Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


-тақырып. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980



Pdf көрінісі
бет51/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз

13-тақырып. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 
жылдардың бірінші жартысында. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты 
(1985-1991 жж)
 (1сағат) 
1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары: 
а) экономикадағы дағдарыстар, 
б) халық өмірінің жағдайы. 
2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері мен зардаптары. 
3. Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялар. 
 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. Л.И. Брежнев басқарған кезеңдегі экономикалық реформалардың 
негізгі проблемаларын ашыңыз. 
2. Қазақстандағы 
қоғамдық-саяси қозғалыстар мен жаңа саяси 
партиялардың («Невада-Семей», «Азат», т.б.) рөлін айқындаңыз. 
3. «Дамыған социализмнің» дағдарыс кезіндегі Қазақстандағы мәдениет 
пен ғылымның негізгі бағытын ашыңыз. 
1.
Н.С. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген 
тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан 
өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу осы 
сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның 
айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға 
берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертілді: Ақмола – 
Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. 
Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық 
оған наразы болды. Сөйтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық 
шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
түбегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетіліп келе жатты. Экономикалық 
мәселелерді шешуде субъективизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған 
сайын айқындала түсті.
Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою 
жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып 
өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП ОК-
нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Советінің төрағасы 
міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші 
хатшысы етіп Л.И. Брежневті сайлады, ал Кеңес Үкіметінің басшысы етіп 
КСРО Жоғарғы Кеңесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша 
партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 
1962
жылы жүзеге асырылған 
өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, 
олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына 
келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге, жоспарлау мен экономикалық 
ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске 
асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің 
экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.
70 жылдардың басында
 
бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту 
туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан 
төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И. Брежнев мәлімдеді.
1977 
жылы 

қазанда 
КСРО 
Конституциясы 
қабылданды. 
Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол 
мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің Конституциясы қабылданды. Бұл 
Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл 
Конституцияда да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу, қоғамға жат 
құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар 
көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне 
немқұрайды қарау кеңейді.
1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын 
құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, 
Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге 
тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау 
қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, оған 
КОКП ОК-ының хатшысы А. Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі 
қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ 
жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс 
автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар 
плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы 
жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы 
Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов 
Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартысында партияның 
жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған 
сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, 
оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті 
болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық 
жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар 
көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған 
жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп 
құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын 
құлдырай бастады.
Сонымен Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай, тоқырау 
өмірдің барлық салаларында: идеологияда, адамдар арасындағы қарым-
қатынаста да орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған 
жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың 
бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум 
өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер: 
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару. 
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер 
құру.
3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру. 
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5. Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық 
мадақтауларды көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару 
жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару 
органдары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай 
қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 
1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Кеңесі және 
экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, 
салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, 
құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық-
түлік кәсіпорындары біріктірілді.
60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми 
негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу 
жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға 
алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр 
станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен 
ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау 
жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе 
еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған 
жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына 
Лениндік сыйлық берілді. Екібастұз көмір кесіндісіне озық технология 
қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық 
жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И. Калинин атындағы зауыттың 
жұмыс технологиясы жақсартылді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа 
технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.
1965 жылғы 
шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – 
технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды 
түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге 
оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс 
әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. 
Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар 
қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның 
материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның 
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған 
II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан 
өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.
1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның 
көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау 
жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп 
салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, 
көтергіш крандар өндірістері. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл 
уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.
Жеңіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-
түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж 
фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада 
жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске 
қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 
жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың 
барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде 
өндіріске енгізілген ғылыми-техникалық жаңалықтардың 3%-ы Қазақстанға 
тиесілі болды.
Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан 
экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр 
(экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының 
дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда 
өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның 
ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.
Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның 
себептері:


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз 
жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану 
жалғаса берді. 
- Мемлекеттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың 
тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта 
монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.
Өндіріс саласындағы кемшіліктер: 
- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар 
ұсталды.
- Республика өндірісінде көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 
11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан 
жұмыс уақыты босқа жоғалды. 
- Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар 
көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі 
министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. 
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.
Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:
1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген 
стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану. 
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру.
Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз 
суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен 
тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам 
өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр 
түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетикалық 
өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.
Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-
жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны 
мен цехтар бой көтерді:
1. Лисаков кен-байыту комбинаты. 
2. Шерубай – Нұра шахтасы. 
3. Талдықорған аккумулятор зауыты. 
4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды.
1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды 
(32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина 
жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.
1965 жылдан бастап ауылшаруашылығы саласына бөлінетін қаржының 
көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Республикада 1893 шаруашылық дәнді-дақылдар өсіруге мамандандырылды, 
1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап 
ауылшаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл 
кезде ауылшаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар 
келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және 
басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.
70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер 
қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның 
өсу қарқынын барынша ұлғайту, мамандандыру мен шоғырландыру көзделді. 
1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауылшаруашылығына 18 млрд. 
сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға 
да орасан зор көлемде қаражат бөлінді.
Ауылшаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту 
арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық 
өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2- бесжылдықта – 
0,4%.
1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 
55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. 
Ауылшаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген 
шығынға батып отырды.
1986 жылы еліміздегі барлық ауылшаруашылық кәсіпорындар, 
шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс 
істей бастады.
70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкерлері 
шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, 
И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.
Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» 
совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың 
құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек 
ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. 
Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас 
бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.
Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – 
ауылшаруашылығын мамандандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік 
интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның 
негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-
өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.
1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда 
азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің 
тиімділігінің жеткіліксіз дәрежелі екендігін мойындауға мәжбүр болды. 
Пленум азық-түлік проблемасын шешудің бірден-бір мүмкін жолы 
интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Алайда азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің 
құлдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже 
бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды 
және 
шаруалардың 
түбегейлі 
мүдделерін, 
ауыл 
еңбеккерлерінің 
экономикалық 
мүдделерін 
қозғаусыз 
қалдырды. 
Колхоздар 
мен 
совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. 
Осының салдарынан ауылшаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық 
сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық 
жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село 
тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп 
кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда 
болды.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай 
күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс 
қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») 
аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер 
арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартысында 
дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең 
алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.
Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. 
Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу 
барысында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны 
болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан 
бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей 
полигонында алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонында 
барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның 
халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. 
Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп 
болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. Өмірге келетін сәбилердің 
кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды. 1969-
1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет 
сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді. 70 жылдардан бастап 
Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең 
алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік 
басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзендері суларын мақта, 
күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын 
тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға 
айналып отыр.
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан 
кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, 
экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. Дағдарыстың себебі 
өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге 
қабілетсіздегі және дәрменсіздігі. 
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке 
өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен 
төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салаларда дағдарыстың белгілері: 
- шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі. 
- ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- бақылаусыз басқару аппараты.
- инфляция.
- товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: 
- халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- теңгермешілдік.
- әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және 
коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда 
тұрды.
1985 жылғы наурызда Н.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП 
ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде 
КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету 
мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты 
жарияланды. М.С. Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық , жеделдету, 
қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде 
мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытын бастауға міндет алды. 
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл 
бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден 
бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин, 
Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайджанда 
Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты 
мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара 
алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында 
«Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. 
Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат 
құрды.
1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру 
мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік 
кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының 
ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер 
ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін 
меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына 
мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын 
жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже 
бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай 
түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, 
азық-түлік түрлері нашарлады.
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық 
конференцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау 
жасалып, мынадай шешімдер қабылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық 
өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу. 
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге 
реформа енгізу керек болды. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын 
жоспарлаудағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл 
жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау 
құбылыстарын туғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани 
идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым 
мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. 
Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 
1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық 
мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте 
отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. 
Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия 
басшысы Д. Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге 
жол берді. Д. Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында 
табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі 
әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайлы 
қарады.
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының I 
съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешелігі съезде саясаттағы, экономикадағы 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір 
сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың 
себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық 
және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы 
тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айырыла 
бастады. М. Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. 
Соломенцев қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, 
кәсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды.
КСРО халық депутаттарының І съезінде жаңа одақтық келісім 
шарттарды жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда 
егемендік 
туралы 
декларация 
қабылданды 
(Балтық 
жағалауы 
республикалары, Украина, Қырғызстан).
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы 
Декларация жариялады. КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге 
қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі 
олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін 
жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл 
кеңес жүйесіне берілген өте ірі соққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның 
болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете 
берді.
2. 
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері 
мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік 
саясат қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.
Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан 
Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда 
Г.П. Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған 
Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына 
бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған 
Г.В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл 
пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған 
саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін 
бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси 
сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ 
болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. 
Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін 
тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату 
мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери 
күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. 
Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі 
әскер бөлімдері әкелінді.
Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын 
машиналар, сойылдар сынды қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың 
қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма 
қарады.
Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу 
камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. 
Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.
Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, 
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар 
жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде 
айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін 
бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам 
комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды, 
жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент 
оқудан шығарылды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау 
және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан 
құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 
9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП 
ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының 
көрінісі» деп бағалады.
Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия 
желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық 
депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов 
желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет 
мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам 
болды.
3. 
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына 
байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың 
көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық 
қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сүлейменов болды. 
Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа 
полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. 
Қозғалыс төрағасы - О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың 
бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. 
Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың 
зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет 
назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты 
ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу 
болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», 
«Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты 
Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық 
«Единство» 
қозғалысы 
құрылды. 
Қозғалысқа 
ғылыми-техникалық 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. 
Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар 
кірді.
1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар 
өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан 
социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден 
аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси 
қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси 
қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ 
тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен 
белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 
жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған 
Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп саяси күш 
болды.
Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі 
күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 
1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан 
шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.
90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің 
жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 
қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 
жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ 
халқының 
ұлттық 
мүддесімен 
санаспағандықтың 
дәлелі. 
«Азат», 
«Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы 
шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған 
қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез-
келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке 
айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет