Дегенмен бұл қатынастар (саяси жоспарда) келесі шараларды да
туындатқан, яғни бағыныштылыққа және тәуелділіктің түрлі формаларына.
Жаңа заманға дейін бұл келісімдер (отырықшы елдердің көшпенділерге
тәуелділігі) негізінен жанама басқару саясатын қолдаған. Отырықшы
қоғамдардың көшпенділерге тәуелділігінің әр түрлі формалары ХV ғасырдың
соңына дейін орын алды (1480 жылы Сарайдың қайғылы күйреуіне дейін).
Көшпелі өркениеттің негіздерінің (империялық құрылымның) күйреуі орын
алғанда және (жаңа заман дәуірінде) отырықшы мемлекеттер әскери
өнеркәсіпте төңкеріс жасағанда (техникалық жоспарда) және Жібек жолы өз
маңыздылығын жоғалта бастағанда ғана (номадтар өмірін қамсыздандыру
көзі ретінде) отырықшы мемлекеттер номадтардан қорғалу «мәселесін» таба
алар еді. Теңіз жолдарындағы Ұлы географиялық жаңалықтар және сауда
жолдарының ауыстырылуы керуендік саудаға соққы жасады (негізгі
қорлардың бірінің жойылуы). Сонымен қатар отырықшы елдердің от ататын
қарумен қаруландырылған тұрақты әскерлері көшпенділердің атты
әскерлерін жеңе бастады. Күтілгендей, ХVІІІ-ХІХ ғ. қарай көшпелі
мемлекеттер отырықшы империялардың бірте-бірте құлдау объектілері бола
бастады. Біз осы мәселелерді VІ-бөлімде қарастырамыз.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Мәскеу иелігінде Қазақтар мемлекетін Казак
Ордасы деп атаған. ХVІІ ғасырға дейін Мәскеу мемлекетінің Қазақстанмен
ортақ шекарасы болған жоқ, ол Ноғай Ордасымен Казань және Астрахан
хандықтарымен
бөлінген
болатын.
Жошылықтар
империясының
қирандысында жаңа орталықтар пайда болып, оның мұрасына күрес
бастаған. Ең бірінші кезекте бұл Мәскеу мемлекеті және Крым хандығы
болған (олар өз тағдырын Осман империясымен байланыстырған), бұларға
ноғай және башқұрт мырзалары, қазақ және сібір хандары әр түрлі дәрежеде
құмар болған. ХVІ ғасырда Мәскеу Алтын орда мұрасына деген дауды жеңе
бастады. Казань және Астрахан ақсүйектер ортасындағы Мәскеуді қолдаушы
және Крымды қолдаушы партиялар арасындағы көпжылдық күрес Иван
Грозныйдың Казанды (1552) және Астраханды (1556) жаулап алуымен
аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы Мәскеу патшалығының құрамына енеді.
Осыған ұқсас жағдай Ноғай Ордасында да пайда болды, мұнда билікке
үміттенушілердің – ағайынды Смайыл және Жүсіп - өз-ара тартысында орыс
ықпалын қолдаушы Смайыл жеңді. Оның жеңісінің нәтижесінде Жүсіп қаза
болып, ноғай руларының бір бөлігі Крым, Қазақ және Сібір хандығының
шегіне көшті. ХVІ ғасырдың ортасына қарай Хакк-Назар хан Ноғай
Ордасының ыдырауын пайдаланып, өз билігін ноғайлар мен башқұрттарға
таратып, «қазақтар, ноғайлар, башқұрттар және қырғыздар» ханы атанған.
Бірақ ХVІІ ғасырдың басында Жайық өзенінің құйылысында қазіргі Атырау
қаласынан шамамен 60 км жоғары жерде ХІІІ ғасыр басында Жошы
ұрпақтары
негізін
салған
Сарайшық
қаласы
орталығы
болған
ноғайлықтардың саяси мағынасы жойылды. Қақтығыстармен ойрандалған
ноғай жері ноғайлықтар топтарының және княздары жоқ орыс
қаңғыбастарының паналайтын жеріне айналды. Осы жерде патшалы Ресейдің
Достарыңызбен бөлісу: