Сондықтан Қазақстанның Ресейге қосылуы Сібірдің қосылуына қарағанда
басқа жолмен жүргізілді.
ХVІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан кейін Қазақ хандығында
тарихындағы ең қиын саяси жағдай орнайды. Тәуке ханның өлімінен кейін
оның еріксіз, әрекетсіз баласы Болат сайланды. Әрине, Болат ханның әлсіз
еркі мемлекеттің ыдырауына әкеледі. Болат ханның мұндай қылығы
нәтижесіз қалмады: солтүстіктен бір уақытта сібір казактары, волга
қалмықтары және башқұрттар шабуыл жасады; елдің оңтүстік-батысында,
орта азиялық хандықтар шекараларында да тыныштық болған жоқ. Бұл
жағдайды Жоңғар хандығы пайдаланып кетеді. Жоңғарлар (қалмықтар,
ойраттар) – батыс моңғол тайпалары (чоросстар, дербенттер, хошоуттар,
торғауыттар) ХVІ ғасырдың екінші жартысында өз одақтарын құрады, ал
1635 жылы Жоңғар хандығын құрады. Шығыстағы қалыптасқан күштер
қатынасы Қазақстан пайдасына шешілген жоқ. Өйткені Қазақстан
тарихындағы қайғылы оқиғалар осылармен байланысты. Әсіресе билікке
Цеван-Рабтан келгеннен кейін жоңғарлар мен қазақтар арасындағы
тайталастар үздіксіз жаулап алу соғыстарына айналды. Осы жыл «Ақтабан
шұбырынды, Алқа-көл сұлама» басталуы болып саналады (1723-1727).
Бір жағынан қаһарлы көршілермен қоршалуы, екінші жағынан ішкі
келіспеушіліктер – Қазақстанның қоғамдық және саяси өмірінің ережелерінің
бұзылуына әкелді. «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама» уақытын
бастан
кешіргеннен кейін, қазақтар басына батырлар қойылған жасақтар
ұйымдастырып,
шабуылға қарсы соққы береді.
Достарыңызбен бөлісу: