Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет48/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз

Семей округі

халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан-мамыр 
аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Қатонқарағай 
аудандарында толқулар болып өтті.
Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп 
бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары 
біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды 
айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға 
үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар 
ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды.
Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 
адамды атуға, 172 адамды 2-10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер 
аударуға үкім шығарды.
Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен 
ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери 
округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.
Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, 
Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының 
шаруалары көтеріліске шықты.
Жазалау шараларының салдары: 
1. 1929-1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды.
2. Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 
қыркүйек – «Қазақстан ауылшаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы 
туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра 
сілтеушілік қатты айыпталды. Ф.И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен 
босатылды, кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға 
кірісті. 
1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды. 
2. 
Астықты 
аудандарда 
коммуналар 
орнына, 
артельдер 
ұйымдастырылды. 
3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.
4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. 
сом ақша бөлінді. 
5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, 
жүзеге асырыла бастады. 
6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді. 
7. Совхоздардың біраз малы колхозшылардың жеке пайдалануына 
берілді. 
8. Ф.И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, 
совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші 
бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың 
комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933-1937 жж.) – 200-ге 
жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 
40 млн. сом қаржы бөлінді.
Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауылшаруашылығын 
ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі 
ірі апаттарға әкелді.
3.
30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. 
Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық 
меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО 
Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция әміршіл-әкімшіл жүйені 
нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке 
адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) 
басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын 
қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – 
дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды. Қазақстанда ең 
алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының 
қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов,
Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов және тағы басқалары ұшырады.
Жергілікті 
зиялыларды 
қудалауда 
өлкелік 
партия 
комитеті 
ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес 
қосты». Атап айтсақ, 1927-1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. 
Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан 
аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 
төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары 
қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен 
алынды.
1937-1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары 
репрессияға ұшырағандар:
-
Кеңес 
үкіметін 
орнатуға 
ат 
салысқандар: 
С. Арғыншаев,
Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев
, А. Асылбеков.
- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов,
К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов.
- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер:
Т. Әлиев, С. Жақыпов.
- Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: І. Жансүгіров,
Б. Майлин, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов.
- Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л.И. Мирзоян,
К.М. Рафальский, В.Н. Андроников. Бұлардың барлығы «халық жауы» 
ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер 
пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, 
ЧСИР – Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған 
лагерь. Кейіннен ол «Алжир» - халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. 
«Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап 
шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – 
обсервацияда 
Ресейден 
«халық 
жауы» 
ретінде 
жазалағандар 
орналастырылды.
1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, 
Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік 
Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.
30-40 жылдар мен 50-жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер 
туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», 
ерекше кеңестер шешті.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де 
сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.
Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану, 
2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып 
белгіленді).
1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII 
съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын 
қабылдады. Он бір Одақтас Республикасының Социалистік Федерациясы 
құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта 
құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.
1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі 
қабылдаған Конституциясында - Республикасының саяси негізі – еңбекшілер 
депутаттарының Кеңестері:
- Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық 
жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік 
деп атап өтілді.
Қазақ КСР-і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік, 
экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие 
болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды.
1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. 
Оған республикадан 44 депутат сайланды. 1938 жылғы маусым - Қазақ КСР 
Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 
112-сі жұмысшы; 116-сы колхозшы; 152-сі қазақ; 60-сы әйел, оның 27-сі 
қазақ әйелі. 1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші 
сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті 
Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.
20-30 жылдар кезеңінің қорытындысы, тиімді жағы: 
1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына 
қолы жетті.
2. Индустриясы жедел дамыды.
3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.
Тиімсіз жағы:
1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым 
қымбатқа түсті.
2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ 
қоршауында қалды.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет