Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата29.01.2017
өлшемі5,73 Mb.
#2947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

 
 
 
 
 

35 
БАЛАЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
Мақсаты 
Балалар философиясы балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл 
және  бірлесіп  ойлауға  ынталандыруға  бағытталған.  Бұл  әдіс  мұғалімге  қатысушылар 
сұрақтарды  өздері  құрастырып,  өздері  қоятын  және  «қалай  оқу  керектігін  үйренетін» 
«зерттеушілер қоғамдастығын» құруға көмектеседі.  
Сыныпты жоспарлау 
Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір 
зат алыңыз (мысалы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған  ынталандыру материалдарын 
орналастырыңыз.  
Жұмыс алгоритмі 
Мұғалім  тақырыппен  таныстырып,  үдерісті  түсіндіреді.  Оқушыларға  ынталандыру 
материалдарын  толығымен  қарауға  бірнеше  минут  беру  керек.  Оқушылар  шеңберге 
оралғанда, тақырыпқа/пәнге қатысты жауап алғылары келетін сұрақтарды ойластыру  үшін, 
оларға бір-екі минут беріледі. Сұрақтарын құрастырып болған соң, оқушылар пікір алмасып, 
талқыланатын мәселеге қатысты бір тоқтамға келу үшін дауыс береді. Мұғалім сұрақтарды 
дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз 
ету  үшін  топпен бірге әрекет ете отырып, үйлестіруші ретінде қатысады. 
 
 
 
 
 

36 
ТЫҢДАП ОТЫРҒАН ҮШТІК 
 
Мақсаты
Ақпарат  алу,  терминдерді  түсінуді  дамыту,  алынған  ақпаратты  өңдеу  және  талдау 
дағдыларын,  бақылаушы  рөлі  арқылы  өзінің  іс-әрекеттеріне  талдау  жасау  дағдыларын 
дамытуға бағытталған тәсіл. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге, ал біреуі олардың қарсысында сәл алшақта 
– сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.  
 
Жұмыс алгоритмі 
Оқушылар  үш  адамнан  тұратын  топта  жұмыс  істейді.  Топтағы  бір  оқушы  –  шешен, 
біреуі  – тілші  және  үшіншісі  – хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені  айтады, сұрақты 
түсіндіреді    немесе  пікірін  білдіреді.  Тілші  көмектесіп  айтып  отырады  және    түсініктеме 
беруді  сұрайды.  Хатшы  қажетті  жерлерін  түртіп  алып,  әңгіме  соңында  қорытынды  береді. 
Келесі жолы оқушылар рөлдерімен ауысады. 
 
 
 
 
 
 
 

37 
ЕЛШІЛЕР 
 
Мақсаты 
Белсенді тыңдау, шешендік өнер және сөйлеу мәнері, бөлу және өзара байланыс құру. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Бөлмеге 3-4 адамнан тұратын топтарға арналған контейнерлер қойылады.  
 
Жұмыс алгоритмі 
Топтар  тапсырмаларды  орындап  болғаннан  кейін  топтың  бір  адамы  «елші»  болып 
сайланады  да,  зерделенген  материалды  түсіндіру  және  жинақтау,  бұл  туралы  жаңа  топтың 
ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан 
кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір 
сарынды  «баяндама  жасалатын»,  мезі  қылатын  сабақтардан  құтылуға  мүмкіндік  беретін 
тамаша  әдіс.  Сондай-ақ  бұл  әдіс  елшінің  тілді  қолдану  шеберлігін  көрсетеді,  әрі  белсенді 
тыңдаушылар тобын қалыптастырады.  
 
 
 
 

38 
ДЖИГСО 
 
Жалпы сипаттама 
Бірқатар  сұрақтармен  жұмыс  істеудің  құрылымдық  әдісі,  сонымен  қатар  ұжымдық 
жұмысқа ықпал етеді.  
 
Сыныпты жоспарлау 
3-4 адамнан тұратын топтарға арналған контейнерлер бөлме ішінде қойылады.  
 
Жұмыс алгоритмі 
«Джигсо»  әдісінің артықшылығы  – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, 
сөйлеу және тыңдау дағдыларын  дамытуды қамтамасыз ететіндігі. 
 
•  Мұғалім  сыныпты  шағын  топтарға  бөледі  (әдетте,  төрт  адамнан).  Мұғалім  оларды 
сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап 
бөледі.  
•  Құрылған  әр  топқа  дәстүрлі  тапсырма  беріледі.  Тапсырма  үлестірме  материалдар 
түрінде  таратылады.  Күрделілігі  бойынша  оқуға  арналған  материалдің  тиісті  күрделілік 
деңгейі  сақталуы  керек.  Егер  топ  төрт  адамнан  тұратын  болса,  басты  тапсырманың  ішінде 
топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе төрт тапсырма болады. Сұрақтар немесе 
тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. 
•  Нақты  бір  сұрақты  немесе  тапсырманы  таңдаған  оқушылардың  барлығы  Сарапшы 
топ деп аталатын жаңа топ құрып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін  бірлесіп жұмыс 
істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» 
өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы 
болып қалыптасады.  
•  Оқушылар  бастапқы  топтарына  қайтып  оралады.  Материалдар  таратылады  да, 
бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық  қорытынды шығару немесе жеке 
тапсырма  болуы  мүмкін.  Бұл  тапсырманың  көздегені:  тапсырманы  сәтті  аяқтау  үшін 
оқушылар  әрқайсысының  сарапшы  топта  болған  кезде  алған  мәліметтерін  ескере  отырып, 
бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету.  
 
 
 
 
 

39 
ҚҰНДЫЛЫҚТАР СПЕКТРІ 
 
Мақсаты 
Пікір  білдіру,  құндылықтарды  көрсету,  пікірлердің  айырмашылығын  талқылау, 
қоғамдық талқылауға қатысу.  
 
Сыныпты жоспарлау 
Көзқарас, пікірлер ауқымын көрсету үшін екі жағында қарама-қарсы пікірді білдіретін 
стрелкалары бар жіпті немесе бауды пайдаланыңыз. 
 
Жұмыс алгоритмі 
Оқушылар  немесе  оқушылардан  құрылған  топтар  айтылған  пікірмен  қаншалықты 
келісетіндігін  айта  отырып,  оған  қатысты  өз  ойларымен  бөліседі.  Бұны  жүзеге  асырудың 
тәсілдері  өте  көп:  оқушылардан  олардың  өз  пікірлерін  көрсететін  сызықтың  нүктелеріне 
келіп  тұруды  өтінуге  болады  немесе  олар  айтылғанды  алдымен  топ  ішінде  талқылайды  да, 
содан  кейін  топтан  бір  оқушы  шығып  өз  тобының  ұстанымын  түсіндіре  отырып,  тобының 
белгі/карточкасын  сызықтың  бойына  орналастырады.  Бұл  –  бір  сұрақтың  әртүрлі 
жауаптарын  салыстырып,  пікірлер  арасындағы  алшақтықты  анықтауға  арналған  өте  жақсы 
әдіс. 
(
http://www.at
‐ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc) 
 
Көбірек мына жерден білуге болады: 
http://www.english
teaching.co.uk/learninglearning/valuecon>nuumpg.pdf
 
 
 
 
 
 
 
 

40 
АЛТЫН БАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АКВАРИУМ 
 
Жалпы сипаттама 
Идеяларды команда болып ұсынуға, логикалық,  сараптамалық сұрақтарды дамытуға, 
пікір алмасуға мүмкіндік береді.  
 
Сыныпты жоспарлау 
Топқа  арналған  орындықтар  ортада,  сыныптың  қалған  бөлігі  тыңдаушылар  ретінде 
отырады.  
 
Жұмыс алгоритмі  
Бір  топтың  барлық  сынып  алдында  өз  пікірін  білдіргені  болмаса,  қалған  жағдайда 
«Ыстық  орындық»  әдісі  сияқты.  Олар  алтын    балыққа    арналған    аквариумда  «отырады», 
басқалары  оларға сұрақ  қойып,  түсініктеме беруді талап ете  алады және т.б. 
 
 
 
Көбірек білу үшін 
http://www.xpday.org/session_formats/goldfish_bowl
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

41 
АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ 
 
Жалпы сипаттама 
Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін 
ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Нақты ештеңе қажет емес. 
 
Жұмыс алгоритмі 
Алты  қалпақтың  әрқайсысы  ойлаудың  түрлі  элементтерін,  аспектілерін  білдіреді. 
Оқушыларға  қалпақ  беріледі  (рас  қалпақ  немесе  ойдан  шығарылған)  де,  олардан  мәселені 
талқылау  барысында  барлық  ой  операцияларын  (ойлану,  талдау  т.б.)  осы  қалпақтың  түсіне 
сәйкес  келетін  шекте  жүргізу  сұралады.  Бұл  әдістің  көздегені:  осылайша  мәселенің  немесе 
ойдың  барлық  аспектілерін  қамтитын  карта  жасау.  Сынып  топтарға  бөлініп,  бір  топқа  бір 
түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.  
 
Ақылдың алты қалпағы  (Де Боно) 
 
Ақ қалпақ: деректер мен шынайы ақпаратқа негізделген бейтарап ұстаным 
 
Қызыл  қалпақ:  болжам,  интуиция,  ішкі  сезімдерге  негізделген  эмоциялық 
ұстаным 
 
Қара  қалпақ:  «кері»  (негатив)  дәйектеуге  негізделген  сыни,  сараптамалық 
ұстаным 
 
Сары  қалпақ:  болашаққа  сенімге,  жағымды  (позитивтік)  дәйектеуге 
негізделген оптимистік ұстаным 
 
Жасыл  қалпақ:  келешекті,  өсу  мүмкіндіктері  мен  жаңа  идеяларды 
анықтайтын креативті ұстаным 
 
Көк  қалпақ:  жоспарлы  әрекет,  нақты  ұйымдастыру,  бақылау  мен  міндетті 
түрде шешім қабылдауды көздейтін салқынқанды ұстаным. 
 
 
 
 
 

42 
ЕРКІН ӘҢГІМЕ  
 
Жалпы сипаттама 
Оқушының 
жауапкершілігін, 
көшбасшылығын 
ынталандырып, 
мұғалімнің 
материалды қайтадан пайдалануын болдырмауды көздейтін әдіс. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Топтар немесе барлық сынып, шеңбер, үстел мен орындықтар. 
 
Жұмыс алгоритмі 
Бұны  шағын  топта,  сондай-ақ  бүкіл  сыныппен  орындауға  болады.  Құрылымы 
болмағандықтан, бұндай  әңгіме барысында оқушыларға көмек керек болуы мүмкін. Көмекті 
мұғалім  көрсете  алады,  бірақ  жұмыс  топтарда  жүрсе,  мұғалім  барлық  топқа  үлгермеуі 
мүмкін.  Аталған  мәселені  шешудің  тағы  бір  жолы:  бір  оқушыдан  көмекші  болуды  сұрауға 
болады, бұл техника оқушылар мұғалімнің өзін қалай ұстауы қажеттігі туралы тәжірибеден 
өткеннен кейін, олармен осы рөлдің негізгі аспектілерін талқылауға мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
 

43 
ТІКЕЛЕЙ  РАДИОЭФИР 
 
Жалпы сипаттама 
Оқушылардың  бойында  белсенді  тыңдау,  көптеген  талқылау  дағдыларын  дамытуға 
ықпал етуге бағытталған әдіс. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Радио  жүргізуші-мұғалім  (немесе  оқушы)  төрт  қонақты  (оқушылар)  және 
аудиторияны (қалған оқушылар) қарсы  алады. 
 
Жұмыс алгоритмі 
Радио  жүргізушісі  талқыланатын  тақырыпты  таңдайды.  Студия  қонақтарына  (төрт 
оқушыға) рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар 
аудиториясы  (сыныптағы  оқушылар)  баға  береді,  сұрақ  қою  үшін  «қоңырау  шалады», 
ескертпелер  жасайды және т.б.  
 
 
 
 
 
 

44 
СҰРАҚТАР ШЕҢБЕРІ 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл әдіс оқушылар бойында идея білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, 
сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Жылжымалы орындықтар. 
 
Жұмыс алгоритмі 
Бұл  әдіс  бойынша  оқушылар  кезектесіп  сөз  сөйлейді.  Оқушылар  төрт  немес  бес 
адамнан  тұратын  топ  құрайды.  Оқушыларға  тақырып  және  ол  бойынша  ой  жинақтау  үшін 
бірнеше  минут  беріңіз.  Содан  кейін  талқылау  басталады,  әр  оқушыға  үздіксіз  сөз  сөйлеу 
үшін үш минутке дейін (немесе өзге  уақытты таңдаңыз) уақыт беріледі. Бұл уақытта ешкім 
еш нәрсе айта алмайды. 
Әрқайсысы  бір  рет  сөз  сөйлегеннен  кейін  жалпы  әңгіме  жүргізу  мақсатында  шағын 
топтар  шеңберінде  сөз  беріңіз.  Бұл  кезеңде  оқушылардың  өзінің  жеке  идеяларын  емес, 
біреудің  айтқандарын  негізге  ала  отырып  сөйлеуге  тиіс  екенін  алдын  ала  ескертуді 
ұмытпаңыз,  сонымен  қатар  әңгімені  қорытындылау  кезеңінде  олар  жаңа  идеяларды  енгізе 
алмайтындығын еске салу қажет
 
(Брукфильд және Прескиль, 1999). 
 
http://cte.uwaterloo.ca/teaching_resources/teaching_>ps/Other/gw_types_of_small_groups.pdf.pdf
 
 
 
 
 
 
 

45 
СТИКЕРДЕГІ ДИАЛОГ 
 
Жалпы сипаттама 
Көпшілік  алдында  «сөз  сөйлеу»  қажеттілігі  жоқ  ашық  пікірталас  жүргізу  арқылы 
визуалды,  кинестетикалық  және  тыңдау  аспектілерін  дамытудағы  тиімді  әдістердің  бірі. 
Талқылауға арналған маңызды тақырыптың болғаны жақсы. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Әр оқушыға стикерлер, жүріп-тұруға арналған орын қажет. 
Жұмыс алгоритмі 
Бұл  әдісті  қолданудың  әртүрлі  жолдары  бар.  Айталық:  қабырғаға  немесе  тақтаға 
пікірлер  немесе  сұрақтар  жазылған  бірнеше  түрлі-түсті  қағаз  ілінеді,  болмаса  оларды 
үстелдің  үстіне  қоюға  болады.  Оқушылар  оларды  оқып,  стикерлерге  өз  ойларын  жазып 
қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді 
немесе  ол  жөніндегі  өз  ойларымен  бөлісіп,  талқылап,  стикерге  өз  ойларын  жазады,  кейін 
пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін/эмоцияларын білдіре алады. 
 
 
 
 
 
 

46 
АЙНАЛМАЛЫ БЕКЕТТЕР 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдіс  оқушылардың  өзгелердің  идеясына  сүйеніп,  проблеманы  немесе  мәселені 
толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап 
етеді. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Бөлмеге  индикаторлары,  түрлі-түсті  қағаз  және  қаламдар  бар  бірқатар  бекеттер  қою 
керек  (немесе  әр  топқа  әр  түсті  қалам  беріңіз,  осылайша  кім  қандай  үлес  қосқанын  көре 
аласыз). 
 
Жұмыс алгоритмі 
Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы 
талқылап,  өз  идеяларын  газетке  немесе  тақтаға  жазу  үшін  10  минут  уақыт  беріледі.  Уақыт 
аяқталғаннан  кейін  топтар  кабинеттегі  жаңа  бекеттерге  көшеді,  ол  бекетте  бұған  дейін 
болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар 
бекеттердің  барлығын    өтіп,  өзге  топтардың  түсініктемелерін  қарастырып  болғанша  әр  10 
минут сайын  топтар бекеттерін ауыстырып отырады. 

http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm

 
 
 
 
 
 

47 
ОЙЛАН – ЖҰПТАС – БӨЛІС 
 
Жалпы сипаттама 
Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Нақты еш нәрсе қажет емес.  
 
Жұмыс алгоритмі 
Төмендегіні қараңыз 
 
Көбірек білу үшін 
http://www.eazhull.org.uk/nlc/think,_pair,_share.htm
 қараңыз
 
 
 
 
 
 
 
 

48 
ҮШ ҚАДАМДЫҚ СҰХБАТ 
 
Мақсаты: 
Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Сыныптағы  оқушылар  шағын  топтарға  бөлінеді.  Сыныпта  шағын  топтармен  жұмыс 
істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек. 
 
Жұмыс алгоритмі 
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.  
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.  
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады. 
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде  бөліседі. 
 
 ( 
http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm

 
 
 
 
 
 

49 
ЖҰДЫРЫҚ-АЛАҚАН 
Қалыптастырылатын дағдылар: 
- өзін өзі басқару. 
 
Жалпы сипаттама 
Осы әдіс оқушыларда сабақтың немесе тоқсанның соңында күтілетін нәтижелерге қол 
жеткізгендігіне  қаншалықты  сенімді  екендіктерін  бағалау  дағдыларын  қалыптастыруға 
бағытталған.  Бұл  сондай-ақ  оқушылардың  мұғалім  жаңа  ғана  қойған  сұрақтың  жауабын 
білетіндіктеріне қаншалықты сенімді екендіктерін білдіретін құрал ретінде де қолданылады. 
Сонымен қатар оқушыларға өз оқулары туралы ойлануды ұсынатын тапсырма ретінде «Бас 
бармақты» қарауды ұсынамыз.  
 
Жұмыс алгоритмі 
1.  Тоқсанның  соңында  оқушылардан  олардың  мақсаттарға  қол  жеткізгендігіне 
қаншалықты  сенімді  екендіктерін  сұрау  қажет.  Жауап  ретінде  қолдарымен  үш  түрлі  белгі 
бере алады:  
- егер олар мақсаттарға және күтілген нәтижелерге қол жеткізгендігіне сенімді болса - 
ашық алақан; 
-  егер  олар  мақсатқа  жартылай  ғана  жетіп,  бірақ  әлі  де  болса  жұмыс  істеу  керек  деп 
санаса - үш саусағын жоғары көтереді; 
- егер олар елеусіз ғана табысқа жеттім немесе мақсатқа жету үшін ештеңе істемедім 
деп есептесе – жұдырығын көрсетеді.  
2.  Егер  осы  әдіс  сабақ  барысында  мұғалімнің  нақты  сұрағына  жауап  ретінде 
пайдаланылса,  онда  мынадай  қимылдарды  қолдануға  болады:  егер  олар  жауапты 
білетіндігіне сенімді болса – ашық алақан; егер олар жауаптың бір бөлігін ғана білетін болса 
немесе  өз  жауабының  дұрыстығына  толық  сенімді  болмағанда  -  үш  саусақты  жоғары 
көтереді; егер олар жауапты білмеген жағдайда – жұдырығын көрсетеді. 
3. Егер осы әдіс тоқсанның соңында  пайдаланылатын болса,  жауап алу барысында 
мақсатқа қалай қол жеткізгендігін, оқушылардың тағы неге қол жеткізгісі келетіндерін және 
оған  қалай  кірісетіндерін,  мақсатқа  жетуге  не  бөгет  болатындығын  және  болашақта  оларға 
осындай кедергілерді қалай  болғызбауға болатынын анықтауға болады. 
 
 
 
 

50 
БББ (Білемін – Білгім келеді – Білдім)  
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 
- ақпаратты басқару; 
- өзін өзі басқару. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдіс  оқушылардың  өздерінің  қазіргі  білім  деңгейін,  оларда  қандай  олқылықтар 
бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға 
және  зерттеуден  кейін  қандай  жаңа  ақпарат  зерделенгенін  талдауға  арналған  стратегия 
ретінде пайдаланылады. Бұл әдіс игерілген білімге негізделеді және командалық жұмыс пен 
қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. 
 
Жұмыс алгоритмі 
1.  БББ  кестесіндегі  «Білемін»  бағанына  оқушылар  олардың  белгілі  бір  тақырып 
немесе сұрақ бойынша нені білетінін жазады.  
Егер оқушылар топтарда жұмыс істейтін болса, олар өздерінің бірлескен жауаптарын 
кестеге жазбай тұрып, алдымен «Стикер» тапсырмасын өткізе алады.   
2.  Содан  кейін  оқушылар  «Білгім  келеді»  бағанына  не  білгілері  келетіндігі  туралы 
жаза отырып, өз білімдеріндегі олқылықтар туралы ойланады. 
3. Тақырыпты меңгеру үдерісі аяқталғаннан кейін оқушылар соңғы «Білдім» бағанын 
толтырады.  Бұл  жерде  олар  бірінші  екі  бағанның  дұрыстығын  растайды  және  тақырып 
бойынша  алған  білімдерін  өздерінің  бұған  дейін  болған,  «Білемін»  бағанында  жазылған 
білімдерімен салыстырады.  
 
Тақырып: Танзания 
Білемін 
Білгім келеді 
Білдім 

 
Дамушы ел; 

 
Масай тайпалары; 

 
Килиманджаро тауы; 

 
санитарлық қызметтердің 
жетіспеушілігі; 

 
Сафари. 

 
мектептер туралы; 

 
импорт/экспорт; 

 
ең төмен күнкөріс деңгейі; 

 
тайпалық тұрмыс; 

 
басқа географиялық 
пайдалы объектілер. 

 
тайпалық тұрмыс мал 
өсіруге және 
жаугершілікке 
негізделген;  

 
Нгоронгоро кратері. 
 
 
 
 

51 
Қалай оқу керектігін үйрену жөніндегі сынып сабақтары 
 
Бұл  бөлімде  Уоткинс  бірнеше  автормен  (2000)  бірлесіп  ұсынған  сабақтар 
жинақталған. Қалай оқу керектігін үйренуге  басты назар аударылған. Мақсаты оқушыларға 
зерделеуге, ойлануға және оқыту үдерістері туралы білуге көмектесу болып табылады. 
Бұл сабақтарға негіз болған оқушылар мен оқыту қағидаттары төменде берілген: 
1.
 
Табысты  оқушы  –  оқумен  байланысты  үдерістерді  түсінетін  және
  осы  түсініктерін 
оқу барысында кеңінен қолдана алатын бала. 
2.
 
Тиімді оқытуға жататын үдерістер: 
• түрлі мәнмәтіндерде зерделенген мәселелер арасында байланыс орнату; 
 • басқа біреудің өз бетінше оқуы және оқу стратегиялары туралы ойлар; 
• оқу үдерісін тиімді ету үшін оқыту жағдайлары қандай рөл атқарғандығы туралы зерделеу; 
• оқытудың алдағы мақсаттарын белгілеу;  
• оқу кезінде өзгелермен жұмыс істеу.  
 
Оқушының оқуға деген жалпы бейімділігін дамытуға бағытталғандықтан, бұл тарауда 
сөз болатын әдістер белгілі бір пәндік салаға қатысты емес, олар оқыту үдерістері мен түрлі 
жағдайларда  оқу  туралы  түсінік  қалыптастыруға  арналған.  Бұл  тараудың  көздеген  мақсаты 
түрлі  жағдайларда  оқушыларды  оқытуды  жақсарту  болып  табылады.  Олар  оқушылар  мен 
мұғалімдерге ыңғайлы болу үшін әзірленген, мұғалімдер бұл әдістерді орта және кіші буын 
оқушыларына қолдана алады, бірақ бастауыш сынып оқушыларына пайдалану үшін біршама 
жетілдірілуі қажет. 
Тиімді оқытуды жоспарлау кезінде тапсырмалар мен үдерістер  
• белсенді тыңдауға; 
• бірлесіп оқуға; 
• оқу нәтижесі үшін жауапкершілік алуға; 
• оқу туралы білім алуға ықпал етуі тиіс. 
Осыған қол жеткізу үшін сабақтар оқыту циклінің кезеңдері бойынша құрылған: 
Орындау 
Оқушылар  ойлануды,  өзара  бірлесіп  әрекет  етуді  және  ұжымдық  жұмысты 
талап ететін түрлі тапсырмаларға тартылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет