлттық дәстүрлер – бұл тарихи
даму процесінде қалыптасқан және тек осы адамдардың ортақтығына тән
дәстүрлер. Номадтық әлемі қоршаған ортаны өзінің ішкі түйсігінен
көшірмеленген,
ал адам көңіл бөлуге лайықты жалғыз өзіндік құндылық
ретінде болған. Ол ұстаздың жеке қасиеттерін шәкіртіне беруі түрінде
таралды. Мысалы, қазақ-тарда ақсақалдар құндылықтарды тасушылар болып
саналды, оларды ұстаздар деп атады. Басқа маңызды институт ру болып
табылды. Өзінің руын, ата-бабасын білу өзінің рулық сәйкестігін сезінудің,
ал ол арқылы өз халқының дәстүрлерін таратудың да міндетті шарты болып
табылды. Бұл, өз кезегінде олардың ассимиляциялануына және тағдырдың
барлық жол айырықтарында өзінің бейнесін жоғалтуға мүмкіндік бермей,
этникалық өзгешелік сезімін айқындады және нығайтты. Сонымен, мысалы,
қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздеп, О. Сүлейменов пікірін
былай білдірді: «Тіл – тарихи білімнің өшпес көзі» және әрі қарай «оны
оқы» деп қосады.
Басталған сабақты жалғастыру үшін, өткеннің сол нақтылығына,
оның эволюциясының жауабын табуға тырысу үшін, оның тереңдігіне назар
аударамыз. Сол «қалпына келтіру» көзі және оның базалық қабаты
«Авеста» мәтіндері болып табылады. Өйткені ол эволюцияның ерте
дәуірінен патша билігінің саяси институтының пайда болуын жүйелеп
тексеруге мүмкіндік береді. Ахур Мазда сенімін (бір құдайға сену)
қабылдаған бірінші адамның аты Сұлу Ийма болды. Оған жаратушы Ахур
Мазда жаратқан «әлемді қорғаушы және қадағалаушы» қызметтері
жүктелді. Иймаға сенім білдірілген биліктің символдары «алтын жебе және
алтынмен безендірілген қамшы» болды. Осылай, Құдайдың еркімен және
Ийманың еңбегімен «Арианам Вайджа» елі құрылды.
Скифтердің шығу тегі мәселелерімен сондай-ақ Геродот айналысты.
Ол осы халықтың пайда болуы туралы үш аңыз келтірді. Олардың біреуіне
сәйкес аңыздың мазмұнын Геродот былай сипаттайды: «Әлі адам
тұрмайтын осы елдің бірінші тұрғыны Тарғытай деген адам болды. Оның
ата-анасы Зевс және Борисфена (Днепр) өзенінің қызы... Тарғытайдың
шығу тегі осындай болды. Оның үш ұлы болды: Липоксай, Арпоксай және
ең кенжесі – Қолақсай. Олардың патшалық құруында аспаннан алтын
нәрселер: соқа, бұғау, айбалта және тостаған құлады. Тек кенжесінің ғана
«құдай берген отпен жалындаған» аспан астындағы рақатты иеленуі сәтті
болды. Қолақсай патшадан – «Күн Құдайынан» парадаталар тайпасы пайда
болды». Енді «Авестаға» назар аударайық. Парадаталар онда батырлар, жер
патшалығының алғашқы тіршілік иелері ретінде сипатталады. Парадата
титулды - «бірінші заңгер», әлеуметтік нормаларды қалыптастырушы,
«алға қойылған» дегенді білдіреді. Ийма және Парадата ұғымдары өзгермей
(мазмұны бойынша) қазақ тіліне дейңн жетті, яғни оны мәні мынада,
мысалы: Хан ием айт бір датыңды. Авестада сондай-ақ Парадата әулетінің
негізін қалаушы – Хонгианг Парадата да еске алынады. Құдайды
жақтаушыларға бата берген соң Хонгиангтың басты әрекеті «әлеу-меттік
әлемде дүниежүзілік тәртіп орнату» болды. Оның кезінде Жарық және
шынайы Сенім Заңы жерге түсті. Пашталық билікті беру, оны мұраға
қалдыру ерлер тармағы бойынша әкеден балаға беру принципі бойынша
болады.
Авесталық мифологияда екі күштің: ирандықтар мен тұрандықтардың
тұспа-тұс тұруының сюжеті мен бейнесі бар, бірақ бұл тайпалардың ру
басылары бір әулетке – Парадата әулетіне өрледі. Ирандықтардың
иеліктерінде - егін шаруашылығы, ал тұрандықтардың иеліктерінде мал
шаруашылығы заңы салтанат құрды. Мифологияда турлардың ұрпағы
Тұрандық Фрасияг еске алынады. Ол (Афрасиаб, Тунь Алэу, Алып Ер
Тоңға) - иран және түркі әдебиеттері ескерткіштерінің кейіпкері. Афрасиаб
бейнесіне кейінгі уақыттағы жазушылар мен ақындар да жүгінген:
Фирдоуси «Шахнама» дастанында, Абу Райхан Бируни, Махмұд Қашқари,
Рашид ад Дин, қазіргі замандағыдан Н.Я. Бачурин және бірқатар басқалар,
соның ішінде қазақстандық әдебиетшілер де бар. Екі күштің тұспа-тұс тұруы
бітім келісімімен шешілді, ол бойынша жер иеліктері оған арийліктердің
үздік мергендерінің біреуінің алтын жебесі түскен сызық бойынша
межеленетін болған (Еске салайын, Ахур Мазданың Иймеге сеніп
тапсырған билігінің символы «алтын жебе және алтынмен безендірілген
қамшы» болған. Сәйкес ұқсастық Түркілер дәуірінде де байқалады).
Сонымен, мифологиялық сюжеттерді талдап, бірінші патша Хонгиангтың
Парадата әулетінің функционалды міндеттеріне: шынайы дінді
жақтаушылық, оны қорғау, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы
туралы қамқорлық кірді.
Бірқатар салыстырмалы тіл білімін зерттеушілер бірінші патша
Хонгианг-тың аты өзгертіліп, «Қаған» терминінің негізіне кірді деп
санайды. Көшпелі тайпалар билеушілерінің титулдарымен өзара байланыс
байқалады, онда бізге қытай транскрипциясымен жетті – гуньшуань,
шаньюй, хақан. Авесталық талдау және қытайлық, бірқатар басқа
деректанушылық деректерді салыстыру негізінде сияқты биліктің саяси
институтының пайда болу бастауларын қадағалады. Онда бір әулетке өрлеп
бара жатқан иран және тұран ортақтығы-ның шығу тегінің бірлігі
сипатталады, уақыт өткен сайын оның патшасының титулы өзгереді де,
«Қаған», «Хан» терминіне түрленеді.
Әлемдік тарихта халықтардың дамуының әрбір кезеңі өзінше құнды
және қайталанбастай, бұл қазақ халқына да тән. Қазақстан
территориясында және Еуразияның ауқымды кеңістігінде (шығыста Корея
түбегінен батыста Дунайға дейін, оңтүстікте Солтүстік Үндістаннан
солтүстікте Оңтүстік Сібір мен Байкалға дейін) мәдени ошақ пайда болды
(б.э. дейінгі ІІІ-ІІ мыңж. шебінде), оның эволюциясында көшпелі тәсіл
немесе Көшпелі өркениет, Көшпелі мәдениет анықталатын болады. Өзінің
даму процесінде Номадтық мемлекет-тік нысандар типтерінің өзінің
эволюциясында бірнеше кезеңді бастан өткізді, оларды атап кетейік:
Достарыңызбен бөлісу: |