Рулық тайпалық қауым. Алғашқы рулық қауымдық кезең.
Рулық- қауымдық ұйым, ондағы білікті ұйымдардың түрі.
Кейінгі рулық қауымдық кезең. Политегенез. Алғашқы мемелекеттің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуындағы географиялық фактордың рөлі.
Рулық тайпалық қауым. Алғашқы рулық қауымдық кезең. Рулық- қауымдық ұйым, ондағы білікті ұйымдардың түрі.
Рулық тайпалық қауымның шығуы - тарихтан бұрынғы замандарда қалыптасады. Адамдардың бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу, т.б. іс-әрекеттер адамдарды топтастырды. Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына - рулық қауымына айналды. Бұл шамамен "саналы адамның" шығу уақытына сәйкес келеді.
Әр руда бірнеше оңдаған рулас адам болды. Алғашында ұжымжағы жұмыстардың көпшілігін аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды. Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды. Әрбір қауым өз аумағында мекен етті . Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп орманда аң аулады, балық ұстады, ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидектер жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды. Ру ішіндегі тіршілік пен іс-әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі-еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Әрқасысы өз пікірін білдірді. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады. Оған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды, ержүрек, құрметті адамдар таңдалды. Ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Ру әрбір мүшесінің мүдделерінқорғады.Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды. Палеолиттің соңғы кезеңінің адамы өзінен бұрынғы адамдардан рухани жағынан анағұрлым жоғары тұрды. Мұны табиғи бояулармен үңгір қабырғаларына салынған ежелгі суреттерден көруге болады. Үңгір қабырғасы мен төбесінде жылқы, бизон, аң аулау көріністері және дәстүрлі би қимылдары бейнеленген.
Адамдардың пайда болуы. Ғылымдағы түжырымдар бойынша 3,5 млн.жыл бүрын элемдегі ауа райының күрт өзгерісі айналапы қоршаған табиғаттың күрделенуіне экеліп соқтырды. Бұл қүбылыс тірі жануарларды табигат қүбылысына икемденуге мәжбүр етті. Табиғатта болып жатқан жағдайларға тез арада маймылдар икемделген, яғни дриопитектер. Мезгіл откен сайын олар екі аяқпен қозғалу, күнделікті өміріне қажетті істер атқару, түрлі еңбек қүралдарын дайындау қол-күшінен корі ой-орісініц жұмысын жетілдіріп бірте-бірте жеделдеткен. Эволюция тарихыпда жапуарлардың тағдырыпда қол күшінен көрі ойлау қабілеті түңғыш болып басым түседі. Бүндай жануарларды ғылым екі түрге бөлсді: анстралоиитек жэне адам.
Австралопитек ( үш-терт түрлі оңтүстік маймылы) бүдан торт миллион жыл бүрын Африка өңірінде дүниеге келген. Солардан бүдан екі миллион жыл бүрын шамасында адамның алғашқы қалпы - Хомо (адам) гіайда болады. Одан кейін шамамен 2-1,5 млн. жылдар шамасында Хомо-Хомо хабилис, яғни қабілетті адам қалыптасады. Өзінен бүрынғы туысынан көрі ол ширақталған ой қабілетімен жэне сейлеу қабілетімен ерекшсленеді. Адамның бүл түрі еңбек қүралын, қорғаныс қүрылыстарын салуды иғереді, қүс аулау тэсіліпе машықтанады.
Адам дамуының келесі кезеңі (1,6 млн.- 200 мың жыл бүрып) тіке жүретін хомо эректус түрінің қалыптасуына түхтас келеді. Ғылыми болжамдар бойынша олар Африкада қалыптасып кейін топ-топ болып Еуропа, Шығыс Азия (синантроп), Оңтүстік-Шығыс Азия (явантроп) өңірінс тараған. Адамның бүл түрлері архантроп немесс ежелгі адамдар тобьш қүрады, олардың еңбек жэне қорғаныс қүралдары сүйек, ағаш, тастан жасаған. Адам тарихыида тас дэуірі ең үзақ кезең - біздіц дэуірғе дейін 2,5 млн.- 5 мың.жылға созылып палеолит жоне неолит болып аталады. Палеолиттің өзі екі кезеңге бөлінеді: төменгі ( 2 мли. - 40 мың.жыл бүрын)
жоне жоғарғы (40-12 мың. жыл бүрын). Тас дэуірінің соңғы кезсцінде адам өміріне темір құралдары келеді, ол уақытқа ғылымда энеолит атауы берілген.
Ғылымда біршама мерзім тас дэуіріндс біздің өңірде адамдар болмаған деген түжырым орыіі алды. Соңғы кездеғі археолоғиялық ізденістердің нэтижесінде Оңтүстік Қазақстандағы Тэңірказғап, Бөріқазғаи, Лқкөльде ежелгі адамдардың түрғын орындарының табылуы бүл иікірді озгертті. Бүгінгі таңда Қазақстанда налеолит мэдениетінің ескерткіштеріиің екі өңірі белғілі - Оңтүстік Қазақстап жэне Сары - Арқа.
Ғылым шамамен осыдаы 300 мың жыл бүрын хомо эректус кэдімгі адам қалпына жақындады деп есептейді, ал, хомо сапиенс ( неандерталенсис) немесе неандерталь адамы бүцан 200 мың жыл кейін салып қалыптасқан.
Зерттеушілер оларды палеантроп - көне адамдар деп атайды. Бүгінгі адамдарға типтес хомо сапиенс Еуразия еңірінде осыдан 40 мың жыл бүрын пайда болғаы. Жалпы, элем ғылымында қозіргі адамныц қалыіггасу орны туралы түрлі пікірталасқа жол ашқан түжырымдар бар. Ол түжырымдардың басым көпшілігі алғашқы адамдар Африкада қалыптасып, кейін олсмге түрлі жолдармен тараған деп есептейді.
Бүл қүбылысқа қоршаған айнала, көшіп-қону жэне адамдардың басқа "топ-тайпаларымен" араласпай өмір сүруі өзініц эсеріп тигізді. Неандертальдықтар өздерінің дамуында салыстырмалы түрдс айтарлықгай жоғары сатыларға котерілді. Олар отты, киім тігуді, аң шикізаттарын ондеуді игерді. Әсіресе, палеолиттің соңғы (жоғаргы) кезецінде адамдардың қол онері жетіле түседі. Енді, адам пышақ, ара, тескіш, балға, кескіш, балық аулайтын т.б. тіршілікке қажет күрал-саймандарды жасауды үйренеді. Осы кезде адамдар Қазақстан өңірін түгелдей мекендейді, еліміздің Шығысы жэне Оңтүстік Сібір мен Алтайда ежелгі қоғам мэдениетінің үшінші орталығы иайда болады.
Кейінгі рулық қауымдық кезең. Политегенез. Алғашқы мемелекеттің пайда болуы.
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін бірігуі” деп түсіндірді.
Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.
Мемлекеттің пайда болуындағы географиялық фактордың рөлі.
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған. Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.