Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі45,32 Kb.
#13138
1   2   3
Қорытынды

Бiлiм беру ұйымдарының қызметiнiң нормативтi базасына, ең алдымен

оқушылардың қорытынды аттестациясы, бiлiм беру ұйымдары мен

кадрларды аттестациялау жөнiндегi құжаттарға өзгерiстер енгiзiлуi керек. Әрине, жалпы компетенттiлiктi әдiс-тәсiлдердi тәжірбиеге жаппай енгiзудiң қажеттi шарты жаңа буын оқу бағдарламалары мен құзыреттілікке

бағдарланған тапсырмалар қамтылған оқу құралдары.

Оқыту нәтижелерiн өлшеу құралдары ретiнде тапсырмаларды құрастыру мәселесi бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау нәтижелерi бұл мәселенiң жаңа екендiгiн көрсеттi, және көптеген ғалымдар осы проблеманы шешудiң басқа әдiс-тәсiлдерiн ұсынады.

Зерттеу жұмыстарымызда құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды құрастыру бойынша авторлардың пiкiрлерiн талдауға тырыстық және Ресей мен Қазақстан ғалымдарының осы мәселенi шешу бойынша қорытындыларына мазмұндық сипаттама бердiк. Мысал ретiнде отандық ғалымдар жасаған, құрастырған тапсырмаларды қарастырдық.

Олардың жинақтаған тәжiрибелерiне сүйене отырып, оқыту нәтижелерiн өлшеу үшiн құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар жүйесiн жобалау үдерiсiн сипаттама беруге тырыстық.

Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалдарды құрастыру үшiн жанжақты бiлiмнiң, оқу пәндерiн интеграциялау бойынша терең бiлiмнiң қажеттiлiгiн ескерген жөн.

Осы берiлiп отырған материалдар педагогика саласындағы зерттеушiлерге, мектепте бiлiм берудi ұйымдастырушыларға, педагогпрактиктерге заманауи мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын жетiлдiруде әдiстемелiк көмек бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет